Олар тәжірибе барысында бастауыш сынып оқушыларын кез келген мазмұнға, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, керекті пікір, ұйғарымды таңдауға, шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйретуге болатынына көз жеткізді. Сондай –ақ колледж студенттері мектептің оқу- тәрбие үдерісіне белсене араласып, тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс шаралар өткізуге ат салысты.
Практика барысында колледждің әдіскер- оқытушылары мен мектептің бастауыш класс мұғалімдері арасында тығыз қарым- қатынас орнығып, бірлескен әдістемелік іс шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі- Ақтөбе қаласының №35 орта мектебінде өткен "Мақсат-білім-білік-іскерлік" семинарында колледж оқытушылары Г.Наменова "Оқыту үдерісіндегі интербелсенді әдіс-тәсілдер", К.Ниетбаева "Бастауыш сыныптағы педогогикалық практика мазмұны", аталған мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жалимова "Жаңартылған білім берудегі диктанттың түрлері" атты тақырыптарда тәжірибе бөлісті. Студенттер де практика барысында жинақтаған тәжірибелерінен панорамалық сабақтар көрсетті. Шара соңында үздік студенттер мектеп тарапынан алғыс хаттармен марапаттады.