2021 жылғы 21 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Ақтөбе филиалының мүшесі Гүлсамал Төрединқызы Аймахановамен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Медет Жұмабайұлы Ысқақов және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында ақын өз шығармашылығы, әр жырдың шығу тарихы туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Гүлсамал Төрединқызы балғын жастарға ана тілін сүю, туған жерді құрметтеу, мемлекетіміздің дамуы үшін еңбектенуге шақыра отырып, ақылын айтты. Өз кезегінде студенттер сұрақ қоя отырып, ақынның жырларын оқып берді.
Ақынмен кездесуге қатысқан оқытушылар мен студенттер естелік суретке түсіп, қолтаңба алысты.
@aktobe_tilder @aqtobe_madeniet_tilder

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар

     Колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өтіп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес колледж психологтары және әлеуметтік педагог І курс студенттері және топ жетекшілерімен кездесу ұйымдастырды. Студенттердің әлеуметтік жағдайларының құқықбұзушылыққа әсері туралы «Жасөспірімдердің мінез құлық тәрбиесі-рухани-адамгершілік тәрбие бастауы» тақырыбында баяндама оқып, өзіңді сүю, айналаңды құрметтеу, қоғамға өз үлесінді қосу, азаматтық позицияны берік ұстану мақсатында «Жасөспірімнің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру» атты тренинг өткізілді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021 10:00

«Өмір жырын шерте білген»

     Жазушы, аудармашы Сайын Мұратбековтың 85 жыл толуына орай «Өмір жырын шерте білген» тақырыбында әдеби-танымдық кеш
Қазан айының 18-ші жұлдызында колледж кітапханасының оқу залында Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақ Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдебиет сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтың 85 жыл толуына орай «Өмір жырын шерте білген» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өткізілді. Шараның мақсаты -Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығымен таңыстыру. Оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Студенттермен кері байланыс жасалып, жазушының шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 09 Қазан 2021 09:32

Жас маман-2021

      Жас маман-2021 Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, жас педагогтардың біліктілігін арттырып, оқу процесін ұйымдастыру кезіндегі кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған "Жас маман-2021" конкурсында колледждің педагогика пәні оқытушысы Жармұханбет Нұржайнар Ерболқызы жүлделі ІІ орын иеленіп, қала әкімі орынбасарының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Колледж әкімшілігі атынан сізді құттықтай отырып, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбек жолыңыздың бастамасына сәттілік, абыройлы ісіңізге толымды табыс тілейміз.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында оқытушылар мен студенттерге арналған отырыс өткізілді. Жолдауда алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігі оқытушылары Ғ.Нұрманов, Г.Ильясова жолдаудың әр бағытына тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, әлеуметтік мәселелерге көңіл аудару, тағы бір маңызды мәселе - зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға жұмсай алу мүмкіндігі берілетініне тоқталды.
Сонымен қатар ел Президенті алдағы қаңтар айында педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетіні мен ұстаздарға жасалатын жағдайлардың жалғасатынымен қуантты. Ұстаздар қауымы мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір қолдаудың әр адамды жігерлендіретінін және көңілге сенім беретіні туралы пікірлерін білдірді.

    

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 11 Қыркүйек 2021 10:39

«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!»

2021 жылы  9 қыркүйек күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті»   мамандығының 3-курс студенттері, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып,  «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен!» тақырыбында  пікір алмасу  сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты -жастарға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң туралы мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа, әділдік пен мейірімділікке баулу, таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Шара барысында студенттерге түрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, психологиялық тренингтер жүргізілді.

Кітапхана меңгерушісі:  Ескарина Р.Ж.

    

Бөлім:  Жаңалықтар

Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.  2021-2022 оқу жылы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедектер және бала кезінен мүгедек студенттер үшін  төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.

Құжаттар тізбесі

  1. Белгіленген нысандағы өтініш;
  2. Туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін;
  3. Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
  4. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
  5. Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
  6. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

    Ескерту: Тапсырған құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өткен соң тегін тамақтандыруды ұсыну қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.

    Жоғарыда көрсетілген санаттың біріне жататындығын растайтын анықтамаларыңыз әр тоқсан  сайын тексеріліп отырылады.

    Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна

    Байланыс тел: 87022524682

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 10 Қыркүйек 2021 09:00

"Отбасы-ұлт болашағының кепілі"

     Ақтөбе гуманитарлық  колледжінде отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы-ұлт болашағының кепілі" тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға отбасында  көп бала тәрбиелеп отырған педагог аналар мен әкелер қатысты. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулова мен кәсіподақ төрайымы Р.Булебаева келе жатқан мерекемен құттықтап, оқытушыларға толағай табыстар тіледі. Колледж психологтары А.Сатаева, Н.Жармұханбет қатысушылармен қызықты тренингтер ұйымдастырып, отбасы бақыты туралы әсерлі пікір алысу өтіп, жадынамалармен бөлісті. Кеш соңында көпбалалы педагог әке-аналар кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйақысымен марапатталды.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжіне өтініштерді қабылдау келесі мерзімде жүргізіледі:
- оқудың күндізгі нысаны, мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;
- ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында;
- сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
- педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Call центр 87074560230
talapker.aktobe-agk.kz

#талапкер #абитуриент

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 16:20

ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА!

Ақтөбе гуманитарлық колледжіне өтініштерді қабылдау келесі мерзімде жүргізіледі: - оқудың күндізгі нысаны, мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында; - жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында; - ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында; - сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында; - шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында; - педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады. ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Прием заявлений для поступления в Актюбинский гуманитарный колледж осуществляется в следующие сроки: - на очную форму обучения по госзаказу – с 25 июня по 18 августа календарного года на базе основного среднего образования; - с 25 июня по 20 августа календарного года на базе общего среднего образования; - на платной основе – с 25 июня по 25 августа календарного года; - на заочную формы обучения – с 25 июня по 20 сентября календарного года; - по специальностям, требующим творческой подготовки, – с 25 июня по 20 июля календарного года; - по педагогическим специальностям – с 25 июня по 18 августа календарного года. #Талапкер #Талапкер2021 #20212022оқужылы #aktobeagk #Talapkeragk #абитуриент #aktobeagk #абитуриент2021 #колледже

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 6 of 47
  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс