Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Студент-Түлек-Маман» атты республикалық форум өтті. Форумға ЖОО білім алушылары, оқытушылары, НЗМ мұғалімдері, білім беру мекемелері мен өндіріс орындарының өкілдері сонымен қатар университет түлектері қатысты. Форум болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуының кепілі ретіндегі сапалы білім, өз бетінше ізденіс, ғылыми-зерттеу жобалары, тәжірибе тәлімдері, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, жаңашылдық пен креативтік деңгейлерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Жастар сарайындағы оқу орнының студенттік парламентімен ұйымдастырылған бағдарламада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің білім алушылары түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтар иеленді, фильм тамашалап форумға қызығушылықтары арта түсті. 

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan Aktobe 2019» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ашылу салтанаты өтті. «Worldskills Kazakhstan Aktobe 2019» салтанатын колледж директоры Ералы Нұрғалиев ашып, қонақтар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас сарапшы Наталья Каюдина қатысушыларға сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатында «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ІІ курс Р-205 топ студенті Киндсфатор Марианна жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 2-сәуір күні «Педагогикалық жетістік-үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбыдандағы мамандық онкүндігі аясын «Тәсіл негізі-тәжірибе»тақырыбында кіріктірмелі ашық сабақ өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Педагогика және психология», «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында педагогика пәні оқытушылары Тулегенова Алтыншаш Мухтаровна, Бурибаева Назира Дуйсенбаевна, Булебаева Райгүл Тынышбаевнаның ұйымдастыруымен өзара тәжірибе алмаса отырып, ынтымақтастықты арттыру, педагог кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді бірлесе отырып талқылау мақсатында «Педагог кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер және мұғалім мәртебесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

2019 жылдың 05 сәуірінде Ақтөбе гуманитарлық колледжінің әдістемелік бөлім жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық білім басқармасы және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлескен «Қоғам талабы - жаңашылдықта»тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мамандарына арналған семинар-практикум өтті. Семинарға аудан және қала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 09 Сәуір 2019 11:03

«Сырнай сазы-2019»

«Сырнай сазы-2019» байқауы Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні «Педагогика және психология» мен «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбындағы мамандық онкүндігі жоспарына сәйкес музыка пәнінің оқытушылары Сайрагүл Кушкинбаева және Тұрар Телмағанбетовтың ұйымдастыруымен «Сырнай сазы-2019» байқауы өткізілді. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сейсенбі, 09 Сәуір 2019 10:49

«Жас пианист-2019»

«Жас пианист-2019» байқауы Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Педагогика және психология» мен «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбындағы мамандық онкүндігі жоспарына сәйкес фортепиано пәнінің оқытушылары Жулдыз Ибраева және Замзагуль Умурзакованың ұйымдастыруымен «Жас пианист-2019» байқауы өткізілді. 

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 1 сәуір күні Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуроры мен Ақтөбе облысының білім басқармасының бекіткен Ақтөбе қаласындағы техникалық, кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатындағы кездесулер кестесіне сәйкес дөңгелек үстел өтті. 

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе облысының намысын қорғаған Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Феномен" Жайдарман құрамасы Алматыда өткен Республикалық Жайдарман Супер Лигасының 1/8 ойындарында тамаша өнер көрсетіп келесі кезеңге жолдама алды және үздік ондық қатарына енді!!! 

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 37 of 47
  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Қалдыбай Аяулым
    Ктх-205

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс