2019 жылдың 6 желтоқсанда Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Мәдениет және саз» бөлімі мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының дамуына зор үлесін қосқан аса көрнекті ақын Абай Құнанбайұлының 175 жыл толу қарсаңына арналған “Ұлы халықтың- ұлы Абайы” атты әдеби-музыкалық байқау өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың жауһар жырларын ұрпаққа өнеге ету, мол мұрасы арқылы жастарды өнерге тәрбиелеу, өнер құдіреті арқылы ақынның портретін сомдау.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін орындау. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы видеороликтер, театрландырылған көрініс көрсетіліп, хор ұжымы Абай әндерін орындады. Байқауда оза шыққан топ студенттері КТХ-305, КТХ-205, СБ-215, ОД-105, 205, СБ-315 ,СБ-315 студенттері дипломдармен марапатталды.
Байқаудың өтуіне ерекше ат салысқан «Кітапхана ісі» мамандығының студенттеріне колледж әкімшілігі атынан алғыс айтылды.