Ағымдағы жылдың 4-5 желтоқсан күндері Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар өтті. Семинарды «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша филиалының тренері Сарагуль Шаштыгарина өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 5 желттоқсан күні Ақтөбе қаласы Астана ауданы прокуратура бөлімінің аға прокуроры А.Ж. Аманкулова-Нурадинова және Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің ЖПҚ КТІЖ учаскелік полиция капитаны Т.Х.Рахметовпен студенттердің жеке құқықтық нормаларын сақтау және зорлық-зомбылықтың мақсатында алдын-алу мақсатында кездесу өтілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Адал ұрпақ» жобасы аясында және 5 желтоқсан халықаралық волонтерлар күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға колледждің «Leader-Q» еріктілер тобы қатысып, №39 балабақшасы бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Педагогикалық практика барысында студенттер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша алғашқы байқау сабақтарын өткізіп, тәжірибе жинақтады.
2019 жылдың 6 желтоқсанда Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Мәдениет және саз» бөлімі мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының дамуына зор үлесін қосқан аса көрнекті ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл толу қарсаңына арналған “Ұлы халықтың- ұлы Абайы” атты әдеби-музыкалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды өнерге тәрбиелеу, өнер құдіреті арқылы ақынның портретін сомдау.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні қарсаңында колледжде жастарды парасаттылыққа, әділдікке шақыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасының белсенді мүшелерінің қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді.
2018 жылдың 16 қазанында «Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 17қазанында оқытушылар А.Ж.Бөрібай мен А.Б.Курманбекованың ұйымдастыруымен «АКТ-ны кіріктірілген сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында коучинг сабағы өтті.
Ақтөбе облысының білім басқармасының Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бастауымен 2018 жылдың 17 қазан күні«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық дөңгелек үстел өтті.
17 октября 2018 года на базе средней школе № 23 проведен семинар на тему«Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» с участием тренеров филиала Центра педагогического мастерства г.Актобе.
«Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы «Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында 18.10.2018 шетел тілі пәні оқытушысы А.Ж.Мүлкаманова “The most popular Kazakh writers. Synonyms, antonyms, ambiguity of words. Homogeneous members of proposals” тақырыбында ашық сабағын өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 19 қазанында оқытушылар Г.К.Изтлеуова, Ы.О.Сарбасова және Г.А.Садықтың ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім берудегі оқытушының рөлі» тақырыбында коучинг өтті.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru