Аталған іс-шара басында ұйымдастырушы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен таныстырды. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері туралы түсінік берді.Сондай-ақ семинарда дыбыстап оқу, әріптерден сөздер құрау, жазу, оқу жұмыстарына арналған көптеген практикалық жұмыстар орындалды.Семинарға қатысушылар тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады.Шара соңында қатысушылар қазақ алфавитінің латын графикасына көшуді қолдайтындарын білдірді.