Ақтөбе гуманитарлық колледжінде отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы-ұлт болашағының кепілі" тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға отбасында көп бала тәрбиелеп отырған педагог аналар мен әкелер қатысты. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жиенкулова мен кәсіподақ төрайымы Р.Булебаева келе жатқан мерекемен құттықтап, оқытушыларға толағай табыстар тіледі. Колледж психологтары А.Сатаева, Н.Жармұханбет қатысушылармен қызықты тренингтер ұйымдастырып, отбасы бақыты туралы әсерлі пікір алысу өтіп, жадынамалармен бөлісті. Кеш соңында көпбалалы педагог әке-аналар кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйақысымен марапатталды.