Коучинг сабағының мақсаты: оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын көрсету және білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, үздік ғылыми жетістіктерді пайдалану.
Коучинг сабағы барысында оқытушылар «Коучинг дегенімз не?», мақсатқа жету жолдары туралы өзара пікір алмаса отырып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Топтық жұмыстар коучингке келгенде сіз өзіңізді «кімге? және неге?» теңейтініңіз, «Білікті-жаңашыл мұғалімнің сабағы қандай болу керек?» т.б. негізінде берілді
Қатысушыларға Kahoot ойын платформасы көмегімен тест тапсырмасын құрастыру және оны орындау тәсілдерін көрсете отырып, жүргізді. Коучинг сабағына колледждің оқу-әдістемелік бірлестіктерінен оқытушылар қатынасып, тәжірибе алмасудың тиімді болғанын атап өтті.
Сабақ соңында рефлексия ұйымдастырылды, қатысушыларға ашық микрофон ұсынылып, коучинг сабағы қорытындыланды.