Кездесудің мақсаты- Мемлекет басшысының 2018 жылы 5 қазанда жарияланған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау,Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты жастарды рухани адамгершілік қасиеттерге баулу, жастарға патриоттық тәрбие беру.
Ақпараттық кешіміздің қонағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдоллаев Нұртаза Ақишанұлы жолдаудағы бөлімдерге тоқтала отырып, жастардың тынбайеңбектеніп, белсенділік танытуы керегін айтты.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ескалиев Самат Амангелдіұлыәр жолдаудың өзіндік жауапкершілігіне тоқталып, биылғы жолдауосы уақытқа дейінгі жолдаулардың жалғасы, бастаған қадамымызды жалғастыруымыз керек және жаңа заманнан қалыспауға шақырды.
«Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.«Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз.Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда.Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады.Сол сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ!» - деген Елбасымыздың жолдауда Қазақстан халқына арнаған сөзімен кешіміз қорытындыланды.