«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі  директорының ауыспалы кубогіне қыздар арасында Волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысып, финалдық кездесуде 4 команда бақ сынасты.

Атауы: Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау
Стандарт:   Құжатты жүктеу
 

 

"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша

ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20704 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28525) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";

 

       кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

 

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.".

       Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

       "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Мыналардың:

       1) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 2 наурызда жарияланған);

       2) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17040 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

       Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

  "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
  2. "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымы) көрсетеді.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, ауысу туралы еркін нысандағы өтінішпен білім беру ұйымына не "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді.

       Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Білім беру ұйымының кеңсесі өтінішті түскен күні (портал арқылы өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі) тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды.

       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымының кеңсесі құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда, құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша құжаттарды шешім қабылдау үшін білім беру ұйымының басшысына енгізеді.

  1. Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады.
  2. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің/модульдердің/кредиттердің және (немесе) оқыту нәтижесінің академиялық айырмашылығы айқындалады.
  3. Қабылдаушы білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарларының пәндеріндегі/модульдеріндегі/кредиттеріндегі және (немесе) оқыту нәтижесіндегі академиялық айырмашылықты транскриптте көрсетілген оқыған пәндерінің/модульдерінің немесе кредиттерінің тізбесі және көлемі немесе "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша берілген анықтама (бұдан әрі – анықтама) негізінде айқындайды.
  4. Оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі/модульдеріндегі/кредиттеріндегі және (немесе) оқыту нәтижесіндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге/модульдерге/кредиттерге және (немесе) оқыту нәтижесіне жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.

      Егер академиялық айырмашылық пәндері/модульдері/кредиттері және (немесе) оқыту нәтижелері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.

  1. Жазғы семестрде жойылмаған оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі модульдеріндегі/кредиттеріндегі және (немесе) оқыту нәтижесіндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық қарыз ретінде ескеріледі.
  2. Білім алушыларды бір оқу орнынан басқасына, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысынан мемлекеттік білім беру тапсырысына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқытудың бір нысанынан басқасына ауыстыруға оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің және (немесе) оқыту нәтижесінің академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде жүзеге асырылады.

      Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ауыстыру осы оқу орнында орындардың босауына қарай оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.

      Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа жерге көшкен жағдайда, растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны каникул кезеңінен тыс ауыстыруға жол беріледі.

      Қалған жағдайларда білім алушыларды ауыстыру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.

      Ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындар туралы ақпаратты білім беру ұйымының ақпараттық стендтерінде, ресми интернет-сайттарында орналастырады.

      Білім алушыларды ақылы оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру үшін білім беру ұйымында педагогтердің және студенттік өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен алқалы орган құрылады. Білім алушыны ауыстыру туралы шешімді оның үлгерімін ескере отырып алқалы орган қабылдайды.

  1. Егер білім алушы білім беру ұйымымен білім беру қызметін көрсету туралы жеке шарт (бұдан әрі – шарт) жасасса, онда оны басқа білім беру ұйымына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру аталған шарт өзгергеннен немесе бұзылғаннан кейін жүзеге асырылады.
  2. Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне ауыстыру туралы шешімді басшы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды. Өтінішті қанағаттандырған кезде білім беру ұйымының басшысы көрсетілетін қызметті алушыны білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
  3. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде оқу сабақтарына рұқсат беру және оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы шешімді білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды. Оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсырған кезде білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оқу сабақтарына рұқсат беру туралы бұйрық шығарады. Рұқсат беру туралы бұйрық шыққаннан кейін білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымы көрсетілетін қызметті алушының жеке іс құжаттарын алу үшін оның бұрын оқыған білім беру ұйымына сұрау жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы бұрын оқыған білім беру ұйымы 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның жеке іс құжаттарын жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке іс құжаттарын бұрын оқыған білім беру ұйымынан алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы жеке іс құжаттарын алған күні білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

  1. Білім алушыларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға ауыстыру кезінде басшы өтінішті қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
  2. Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру кезінде білім беру ұйымының басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және оны білім беру ұйымының алқалы органының қарауына шығарады. Білім беру ұйымының алқалы органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және шешім қабылдайды.

      Алқалы орган оң шешім қабылдаған жағдайда білім беру ұйымының басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім алушыны одан әрі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

  1. Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға ауысқан кезде білім беру ұйымының басшысы 10 (он) жұмыс күні ішінде, бірақ кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей шешім қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.
  2. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде басшы 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім алушыны білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
  3. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылданады.

      Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады, қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде ғана қаралады.

      Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін рұқсат етіледі.

  1. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында оқыған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:

      курстар мен мамандықтар бойынша тиісті оқу топтары болған жағдайда оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің және (немесе) оқу нәтижелерінің академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде;

      курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған жағдайда басқа мамандықтарға оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің және (немесе) оқыту нәтижелерінің академиялық айырмашылықтарын тапсырған кезде рұқсат етіледі.

  1. Оқу жұмыс жоспарларының пәндеріндегі/модульдеріндегі/кредиттеріндегі және (немесе) оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспарлары пәндеріндегі/модульдеріндегі/кредиттеріндегі және (немесе) оқыту нәтижесіндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда бұрын білім алушы оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.
  3. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда білім беру ұйымының басшысы құжаттарды тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
  4. Білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр ішінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушыларды қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда басшы өтінішті қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.

      Өтініш қанағаттандырылған жағдайда білім беру ұйымының басшысы көрсетілетін қызметті алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау қорытындылары бойынша білім беру ұйымы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      - білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығы шығарылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қанағаттандыру туралы;

      - cтандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда білім беру ұйымының басшысы қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту қалыптастырылады.

       Өтінішті қанағаттандырған кезде ұйым басшысының бұйрығы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Атауы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Стандарт: Құжатты жүктеу

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қарашада № 17705 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 18 қазандағы
№ 578 бұйрығымен бекітілген

       

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

       Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.06.2021 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру (бұдан әрі - ТжКОББ) ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
  2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдарына бастауыш ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары білімі бар (жоғары кәсіптік), Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

  1. ТжКОББ ұйымдарына оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

       Қабылдау квотасының мөлшері "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген.

 2-тарау. Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. ТжКОББ ұйымдарында оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңесінің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

      Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.

      Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына жалпы басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, кеңес (консультация) және қабылдау емтихандарының даярлығын, жүргiзiлуiн ұйымдастырады, жазбаша емтихан жұмыстарының шифрленуiн және де шифрленуiн жүргiзедi.

  1. Білім беру ұйымдарында педагогикалық және арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар өткізу үшін емтихан комиссиясы құрылады. Емтихан комиссиясының құрамына білім беру ұйымдарының, әлеуметтік әріптестердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Емтихан комиссия мүшелерінің көп дауысымен комиссияның төрағасы сайланады. Емтихан комиссиясының құрамы ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының шешімдері, егерде отырыста олардың құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданса, заңды болып табылады. Қабылдау және/немесе емтихан комиссиялары мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба ТжКОББ ұйымының мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

  1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ТжКОББ ұйымы жүргізеді.
  2. ТжКОББ ұйымының қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының (бұдан әрі – Білім басқармасы) келісімі бойынша шешіледі.
  3. Оқуға түсушілерді мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша ТжКОББ ұйымдарына білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің рухани (діни) білім беру ұйымдарына, түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) (бұдан әрі – №122 бұйрық) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидалары бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтініштері бойынша ТжКОББ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, жүзеге асырылады.

       Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарына мемлекеттік тапсырысы бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

  1. ТжКОББ ұйымдары өтініштерді қабылдау, арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу, конкурс және тұлғаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім негізінде ақылы негізде оқуға қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
  2. Тұлғалардың ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:

      1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

      2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
  2. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Стандартта келтірілген.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
  5. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
  6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
  8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға ТжКОББ ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
  9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  2. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер ТжКОББ ұйымының тіркеу журналдарына тіркеледі.
  3. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
  4. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
  5. ТжКОББ ұйымдарына білікті жұмыс кадрларын даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен кезде оқуға қабылдау осы Қағидалардың 60-тармағына сәйкес орташа конкурстық балл, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.
  6. 9-тармақта көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттар қабылдау комиссиясына тиісті құжатты күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.
  7. ТжКОББ ұйымының қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап білім беру ұйымының сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлер мен қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.
  8. ТжКОББ ұйымында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау мамандықтар мен біліктіліктерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы (медициналық анықтаманы) ескере отырып жүзеге асырылады.

      Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға түсетін тұлғалар (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы ерікті негізде кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өтеді.
  2. Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар мен ұсынылатын мамандықтар бойынша кәсіптер картасын алуға ұсынымдар беріледі. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
  3. Кәсіптік диагностикадан өткеннен кейін ТжКОББ ұйымына мемлекеттік тапсырысы бойынша, педагогикалық мамандықтар, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар тапсыру үшін, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеуден өту үшін ТжКОББ ұйымдарына Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
  4. ТжКОББ ұйымына мемлекеттік тапсырысы бойынша, педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өткізіледі. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын ТжКОББ ұйымы дербес белгілейді.
  5. Мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, сондай-ақ қолданбалы бакалавр біліктілігіне қысқартылған оқу мерзіміне түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы емтихан белгіленеді. Эссе жазуға және бағалау өлшемшарттарына қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды.
  6. "Хореография өнері", "Цирк өнері" мамандықтарына оқуға түсуші тұлғалар ТжКОББ ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
  7. Педагогикалық, медициналық мамандықтарға түсуші адамдар үшін арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарды, сондай-ақ психометриялық тестілеуді өткізу мерзімдері негізгі орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 тамызына дейін, шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 мен 28 шілдесі аралығында белгіленеді.
  8. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін мамандықтарға түсуші адамдар үшін ағылшын тілін білудің базалық деңгейін (тестілеу әдісімен), оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып бағалау қосымша жүргізіледі.

      Әңгімелесудің қорытындысы "Өтті" немесе "Өтпеді" деген нысанда бағаланады.

  1. Педагогтік, медициналық мамандықтар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарға, сондай-ақ психометриялық тестілеуге қатысу үшін мүгедек балалар мен мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) мүгедектігі туралы анықтаманы ұсынған кезде, "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудитория ұсыну;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған арнаулы немесе шығармашылық емтихан шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

  1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның нысаны мен өткізу тәртібін (күні, уақыты, өткізілетін орны, консультациялар) емтихан комиссиясының төрағасы бекітеді және өтініш қабылдау кезінде оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
  2. Психометриялық тестілеу "Денсаулық сақтау" бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің ұсынымдарына сәйкес өткізіледі.
  3. Оқуға түсушіні арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан, сондай-ақпсихометриялық тестілеу, әңгімелесу өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  4. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихан, сондай-ақ психометриялық тестілеу басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.

      Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:

       1) арнайы және шығармашылық емтихандар "2", "3", "4", "5" болып бағаланады:

      2) педагогикалық ("Музыкалық білім" мамандығын қоспағанда) бойынша арнаулы емтихан, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады;

      3) шығармашылық емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған өнер және мәдениет мамандығына түсетін адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.

  1. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның қорытындылары бағалау ведомосімен ресімделеді. Арнайы және шығармашылық емтихандар мен әңгімелесулерді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі, ол ТжКОББ ұйымының мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.
  2. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады және ақпараттық стендтерде немесе ТжКОББ ұйымының интернет-ресурстарында емтихан өткізілетін күні орналастырылады.
  3. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша ТжКОББ ұйымдарындағы педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
  4. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
  5. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  6. Арнайы және/немесе шығармашылық емтиханның, сондай-ақ психометриялық тестілеу нәтижелерін ТжКОББ ұйымы мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысу үшін білім басқармасының ақпараттық жүйесіне жібереді.
  7. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтары бойынша конкурсқа бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру базасында оқуға түсуші тұлғалар, сондай-ақ білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар қатысады.
  8. Педагогикалық, медициналық, сондай-ақ арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсетін адамдар конкурсқа арнайы және шығармашылық емтихандардың, психометриялық тестілеудің, әңгімелесудің қорытындысы бойынша жіберіледі.
  9. Конкурсқа қатысу үшін негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтініш береді.
  10. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
  11. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыратын ТжКОББ ұйымдары қабылданған талапкерлерді күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, білім басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркейді.
  12. Конкурсты Білім басқармасы (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.
  13. Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйесінде (білім беру платформасы) жүзеге асырылады.
  14. Білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына түсетін адамдар арасындағы Конкурсты ТжКОББ ұйымдары автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы жүргізеді.
  15. Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде мен 2 тамызы аралығында өткізіледі.
  16. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бейіндік пәндер тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
  17. Орташа конкурстық балл (бұдан әрі – ОКБ) олардың жалпы санына осы Қағидаларға 4,5-қосымшаларда көрсетілген пәндер үшін бағалар сомасының орташа мәні ретінде айқындалады.
  18. Бағалардың орташа балы:

      негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

      ОКБ = (МП+БП1+БП2)/БС

      Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      бастауыш ("Хореография өнері" мамандығы), негізгі орта білімі бар (9-сынып), арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін және педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін-үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және арнайы немесе шығармашылық емтиханның бағаларынан:

      ОКБ = (МП+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП-міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

      жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар және педагогикалық мамандықтар бойынша жалпы орта, ТжКОББ білімі бар түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (қажет болған жағдайда) және арнайы немесе шығармашылық емтихан бойынша арнайы немесе шығармашылық емтиханның бағаларынан:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

      мамандық бейініне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойынша екі пәннің бағаларынан:

      ОКБ = (БП1+БП2)/БС

       Мұнда:

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      БС-бағалар саны;

      мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер, мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе болған жағдайда шығармашылық конкурстың (шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық мамандықтар мен мамандықтар бойынша) бағаларынан қалыптасады:

      ОКБ = (МП1+МП2+БП1+БП2+АЕ/ШЕ)/БС

      Мұнда: МП1-бірінші міндетті пәннің бағасы;

      МП2- екінші міндетті пәннің бағасы;

      БП1- бірінші бейіндік пәннің бағасы;

      БП2 -екінші бейіндік пәннің бағасы;

      АЕ/ШЕ – арнайы емтиханның/шығармашылық емтиханның бағасы;

      БС-бағалар саны;

  1. Орташа конкурстық бал тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.
  2. Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін ақпараттық жүйе арқылы ТжКОББ ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
  3. Мемлекеттік тапсырысы бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша топтар (15 адамнан кем) жинақталмаған, қамтылмаған талапкерлер болған кезде күнтізбелік жылдың 29 тамызына дейін №122 бұйрыққа сәйкес мамандықтар және ТжКОББ ұйымдары бойынша мемлекеттік тапсырысын қайта бөлу жүргізіледі.
  4. Білім басқармасы негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында конкурс қорытындыларын ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызында, жалпы орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 тамызында жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурстың қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
  5. Білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдары Конкурс қорытындысын күнтізбелік жылдың 5 тамызына ресми интернет – ресурстарда жариялайды.
  6. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау ТжКОББ ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

      1) күндізгі оқу нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін;

      3) білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін.

  1. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша;

      2) оқудың кешкі нысанына-негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе ТжКОББ ұйымының интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

 

 

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
4-қосымша

 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды

Мамандықтың атауы

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

 

Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") білім базасында

Орта (жалпы орта) білім базасында

 

011 Образование

 

01120100

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

 

01130100

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлері бойынша)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

 

01130200

Қосымша білім беру

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

 

01140100

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

01140200

Музыкалық білім беру

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау

 

01140300

Көркем еңбек

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

01140400

Өзін-өзі тану

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

01140500

Дене тәрбиесі және спорт

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу.

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу.

 

01140600

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

01140700

Информатика

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

01140800

Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

 

021 Искусство

 

02110100

Операторлық өнер

Шығармашылық бағыттағы кәсіпті игеруге қабілеттері мен жеке алғышарттарын анықтау үшін сұхбат

Шығармашылық бағыттағы кәсіпті игеруге қабілеттері мен жеке алғышарттарын анықтау үшін сұхбат

 

02150200

Дыбыс операторлық шеберлік

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, сольфеджиодан ауызша емтихан

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, сольфеджиодан ауызша емтихан

 

02110300

Графикалық және мультимедиялық дизайн

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02110400

Баспа ісі

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

02110500

Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

02120100

Интерьер дизайны

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02120200

Киім дизайны

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02120300

Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02130100

Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша)

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02130200

Каллиграфия

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

02140100

Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02140200

Зергерлік іс

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02150100

Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

 

02150200

Музыка теориясы

Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан

Сольфеджиодан ауызша емтихан, музыка әдебиетінен ауызша емтихан

 

02150300

Вокалдық өнер

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

 

02150400

Хорды дирижерлау

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

Музыкалық шығарма орындау, сольфеджиодан ауызша емтихан

 

02150500

Актерлік өнер

Актерлік шеберлік, сахна тілі

Актерлік шеберлік, сахна тілі

 

02150600

Цирк өнері

Акробатика және гимнастика, эквилибристика

Акробатика және гимнастика, эквилибристика

 

02150700

Хореографиялық өнері

Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері) Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті)

Кәсіби жарамдылық (сыртқы сахналық және кәсіби физикалық параметрлері) Сахналық қойылым (би үйлесімділігі, әртіс өнері, музыкалық-ырғақтық қабілеті)

 

02150800

Театр-декорациялық өнері (бейін бойынша)

Сурет және кескіндеме, композиция

Сурет және кескіндеме, композиция

 

02150900

Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша)

Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау

Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау

 

02151000

Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)

Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау

Экзерсис пен комбинация (немесе этюдтар және қойылымдар), Шығармашылық қабілеттерін айқындау

 

02210100

Исламтану

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

02210200

Теология

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

02210300

Хадистану

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу

 

03220100

Библиотечное дело

Әдебиет бойынша ауызша емтихан

Әдебиет бойынша ауызша емтихан

 

 

 

 

Техникалық және кәсіптік
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
5-қосымша

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

011 Білім

01120100

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

01130100

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгейлері бойынша)

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

01130100

Логопедия

 

 

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

01130200

Қосымша білім беру

Биология

Әдебиет

Биология

Әдебиет

01140100

Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

Алгебра

Биология

Алгебра

Биология

01140200

Музыкалық білім беру

1 шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

1 шығармашылық емтихан

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

01140300

Көркем еңбек

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

01140400

Өзін-өзі тану

Қазақстан тарихы

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Алгебра және анализ бастамалары

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

01140500

Дене тәрбиесі және спорт

Мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда спорттық көрсеткіштер және жетістіктер бойынша портфолио

Биология

Мамандандыру бойынша нормативтерді тапсыру. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда спорттық көрсеткіштер және жетістіктер бойынша портфолио

Биология

01140600

Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

01140700

Информатика

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

01140800

Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

021 Өнер

02110100

Операторлық өнер

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150200

Дыбыс операторлық шеберлік

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02110300

Графикалық және мультимедиялық дизайн

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02110400

Баспа ісі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша

Информатика

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша

Информатика

02110500

Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

02120100

Интерьер дизайны

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02120200

Киім дизайны

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

02120300

Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02130100

Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02130200

Каллиграфия

Қазақстан тарихы

География

Дүниежүзі тарихы

География

02140100

Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02140200

Зергерлік іс

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150100

Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150200

Музыка теориясы

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150300

Вокалдық өнер

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150400

Хорды дирижерлау

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150500

Актерлік өнер

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150600

Цирк өнері

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150700

Хореографиялық өнері

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150800

Театр-декорациялық өнері (бейін бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02150900

Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

02151000

Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

022 Гуманитарлық ғылымдар (тілдерден басқа)

02210100

Исламтану

Қазақстан тарихы

География

Дүниежүзі тарихы

География

02210200

Теология

Қазақстан тарихы

География

Дүниежүзі тарихы

География

02210300

Хадистану

Қазақстан тарихы

География

Дүниежүзі тарихы

География

02310100

Аударма ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Шетел тілі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

03 Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат

03220100

Кітапхана ісі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Қазақстан тарихы

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

03220200

Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Қазақстан тарихы

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

04 Кәсіпкерлік, басқару және құқық

04110100

Есеп және аудит

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

04120100

Банк және сақтандыру ісі

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

04120200

Бағалау (түрлері бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

04130100

Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

04130200

Логистика (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

04140100

Маркетинг (салалар бойынша)

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

042 Құқық

04210100

Құқықтану

Құқық негіздері

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

052 Қоршаған орта

05220100

Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)

Алгебра

Химия

Химия

География

05220200

Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану (салалар бойынша)

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

053 Физикалық ғылымдар

05320100

Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

05320200

Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

05320300

Гидрогеология және инженерлік геология

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

05320400

Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

05320500

Метеорология

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

054 Математика және статистика

05420100

Статистика

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

06120100

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

06120200

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

06130100

Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

068 Ақпараттық және коммуникациялық технологияларға қатысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер

06880100

Аддитивті өндіріс технологиясы

Химия

 Информатика

Химия

 Информатика

071 Инженерия және инженерлік іс

07110100

Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)

Химия

Физика

Химия

Физика

07110200

Коксохимиялық өндірісі

Химия

Физика

Химия

Физика

07110300

Изотоптарды бөлу технологиясы және вакуумдық техника

Химия

Физика

Химия

Физика

07110400

Зертханалық технология

Химия

Физика

Химия

Физика

07110500

Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы

Химия

Физика

Химия

Физика

07120100

Қалдықтарды қайта өңдеу

Химия

Биология

Химия

Биология

07120200

Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету

Химия

Физика

Химия

Физика

07130100

Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07130200

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07130300

Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07130400

Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07130500

Жаңартылатын энергетика

Алгебра

Физика

Физика

Алгебра и начала анализа

07130600

Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07130700

Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07140100

Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07140200

Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07140300

Мехатроника (салалар бойынша)

Физика

Информатика

Физика

Информатика

07140400

Робототехника және кірістірілетін жүйелер (салалар бойынша)

Физика

Информатика

Физика

Информатика

07140500

Сандық техника (түрлері бойынша)

Физика

Информатика

Физика

Информатика

07140600

Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07140700

Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07140800

Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07140900

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Алгебра

Физика

Физика

Информатика

07141000

Пошта байланысы

 Алгебра

 Физика

Алгебра және анализ бастамалары

 Информатика

07150100

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07150200

Нақты машина жасау

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07150300

Токарлық іс (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07150400

Металл өңдеу (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07150500

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07150600

Слесарлық іс (салалар және түрлері бойынша)

Физика

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

07150700

Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07150800

Геологиялық барлау жабдықтары

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07150900

Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151000

Полиграфиялық өндіріс жабдықтарын пайдалану және жөндеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151100

Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151200

Құю өндірісі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151300

Қара металдар металлургиясы

Алгебра

Физика

Химия

Физика

07151400

Түсті металдар металлургиясы

Алгебра

Физика

Химия

Физика

07151500

Домна пешіне қызмет көрсету және жөндеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151600

Болатты пештен тыс өңдеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151700

Отқа төзімді заттар өндірісі

Алгебра

Физика

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

07151800

Прокаттау өндірісі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07151900

Құбыр өндірісі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160100

Радиоэлектронды көлік жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (көлік түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160200

Теңіз техникасын электрорадиолық монтаждау

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07160300

Темір жол жылжымалы құрамының өндірісі (түрлері бойынша

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160400

Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160500

Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160600

Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160700

Қалалық электр көлігін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07160800

Жердегі авиациялық радиэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану

Физика

Шетел тілі

Физика

Шетел тілі

07160900

Жердегі қызмет көрсету әуе кемесі

Физика

Шетел тілі

Физика

Шетел тілі

07161000

Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Физика

Шетел тілі

Физика

Шетел тілі

07161100

Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе

Алгебра

Шетел тілі

Алгебра және анализ бастамалары

Шетел тілі

07161200

Әуе кемелерін пайдалану және ұшу-ақпараттық қамтамасыз ету

Алгебра

Шетел тілі

Алгебра және анализ бастамалары

Шетел тілі

07161300

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07161400

Автомобиль құрастыру

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07161500

Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07161600

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07161700

Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

072 Өндірістік және өңдеу салалары

07210100

Ет және ет өнімдерін өндіру

Химия

Биология

Химия

Биология

07210200

Сүт және сүт өнімдерін өндіру

Химия

Биология

Химия

Биология

07210300

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

Химия

Биология

Химия

Биология

07210400

Қант өндірісі

Химия

Биология

Химия

Биология

07210500

Тұрмыстық (асханалық) тұзды өндіру және өңдеу

Химия

Биология

Химия

Биология

07210600

Сыра, алкогольсіз сусындар және спиртті ішімдіктер өндірісі

Химия

Биология

Химия

Биология

07210700

Майлар және май алмастырғыштар өндірісі

Химия

Биология

Химия

Биология

07210800

Темекі өнімдерінің өндірісі

Биология

Физика

Химия

Физика

07210900

Балық өндірісі

Биология

Химия

Химия

Биология

07211000

Жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу

Химия

Биология

Химия

Биология

07211100

Консервілер және тағам концентраттарын өндіру

Химия

Биология

Химия

Биология

07211200

Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі

Биология

Химия

Химия

Биология

07211300

Тағам өндірісінің технологиясы

Химия

Биология

Химия

Биология

07211400

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы

Биология

Химия

Биология

Химия

07220100

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07220200

Темір-бетон және металл бұйымдарын өндіру (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07220300

Химиялық талшықтар өндірісі

Химия

Физика

Химия

Физика

07220400

Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі

Химия

Физика

Химия

Физика

07220500

Шина өндірісі

Химия

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

07220600

Резеңке-техникалық өндірісі

Химия

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

07220700

Полимерлік өндіріс технологиясы

Химия

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

07220800

Кабель өндірісі

Алгебра

Химия

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

07220900

Керамикалық өндіріс

Химия

Физика

Химия

Физика

07221000

Фарфор және фаянс бұйымдарын дайындау

Химия

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

07221100

Қиын балқитын бейметалл және силикатты материалдар мен бұйымдардың технологиясы

Химия

Физика

Химия

Физика

07221200

Композиттік материалдар мен бұйымдарды өндіру технологиясы

Химия

Физика

Химия

Физика

07221300

Тас өңдеу өндірісі

Химия

Физика

Химия

Физика

07221400

Жиһаз өндірісі

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

07221500

Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07230100

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07230200

Тері және тон бұйымдарын өндіру технологиясы

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07230300

Тері мен былғарыны химиялық өңдеу

Химия

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

07230400

Тоқыма өндірісі (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07230500

Иіру және түту өндірісі технологиясы (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07230600

Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы

Химия

Физика

Химия

Физика

07230700

Мата емес тоқыма материалдар технологиясы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07230800

Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары технологиясы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07230900

Әрлеу өндірісі (бейін бойынша)

Химия

Физика

Химия

Физика

07231000

Аяқ-киім ісі

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07231100

Аяқ-киім өндірісі (түрлері бойынша)

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07240100

Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07240200

Маркшейдерлік ісі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07240300

Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07240400

Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07240500

Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)

Алгебра

Химия

Химия

Алгебра и начала анализа

07240600

Жер асты құрылымдарының құрылысы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07240700

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07240800

Мұнай және газ өндіру технологиясы

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

07240900

Мұнай және газ кен орындарын пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

073 Сәулет және құрылыс

07310100

Архитектура

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

07310200

Геодезия және картография

Алгебра

География

Алгебра және анализ бастамалары

География

07310300

Жерге орналастыру

Алгебра

География

Алгебра және анализ бастамалары

География

07310400

Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

07310500

Ландшафтық дизайн

2 шығармашылық емтихан

-

2 шығармашылық емтихан

-

07320100

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320200

Құрылыстағы сметалық жұмыс

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320300

Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320400

Жылжымайтын мүлікті басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320500

Гидротехникалық құрылыс

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320600

Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320700

Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320800

Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07320900

Қала қатынас жолдарын салу және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321000

Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321100

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321200

Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321300

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321400

Гидротехникалық мелиорация

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

07321500

Көпірлер мен көлік тоннельдері

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

078 Жобалаумен, өндірумен және құрылыспен байланысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер

07880100

Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

081 Ауыл шаруашылығы

08110100

Агрономия

Биология

Химия

Биология

Химия

08110200

Агрохимия

Биология

Химия

Биология

Химия

8110300

Жеміс-көкөніс шаруашылығы

Химия

Биология

Химия

Биология

08110400

Өсімдікті қорғау және карантин

Биология

Химия

Биология

Химия

08110500

Зоотехния

Биология

Химия

Биология

Химия

08110600

Ара өсіру және жібек шаруашылығы

Биология

Химия

Биология

Химия

08110700

Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

Биология

Алгебра

Биология

Алгебра және анализ бастамалары

08120100

Бақ-саябақ шаруашылығы

Алгебра

Биология

Химия

Биология

08120200

Жылы жай шаруашылығын ұйымдастыру

Биология

Химия

Биология

Химия

082 Орман шаруашылығы

08210100

Орман шаруашылығы (түрлері бойынша)

Алгебра

Биология

Химия

Биология

08210200

Аңшылық және аң өсіру шаруашылығы

Биология

Химия

Биология

Химия

084 Ветеринария

08410100

Ветеринария

Биология

Химия

Биология

Химия

09 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету

091 Денсаулық сақтау

09110100

Стоматология

Биология

Химия

Биология

Химия

09110200

Ортопедиялық стоматология

Биология

Химия

Биология

Химия

09120100

Емдеу ісі

Биология

Химия

Биология

Химия

09130100

Мейіргер ісі

Биология

Химия

Биология

Химия

09130200

Акушерлік іс

Биология

Химия

Биология

Химия

09140100

Лабораториялық диагностика

Биология

Химия

Биология

Химия

09140100

Медициналық оптика

Биология

Химия

Биология

Химия

09160100

Фармация

Химия

Биология

Химия

Биология

092 Әлеуметтік қамсыздандыру

09230100

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Биология

Дүниежүзі тарихы

Биология

 

 

 

 

 

 

098 Междисциплинарные программы и квалификации, связанные со здравоохранением и социальным обеспечением

09880100

Гигиена және эпидемиология

 

 

 

 

101 Қызмет көрсету саласы

10110100

Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу

Химия

Физика

Химия

Физика

10120100

Шаштараз өнері

Химия

Информатика

Химия

Информатика

10120200

Эстетикалық косметология

Химия

Биология

Химия

Биология

10130100

Қонақ үй бизнесі

География

Шетел тілі

География

Шетел тілі

10130200

Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Алгебра

Шетел тілі

Алгебра және анализ бастамалары

Шетел тілі

10130300

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Алгебра

Биология

Алгебра және анализ бастамалары

Биология

10150100

Туризм

География

Шетел тілі

География

Шетел тілі

10150200

Дестинацияны басқару

География

Шетел тілі

География

Шетел тілі

102 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау

10220100

Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

103 Қауіпсіздік қызметі

10320100

Өрт қауіпсіздігі

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

10320200

Төтенше жағдайда қорғау (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

104 Көлік қызметі

10410100

Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру

Алгебра

Шетел тілі

Алгебра және анализ бастамалары

Шетел тілі

10410200

Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

10410300

Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

10410400

Жолқозғалысын ұйымдастыру

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

10410500

Cу көлігін пайдалану (бейін бойынша)

Алгебра

Физика

Физика

Физика

 

Наименование: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
Стандарт:  Құжатты жүктеу

"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша

ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20704 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28525) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";

 

       кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

 

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.".

       Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

       "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Мыналардың:

       1) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12417 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 2 наурызда жарияланған);

       2) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17040 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

 

А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 218 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтамалар беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
  2. "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (бұдан әрі - анықтама) білім алушыларға аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған, академиялық демалысқа шыққан және білім беру ұйымдарының жарғысында көзделген жағдайларда беріледі.
  3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

  1. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтініш және тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

       Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдайды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) ақпаратты ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша үш жұмыс күні ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтаманы ұсынады, ол көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жеткізу курьер арқылы 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жеткізіледі.

      Барлық басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорациялар үшін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға 6 (алты) жұмыс күн ішінде ұсынады.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Наименование: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру
Стандарт: Жүктеу

"Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу

қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20710 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында:

 

       1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

       "1. Осы білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу тәртібін айқындайды.

  1. Қағидалар білім алушылар үшін жатақханаларда тұруға орын бөлудің негізділігі мен кезектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ұйым) меншік құқығына тиесілі немесе өзге заңдық негізде ұйымдардың иелігінде тұрған жатақханалардағы орындарды бөлу тәртібін айқындайды.

      Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беруді жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) жүзеге асырады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беруді техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) жүзеге асырады.

       Жатақханаларда бос орындардың болуы туралы мәліметтер ЖОО-ның және ТжКБ-ның ресми сайттарында орналастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:

       "2-1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) жоғары оқу орындары;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

      3) www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ТжКБ үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ТжКБ стандарты) келтірілген.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын ЖОО-лар үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – ЖОО стандарты) келтірілген.

      2-2 Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

       2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі (бұдан әрі - ЭЦҚ)";

 

       8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

       "8. Конкурстық комиссия ЖОО немесе ТжКБ жатақханаларынан орын бөлуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде немесе порталға электрондық түрде берілген өтініш негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ТжКБ стандартының және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЖОО стандартының 8-тармағында көрсетілген қызметті алушының мәртебесін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

       ЖОО-ның немесе ТжКБ-ның осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды алғаны туралы қолхаты қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" құжаттар топтамасын қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ЖОО немесе ТжКБ өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      ЖОО немесе ТжКБ кеңсесі өтініш берген күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті комиссияның қарауына береді.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманы, ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтаманы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

 

       12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Конкурстық комиссия өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.";

 

       15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жатақханада тұру үшін қалыптастырылған тізім негізінде білім алушыға Комиссия төрағасының қолы қойылған ТжКБ немесе ЖОО жатақханаларынан орын беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ТжКБ-ның немесе ЖОО-ның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

       мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

       Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

       "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына 1-қосымша"

       осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

      Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамыры
№ 215 бұйрығына
1-қосымша

 

 

Білім беру ұйымдарының
жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
2-қосымша

 

 

"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы

 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

 Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

 

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды / қағаз түрінде.

 

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

 

6

 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

 

7

Жұмыс істеу кестесі

1) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған

 

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
 1) ұйым басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) оралман мәртебесі туралы құжат;
 3) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
2) оралман мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
 Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының (ата-анасының) қайтыс болуы туралы куәлік (балалар үшін – туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

 

9

 Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 тіркелген) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларында орын бөлу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

 

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның келісімі жағдайында үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамыры
№ 215 бұйрығына
3-қосымша

 

 

Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
4-қосымша

 

 

Нысан

 

               

 Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат № ___________

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __________ бөлімі/ білім беру ұйымы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________ мынадай құжаттар алынды:

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  1. Өтініш
  2. Басқа _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/ білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________

      (қолы)

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының _________________________________

      (қолы)

      20 ___ ж. "___" ______________

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамыры
№ 215 бұйрығына
4-қосымша

 

Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
5-қосымша

 

Нысан

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып,

      ________________________________________________________________ (мекенжайын көрсету)

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) .....

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ Қолы __________ Телефон______

      Қабылдады: _______________________ "___" ___________ 20 ___ жыл

      (Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда ), қолы)

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамыры
№ 215 бұйрығына
5-қосымша

 

Білім беру ұйымдарының
Жатақханаларындағы
орындарды бөлу қағидаларына
6-қосымша

 

Нысан

 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларына жатақханалар беру туралы жолдама

      ________________________________________________________________

      (білім беру ұйымының мекенжайы)

      Азамат (-ша) _____________________________________________________/

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      № ___жатақханаға орналасуға жолдама беріледі.

      Жатақхананың мекенжайы _________________________________________

      20___ ж. "____" _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.

      Директор ______________________ (қолы)

      20___ ж. "____" _________

      М.О.

 
Атауы:  Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
Стандарт: Жүктеу
 
 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі

құжаттардың түрлері мен нысандарын және

оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;

       6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;

       7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

       8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;

       9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;

       10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;

       11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;

       12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;

       13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

       14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;

       15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;

       16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;

       17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;

       18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

       19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

       20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;

       21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;

       22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

       23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;

       24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

       25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

       26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;

       27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;

       28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;

       29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

       30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;

       31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;

       32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;

       33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

       34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;

       35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1.   Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр

А. Сәрінжіпов  

 Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 1-қосымша

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері

  1. Куәлік, аттестат, сертификат, диплом білім алушының тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгергенін растайтын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
  2. Құжаттардың барлық түрлері (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарынан, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттарынан басқа):

       1) көлемі 224 x 160 мм қатты мұқабадан;

       2) көлемі 210 x 150 мм қосымша парақтан;

       3) қосымшадан тұрады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2-1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдары, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор аттестаттары:

      1) көлемі 310 х 110 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 310 х 110 мм қосымша парақтан тұрады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2017 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құжат мұқабасы:

       1) үздік құжат үшін - қызыл түстен;

       2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжат үшін - көгілдір түстен;

      3) магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдары үшін – күрең қызыл түстен;

       4) басқа қалған құжаттар үшін - қою көк түстен дайындалады.

  1. Құжаттардың барлық түрлерінің мұқабасында алтын түспен жасалған:

       1) жоғары жағында мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасы" деген өрнектелген жазу;

       2) ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

       3) Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында мемлекеттік тілде өрнектеліп жазылған құжат түрінің атауы орналасады.

  1. Құжаттарға қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері баспаханалық тәсілмен басылады (қолмен немесе баспа құрылғыларының көмегімен толтырылатын деректерді есепке алмағанда).
  2. Қосымша парақтардың, қосымшалардың бланкілері арнайы қорғаныш (су тамғысы белгілерімен) дәрежелері бар мынадай қағазда басылады:

      1) ақшыл-қызғылт түс – үздік белгісі бар құжаттардың қосымша парақтары магистр, PhD докторы, бейіні бойынша докторы, сондай-ақ "Алтын белгі" белгісімен марапатталған тұлғаларға берілетін құжаттар үшін;

       2) ақшыл-көк түс - барлық қалған құжаттардың түрлері үшін қосымша парақтар мен қосымшалар.

  1. Қосымша парақтың бетжағында:

       1) жоғары жағында - "Қазақстан Республикасы" деген сөздер;

       2) ортасында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі;

       3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба бейнесінің астында - құжат түрінің мемлекеттік тілдегі атауы орналасады.

  1. Құжаттың қосымша парағының ішкі екі жағында ортада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі басылады.
  2. Құжаттың қосымша парағының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында - орыс тіліндегі бірдей мазмұны көрсетіледі.

      Жоғары білім туралы, магистр, доктор (PhD, бейіні бойынша) дипломдарының, доцент және профессор аттестаттарының қосымша парақтарының сол жақ ішкі бетінде мемлекеттік тілдегі мазмұны, ал оң жағында орыс және ағылшын тілдерінде бірдей мазмұны көрсетіледі.

  1. Үздік белгісі бар құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен қызыл түспен "Үздік" және "С отличием" деген сөздер жазылады, жоғары білім туралы дипломдар үшін "Үздік" деген сөз қосымша парақтардың бет жағына жазылады.
  2. "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдарға берілетін құжаттың қосымша парағының ішкі екі бетінде баспаханалық тәсілмен, қола түспен "Алтын белгі" деген сөздер жазылады.
  3. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының сериясы мен жеті саннан тұратын нөмірі болады.
  4. Құжаттардың қосымша парақтарының бланкілері оларға жазылатын жазулар каллиграфиялық жазумен немесе басу құрылғыларының көмегімен жазылатындай етіп жасалуы тиіс.

 

  1. Құжаттардың барлық түрлерінің қосымша парақтарының бланкілерінде деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және (немесе) QR коды қолданылады.

      Ескерту. 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың қосымша парақтарының, қосымшаларының бланкілерінде мәлімделген білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері орналастырылады.

    Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
11- қосымша

Нысан

 Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом

       Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік білім туралы ДИПЛОМ
ТКБ №_______________________

Осы диплом
__________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

___________________________ берілді.
Ол ____________ жылы __________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

түсіп,__________ жылы _____________
__________________________________
 (білім беру ұйымының толық атауы) толық курсын _____________________
____________________________________

(кәсіптің, мамандықтың атауы)

кәсібі, мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Оқыту нысаны _______________________

(күндізгі немесе сырттай немесе кешкі)

Қорытынды аттестаттау
комиссиясының _____________ жылғы "______"_____________ шешімімен оған
____________________________________
____________________________________
____________________________________
біліктілігі (біліктіліктері) берілді.
Басшы_________/_________/
Басшының орынбасары ________/_________/
М.О.
Елді мекен __________________________
_________ жылғы "_______"___________
Тіркеу нөмірі № _____________________

ДИПЛОМ
о техническом и профессиональном образовании
ТКБ №______________________

Настоящий диплом выдан
___________________________________________

(фамилия, имя, отчество (при его наличии))

_____ в том, что он (-а) в _______ году
поступил(а) _______________________________
(полное наименование организации образования)
и в_______году окончил (-а)полный курс
___________________________________________
(полное наименование организации образования)
по профессии, специальности ___________________________________________
(наименование профессии, специальности)
Форма обучения ___________________________

(очное или заочное или вечернее)

Решением итоговой аттестационной комиссии от "____" ________года ему (ей) присвоена квалификация (квалификации) ___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
Руководитель_______/________/
Заместитель руководителя__________/_________/
М.П.
Населенный пункт __________________________
"____"___________________года. Регистрационный номер №___________________


      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
12- қосымша

Нысан

 Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом

       Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік
ДИПЛОМ
ТКБ №_______________________

Осы диплом
_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

______________________________ берілді.
Ол ____________ жылы _____________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

түсіп,__________ жылы ________________
_____________________________________

(білім беру ұйымының толық атауы)

толық курсын ________________________
___________________________________________ (кәсіптің, мамандықтың атауы) кәсібі, мамандығы бойынша бітіріп шықты. Оқыту нысаны ________________________

(күндізгі немесе сырттай немесе кешкі)

Қорытынды аттестаттау
комиссиясының _____________ жылғы "______"_______________ шешімімен оған
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
біліктілігі (біліктіліктері) берілді.
Басшы _________/_________/
Басшының орынбасары ______/_________/
М.О.
Елді мекен ___________________________
_________ жылғы "_______"____________
Тіркеу нөмірі № ______________________

ДИПЛОМ с отличием о техническом и профессиональном образовании ТКБ №______________________

Настоящий диплом выдан
__________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии)) ___________ в том, что он (-а) в ___________ году поступил(а) ___________________________
(полное наименование организации образования)
и в_______году окончил (-а) полный курс
__________________________________________
(полное наименование организации образования) по профессии, специальности
__________________________________________
(наименование профессии, специальности) Форма обучения ___________________________

(очное или заочное или вечернее)

Решением итогой аттестационной комиссии от "____" ___________года ему (ей) присвоена квалификация (квалификации) __________________________________________
__________________________________________
__________________________________________
Руководитель_______/________/
Заместитель руководителя ________/_________/
М.П.
Населенный пункт _________________________ "____"___________________года.
Регистрационный номер № _________________

     Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің 2018 жылғы
28 қаңтардағы № 39 бұйрығына
№ 13 қосымша

Нысан

 Екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымша

       Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.09.2018 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Приложение к диплому о
техническом и
профессиональном образовании
(без диплома ТКБ № ____
недействительно)

      ________________________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество)

      за время обучения с ____ года по ____ год в ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (полное наименование организации образования)

      по профессии специальности _______________________________________________________

      (наименование профессии, специальности)

      показал (-а) ____ соответствующие знания по следующим дисциплинам:


п/п

Наименование дисциплин

Итоговая оценка

Количество часов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Заместитель руководителя

      по учебной работе ______________________________

      Руководитель группы ____________________________

      М.П.

 

Техникалық және кәсіптік білім
туралы дипломға қосымша
(ТКБ № ____ дипломсыз
жарамсыз)

       ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ______________ жылдан бастап _____________ жылға дейін

       ___________________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы)

      ________________ кәсібі, мамандығы бойынша оқу барысында (кәсіптің, мамандықтың толық атауы)

      мынадай пәндерден тиісті білімін көрсетті:

Пән атауы

Қорытынды баға

Сағат саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары __________________________________

      Топ жетекшісі _____________________________________________________________

      М.О.     

 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары

       Ескерту. 35-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
  2. Осы Қағидалар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру тәртібін, сондай-ақ білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібін белгілейді.

 2-тарау. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды беру тәртібі

  1. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру ұйымдары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес береді.
  2. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом, біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом, магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, сондай-ақ кәсіптік даярлау туралы куәлік беру үшін тиісті (емтихан, біліктілік, аттестаттау) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.

      Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы куәлікті беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат беру үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негіздеме болып табылады.

      Ерекше мәртебесі жоқ Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы диссертациялық кеңестерде диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіз болып табылады.

      Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитет төрағасының қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.

  1. Білім беру ұйымдарында негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом, орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом Қазақстан Респубдикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 болып тіркелген) бекітілген Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерне сәйкес, жоғары білім туралы үздік диплом Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 тіркелген) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес беріледі.
  2. Білім туралы құжат тиісті шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей салтанатты түрде білім алушының өзіне беріледі.

      Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.

 3-тарау. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру тәртібі

  1. Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі – телнұсқа) жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.

      Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:

      1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;

       2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

       Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше білім беру ұйымына жүгінеді.

  1. Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
  2. Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
  3. Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
  4. Жоғары оқу орындарын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бітірген түлектерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың телнұсқасы беріледі.
  5. Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында "Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа" деген мөртаңба қойылады.
  6. Жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына "ғылым кандидаты", "ғылым докторы", "философия докторы (PhD)", "бейіні бойынша доктор" дипломдарының, "қауымдастырылған профессор (доцент), "профессор" аттестаттарының телнұсқаларын беру үшін аталған тұлғаларға ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар беру туралы Комитет төрағасының бұйрықтары негіздеме болып табылады.

 1-параграф. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
  2. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
  4. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
  5. Мемлекеттік корпорация немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  8. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  9. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
  10. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
  12. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
  13. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
  14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
  15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
  16. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  17. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
  18. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
  19. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 2-параграф. "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

  1. "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.
  2. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның кеңсесі немесе "электрондық үкіметітің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының атына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
  4. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
  5. Мемлекеттік корпорация немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  8. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  9. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
  10. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
  12. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
  13. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
  14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
  15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
  16. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  17. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
  18. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
  19. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 3-параграф. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі.

  1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғары оқу орындарымен көрсетіледі.
  2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметітің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда немесе электронды нысанда жоғары оқу орнының басшысының атына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш жолдайды.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
  4. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды
  5. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  8. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
  9. Мемлекеттік корпорация тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштерді (бар болған жағдайда құжаттар топтамасымен) жоғары оқу орынына кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы жібереді.
  10. Қабылданған өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге жоғары оқу орнына жеткізу осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде екі рет жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді.
  12. Жоғары оқу орнының қызметкері құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
  13. Жоғары оқу орнының қызметкерлері 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей, ал портал арқылы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетілген білім туралы құжаттың телнұсқасының дайындығы туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
  14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны ретінде көрсеткен жағдайда, жоғары оқу орнының қызметкерлері білім туралы құжаттың телнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошта байланысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жібереді.
  15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру болып табылады.
  16. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
  17. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
  18. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап жалпы қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
  19. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 4-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
  2. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымдардың кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

«Ақтөбе облысының білім басқармасының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «Менің елім-мәңгілік ел» атты қайырымдылық концерті өтті. Аталмыш концертке Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттері белсене қатысты.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы - ел тірегі» атты өлеңдер байқауында Ақтөбе гуманитарлық колледжі, «Бастауыш білім беру» мамандығының БК-405 топ студенті Аманбаева Нұржайна Аманбайқызы ІІ орынға ие болып дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен еді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2016 жылдың 9 қараша күні «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының жастары колледж студенттерімен кездесу өткізді. Қатысушылар «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Д.Базаркелді, Қ.Баянбаев, Ә.Бертлюев, М.Мустафин және колледж студенттері.

Page 42 of 45
  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Болатова Мадина
    Шт-105

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Оспанқызы Сандуғаш
    Сб-115

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс