Ақтөбе облысының білім басқармасының Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бастауымен 2018 жылдың 17 қазан күні«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 17қазанында оқытушылар А.Ж.Бөрібай мен А.Б.Курманбекованың ұйымдастыруымен «АКТ-ны кіріктірілген сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында коучинг сабағы өтті.
2018 жылдың 16 қазанында «Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Жас Отан белсенділері Елбасының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен жұмыс сапасын арттыру" атты жолдауыа жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтады. Жастар бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, медициналық қызмет сапасын жақсарту тапсырмаларын қолдап, өз ойларын білдірді.
Хромтау ауданы күндері аясында 2018 жылдың 12 қазан күні Ақтөбе мұнай-газ колледжінің спорт кешенінде волейболдан қыздар арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихатттау, волейбол ойынының кең таралуы, балалар мен жастардың дене тәрбиесі және спортпен үнемі айналысуға қызығушылығын арттыру, спорттық шеберлікті арттыру.
Ақтөбе гуманитарлық коледжінде 2018 жылдың 12 қазан күні жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәуекел тобындағы жастарды ортаға тарту, жастардың ортақ қызығушылығын анықтау мақсатында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығынан теолог Ж.Мирманов, Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушы бөлімі маманы Н.Таңатаров, Ақтөбе ҚІІБ ЗПБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты О.Тулеуованың қатысуымен жатақхана студенттері арасында кездесу өтті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 11 қазанында «Бастауыш сыныптарда критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
2018 жылдың 10 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасына байланысты «Ұлттық идея - ұлттың рухани өзегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
9 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығымен студенттер арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Орталықтан заң маманы Р.Б.Таубаева, әлеуметтік педагог Ы.З.Жақұдолла, психолог Ж.М.Ибадуллаева келіп, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдай орын алған кезде берілетін көмек түрлерін айтып, бейнеролик көрсетті.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru