Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Таңатаров Нұрсейт мырза студент жастарды облысымызда өтетін бастамаларға, іс-шараларға қолдау көрсетуге шақырып, еріктілер тобы және «Жас сақшы» құрамының мақсатымен таныстырды.
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Ж.Мирманов дін туралы айта келе, дінге келу ең бірінші білімділікті талап ететінін және оны білімсіз игеремін деп фанатизмге ұшырап кету, әсіресе жастар арасында жиі кездесетінін жеткізді.
Келесі кезекте Ақтөбе ҚІІБ ЗПБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты О.Тулеуова жастарға құқықтық кеңестер беріп, сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдердің міндеттері мен ата-аналардың жауапкершіліктері жайлы толық айтып өтті.
Колледж студенттері келген қонақтарға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.