Алматы қаласында ағымдағы жылдың 23-25 наурыз күндері «ҚАЗАҚСТАН ТАЛАНТТАРЫ» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Ұрпағымыз» ІІ Халықаралық балалар мен жастар байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: Талантты мен дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастырып, өнерлерін сынау арқылы үлкен сахыналарға шығуына жол ашу.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні «Педагогика және психология» және «Музыкалық аспаптар» ОӘБ «Педагогикалық жетістік – үйрену мен іздену нәтижесі» тақырыбында мамандық онкүндігінің ашылуы болды. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 30 Наурыз 2019 05:19

«Miss АГК – 2019» 

27 наурыз күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Miss АГК– 2019» әсемдік және сұлулық байқауы өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

Құтты мекен – Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 26-27 наурыз күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 30 Наурыз 2019 04:29

Наурыз - думан

Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері мен ұстаздар қауымы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын қарсы алды. Колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы ұжымды ұлы мерекемен құттықтап, молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тіледі. Оқу ордасында өткен мерекелік концертте ұлттық ән мен биден шашу шашылып, ұлттық салт – дәстүрлер, мерекелік қойылымдар көрсетіліп, көрермендерге наурыз дәмі таратылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 30 Наурыз 2019 04:25

Спорт денсаулық кепілі

2018-2019 оқу жылының қысқы мезгіл уақыт аралығында Мд-101, Бк-101, Р-205,Р-115,Р-305. Бк-201,Бк-301 топ студенттері "Дене тәрбиесі" пәні мұғалімі А.А.Идирисовтың жетекшілігімен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Патон"базасына барып түрлі қысқа спорт түрлерімен шұғылданды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 15 Наурыз 2019 06:38

Ой толғаған дөңгелек үстел

2019 жылдың 13 наурыз күні Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, қаһарман ұлдарының бірі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушылар колледж кітапханасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу- әдістемелік бірлестігінің оқытушысы Жайнагүл Адилова, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен  бірлесе өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 15 Наурыз 2019 06:17

Әнге айналған Сағи жырлары 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу залында Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе лирик, сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай «Әнге айналған Сағи жырлары» әдеби-музыкалық кеш өтті. 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 15 Наурыз 2019 06:11

МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 26-сы ақпаны мен наурыз айының 2-сі күндері аралығында «Мейірімділік жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты-колледждегі аз қамталған және көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға көмек көрсету.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кәсіптік практика бөлімі Шетел тілі пән бірлестігімен бірлесе отырып, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибе базасы болып табылатын Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар коучинг өткізді. Семинардың алғы сөзі колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиеваға беріліп, №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Д.Муханбедиярова «Алғысым шексіз» тренингімен өрбітті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 38 of 47
  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Марченко Людмила
    Бк-301

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс