"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасын қолдау мақсатында "Мектеп кітапханаларында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары"облыстық вебинар
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында "Өрлеу" БАҰО Ақтөбе филиалында облыс кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасын қолдау мақсатында "Мектеп кітапханаларында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында онлайн форматта облыстық вебинарда бас қосты. Вебинар жұмысы барысында «2020-2025 жылдарға арналған Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөніндегі Жол картасының міндеттері, мектеп кітапханаларында оқушылардың кітап оқу дағдысын жетілдіру, кітапханашылардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Вебинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Даулеткалиева Гулмирам Косымовна«Онлайн – режимінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін – идеялар» тақырыбында білім алушыларын кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін, қашықтықтан өткізілетін көпшілік шаралардың түрлерімен таныстырып өтті.
Мұндай жаңалықтарды талқылап, болащақ кітапханашылар даярлайтын Ақтөбе гуманитарлық колледжі үшін маңызды болып табылады.
12.02.2021 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Музыкалық аспаптар» оқу-әдістемелік бірлестігінің «Шығармашылық ізденіс және кәсіби даму» тақырыбындағы мамандық онкүндігі аясында «Ән жұмбақ» сайысы өтті. Оқытушы Тұрар Боранбайұлы Телмағанбетов интеллектуалды-зияткерлік сайысты «Сб-115»- топ студенттерімен ұйымдастырды. Аталған сайыс мақсаты – 1-курс білім алушыларының есту және сезу арқылы музыкалық қабілеттерін жетілдіру және таным, білім деңгейлерін нығайту.
Сайыс үш кезең бойынша жоспарланып, музыкалық аспапта да ойнау жұмысы кірістірілді.
Сайысты өткізу барысында оқытушы жаңа технологияларды қолдана отырып, студенттердің ойлау, сезу қабілеттерін оята білді. Білім алушылар белсенділік танытып, сайысқа қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.
Ағымдағы жылдың 12 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген «Рухани құндылықтар (саз және би) принципі негізінде оқытудың әдістері» тақырыбындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ІІ аймақтық дәстүрлі әдістемелік семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжі әкімшілік мүшелері мен оқытушылары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Университетпен әлеуметтік серіктес ретінде соңғы жылдары ғылыми байланысты нығайту жұмыстарымен өзара іс-тәжірибе алу мақсатында директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна конференцияға және секция жұмысынадағы шеберлік-кластарға белсене қатысты.
Колледжінің хор жетекшісі Куспанов Мербол Оразбекұлы «Хор және хормен жұмыс жасау практикумы пәніндегі дауыс жаттығуларының қолдануы» тақырыбында шеберлік-класта хормен жұмыс жасаудың түрлі техникаларын ұсынып, жұмыс соңында университет студенттерімен хор жұмысының нәтижесін көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Шумакова Шолпан Ахметовна «Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылқтарын қалыптастыру» тақырыбында мәдени-ағарту жұмысы жөніндегі іс-тәжірибесімен, музыка пәні оқытушысы Дюсова Шаттык Доскайровна «Дидактикалық ойын – рухани даму кепілі» тренингінің жаңаша әдіс-тәсілдерін үлгілеп, семинар қатысушыларының қызығушылығын оятты.
Әдістемелік семинар қорытындысы бойынша колледж басшысы Ералы Ғұбайұлына Алғыс хат және белсене қатысқан оқытушыларға Алғыс хат, сертификат табысталды.
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында БК -215 топ студенттерімен бірлесе мұзбалақ ақын, жыр жүйрігі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Мұқағали – жыр дүлдүлі» тақырыбында онлайн әдеби- сазды кеш өтті.
Шара мақсаты - қазақ поэзиясының ақиық ақыны, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жырлайтын Мұқағали мұрасы, поэзиясымен танысу, поэзияға деген құшталығын артыру.
БК-215, ҚТ -205, ҚТ -115, ҚТ -105, СБ-405, СБ-205 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Кешке қатысқан оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері, кеш соңында ақын шығармашылығын зерттеушілерге, оқырмандарға арнап кітапхана меңгерушісі дайындаған «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.
Кеш барысында колледждің жас ақындары ақынға арнау өлеңдерін оқыды.
10.02.21 жылы «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау» бойынша пилоттық жобаны іске асыратын колледж студенттері арасындағы «Адамгершілік -рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға 350-ге жуық колледж студенттері қатысты. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ІІ курс студенті Ордабаева Аңсаған Мирболатқызы (жетекшісі география пәні оқытушысы Кабира Туремуратовна Ниетбаева) «Адам экологиясы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны» тақырыбында баяндамасымен қатысты. Білім алушы жаратылыстану ғылым негіздерін болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен интеграциялау бағытындағы зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Семинар барысында жасалған баяндама аталған бағдарламаның болашақ мамандар үшін маңызы мен өміршеңдігін айқын аңғартты. Семинар соңында өз баяндамаларымен қатысқан спикерлерге сертификат табысталды.
Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасының оқу залында Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында онлайн әдеби сазды кеш өтті.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
ҚТ-115, ШТ-106, БК -101 топ студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақын өлеңіне жазылған әндерді орындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.
Студенттермен кері байланыс жасалып, ақының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Қатысушы әріптестер тарапынан шараның ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып өз ризашылықтарын білдірді.
05.02.2021ж. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының «Шт-105» тобында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен Айнұр Әбдіқалаққызының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқытушы «Уақыт тізбегі», «Қос жазба күнделігі», «Романның композициялық құрылымы, «Кейіпкер портреті», «Жетістік баспалдағы» т.б. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін шеберлікпен қолдана білді.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының, «Қайтқанда» бөлімін аудиотаспа арқылы тыңдатып, талдау жасатып, шығарманың мазмұнын аша білді.Романда кездесетін таныс емес сөздермен сөздік жұмысы жүргізілді. Романның композициялық құрылымына талдау жұмысы жүргізілді. Білім алушылар шығарманың басталуы мен оқиға байланысын ашуда алған білімдерін орынды көрсете білді. Сонымен қатар Абай мен Барластың портретін аша отырып, дәлелдеме жасады. Кері байланыс уақытында өздерінің бүгінгі сабақты өз ойларын білдірді.Сабаққа студенттердің белсенділігі жоғары деңгейде болды. Оқытушы А.Ә.Қартанованың бүгінгі сабағы өз мақсатына жетті.
Студенттерге мәдени - білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында колледжде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен пікірсайыс ұйымдастырылды.
#Ақтөбеұшқыройалаңы
#Мемлекеттікрәміздер
#Тәуелсіздікнышаны
#ТУ
2020 жылғы 6 ақпан күні «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында колледждің барлық оқу топтарында «Мейірімділік-бұл жанның айнасы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Студенттерді адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді өз бойларында қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарына топ жетекшілері мен студенттер белсене қатысты.
2020 жылғы 6 ақпан күні «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында колледждің барлық оқу топтарында «Мейірімділік-бұл жанның айнасы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Студенттерді адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді өз бойларында қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарына топ жетекшілері мен студенттер белсене қатысты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігі мамандық онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 05 ақпан күні «Бастауыш білім беру» мамандығының «ШТ-205»- тобында «Қазақ әдебиеті» пәнінен Адилова Жайнагүл Мустафина «Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытушы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі туралы баяндап, бейнежазба арқылы туған жері, өзінің естелігі көрсетілді. Атақты қаламгердің шығармашылығын жоспар бойынша топ студенттері өз беттерімен топта жұмыс жасау арқылы меңгерді. «Өзіңізді анықтаңыз» тренингін, «ДЖИГСО-1», Quizizz.com тест, Jamboard тақтасын, т.б оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолданды.
«Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ тест жұмыстарымен бекітілді.
Оқытушы Ж.М.Адилованың өткізген сабағынан әріптестерінің үйренері мол болды.
2021 жылғы 5 ақпан күні колледжде облыстық білім басқармасы жоспарына сәйкес дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының теолог маманы Ильясов Бекжан Куанатұлы және психолог Надиршина Ләззат Халилуллинамен «Жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, студенттік ортада деструктивті идеологияның таралуына жол бермеу» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кеш барысында студенттерге діни адасушылықтың, радикалды идеологияға жол бермеу, сан түрлі ағымдарға үгіттейтін жат діндерге еріп кетуден сақтандыру жөнінде түсіндіріліп, психолог тарапынан қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау, бөгде адамдарға тым сенгіш болмау, өз психикасын басқара алу жөнінде ақыл-кеңестер айтылды.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru