Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 10:02

Дін,құқық,жастар

Ақтөбе гуманитарлық коледжінде 2018 жылдың 12 қазан күні  жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, тәуекел тобындағы жастарды ортаға тарту, жастардың ортақ қызығушылығын анықтау мақсатында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығынан теолог Ж.Мирманов, Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырушы бөлімі маманы Н.Таңатаров, Ақтөбе ҚІІБ ЗПБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты О.Тулеуованың қатысуымен жатақхана студенттері арасында кездесу өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 11 қазанында  «Бастауыш сыныптарда  критериалды  бағалауды  жүргізудің  әдістемесі» тақырыбында  облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. 

Бөлім:  Жаңалықтар

2018 жылдың 10 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасына байланысты «Ұлттық идея - ұлттың рухани өзегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар

9 қазан күні  Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығымен студенттер арасында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Орталықтан заң маманы Р.Б.Таубаева,  әлеуметтік педагог Ы.З.Жақұдолла, психолог Ж.М.Ибадуллаева келіп, жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қиын жағдай орын алған кезде берілетін көмек түрлерін айтып, бейнеролик көрсетті.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 10:36

Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаздар мерекесі қарсаңында 4 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, Шалқар ауданы білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Табаналы Қуаныш Құрманбайұлы және ҚР Білім беру ісінің үздігі, Шалқар ауданының білім беру саласында қызмет атқарған ұстаз Малайдарова Марта Есіркепқызымен жастармен кездесу өткізілді.

Бөлім:  Жаңалықтар

2018 жылдың 5 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдады. Елбасының кезекті жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Бұл жолы көтерілген мәселелер қарапайым азаматтардың өз ауласында спортпен шұғылдануынан бастап өмір қауіпсіздігіне дейінгі сұрақтарды қамтыды.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі  директорының ауыспалы кубогіне қыздар арасында Волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысып, финалдық кездесуде 4 команда бақ сынасты.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 47 of 47
  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Нағашыбаева Жаңагүл
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс