Қазақстан өлкелік партия комитетінің 5-і пленумы 1932 жылы бастауыш мектеп мәселесін арнайы қарап, оның даму жолдарын белгілеп, бірнеше училище ашуды ұйғарған еді. Солардың бірі боп Ақтөбе педагогикалық училищесінің сырттай оқу бөлімі енді. Ол 1937 жылы ашылып, 1940 жылы алғашқы 34 түлегін ұшырды. Осылайша, біздің таусылмас бұлақ суындай білім беретін ордамыз тарихқа айналды! Содан бері «Бастауыш сынып мұғалімі» (қосымша информатика, орыс тілі мұғалімі), «Мектепке дейінгі тәрбие», «Көркем еңбек мұғалімі», «Графикалық дизайн», «Оркестр жетекшісі», «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша 8000-нан астам кадрлар даярланып, Қазақстанның әр түкпірінде қызмет етіп келеді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сырттай оқу бөлімі қазіргі таңда келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін көрсетеді:
№ |
Мамандық атауы |
Біліктілігі |
Оқу мерзімі |
1 |
0105000 «Бастауыш білім беру |
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» |
2 ж, 10 ай |
2 |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» |
2 ж, 10 ай |
3 |
0401000 «Кітапхана ісі» |
0401013 «Кітапханашы» |
1 ж, 10 ай |
4 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» |
2 ж, 10 ай |
2016-2017 оқу жылы бойынша аталған мамандықтарда оқитын студенттердің жалпы саны-292.
І курс- 129 студент
ІІ курс- 77 студент
ІІІ курс- 86 студент
Сырттай оқу бөлімінің оқу үрдісі бекітілген оқу графигіне сәйкес жүргізіледі.
№25 МДҰ «Балдырған тобымен бірге»
«Дені саудың жаны сау» шарасында балаларға ойындар ойнатуда
Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж мұражайында
Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж тарихымен танысуда
«Мәдениет және саз» бөлімі 95 жылға жуық тарихы бар Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үлкен бөлімі. Бөлімде «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет» және «Музыкалық аспаптар» пәндер бірлестігінде 60 оқытушы жұмыс жасайды.
2018-2019 оқу жылында бөлімде 214 студент төрт мамандық бойынша білім алуда. Олардың 52-і ер бала, 162-і қыз бала. Барлық мамандық мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылады. Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 74% -ды құрайды.
№ |
Мамандығы |
І курс |
ІІ курс |
ІІІ курс |
ІV курс |
1 |
0108000 «Музыкалық білім беру» |
Сб-115 |
Сб-205 Сб-215 |
|
Сб-415 |
2 |
0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша) |
Од-105 |
|
|
|
3 |
0401000 «Кітапхана ісі» |
Ктх-105 |
Ктх-205 |
Ктх-305 |
|
4 |
0107000 «Технология» |
|
|
|
Т-415 |
Бөлімнің алдына қойған мақсаты: студенттерге сапалы білім беру арқылы олардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде жан-жақты дамыған, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, рухани бай, инновациялық үрдістегі жаңа технологияларды терең меңгерген маман даярлау. Бөлімде оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Бөлімнің студенттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жүлделі орындарды иемденіп жүр. Атап айтқанда, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты студенттерден құрылған аралас хор ұжымы колледж мақтанышына айналды. Жетекшілері Куспанов М.О, Абишев М.А.
2016-2017 оқу жылынан бастап оқытушылардан құрылған аралас хор ұжымы жұмыс жасайды.
2018-2019 оқу жылынан бастап бөлім оқытушылары мен студенттерінен құрылған халықтық ұлттық аспаптар оркестрі өз жұмысын бастады. Жетекшісі Қартанова А.Ә.
Бөлім түлектері облысымыздың, республиканың барлық өңірінде еңбек етіп, еліміздің білім, өнер саласында өздерінің ауқымды үлестерін қосып келеді. Бөлім оқытушылары тәуелсіз мемлекетімізге мамандар даярлауда өзіндік үлес қосып, жаңа дәуірдің жаңаша бағытын ұстанып болашаққа нық басып бара жатыр.
Сабақ кестесі
Error
Осы кезеңдер аралығында:
Бөлімде «Математика және физика», «Информатика және ақпараттық жүйелер» пәндер бірлестігінде 21 оқытушы жұмыс жасайды. Ғ.З.Жунусова жетекшілік ететін математика және физика пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты математика пәні оқытушылары А.Т. Акжигитова, А.М.Канибекова, З.А.Жолмағамбетова, М.К.Уразтаева, Г.К.Изтлеуова жетекшілік ететін информатика және ақпараттық жүйелер пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты оқытушылар А.М.Майлышева, А.С.Мангибаева. Н.М.Нұрғали, А.Ж.Бөрібай, К.Ж.Идирисов, С.К.Сарсенбаева және магистрлер еңбек етеді.
2018-2019 оқу жылында бөлімде 169 студент оқиды. Математика және ақпараттық жүйелер бөлімі 2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдары қорытындысы бойынша «ҮЗДІК БӨЛІМ» номинациясының иегері. Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 87,5% -ды құрайды.
Бөлім студенттерінің облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен кездесуі
2014-2015 оқу жылында Математика және ақпараттық жүйелер бөлімінде «Серпін» белсенді студенттер командасы құрылды.
«СЕРПІН» - белсенді жастар командасы.
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
«СЕРПІН» белсенділер командасы:
«Ақберен» әуесқой театры
Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын сахналауда
Аналар мерекесінде ұстаздарға құрмет көрсету
А.Жақатай қалалық «Жігіт сұлтаны-2017» байқауының Бас жүлде иегері
Жас математиктердің «ПЛАТОН» шығармашылық орталығы мүшелері
«АҚБЕРЕН» әуесқой театры ұжымы:
Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасында Колледж директоры Е.Ғ.Нұрғалиевтың «Ақберен» әуесқой театры мүшелерін марапаттау сәтінен
«ЖАЙДАРМАН» көңілді тапқырлар клубы
2016-2017 оқу жылында:
2017-2018 оқу жылында:
2018-2019 оқу жылында:
Колледжішілік «Жайдарман» ойындарында «Феномен» командасы Республикалық жоғары лига ойынында. Астана қаласы, 2018 жыл
«РОБОТОТЕХНИКА» үйірмесі мүшелері:
«САМҒА» әдеби клуб мүшелері :
«ИНТЕЛЛЕКТУАЛ» тоғызқұмалақ, шахмат клубы мүшелері:
2015-2016 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІ спартакиада:
2016-2017 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІ спартакиада:
2017-2018 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІІ спартакиада:
2018-2019 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХІХ спартакиада
Оқу үрдісінің кестесі
Сабақ кестесі
Error
Мамандықтар бойынша осы кезеңдерде:
2018 – 2019 оқу жылында «Әдебиет және тілдер» бөлімінде мамандықтар бойынша:
Бөлімде «Жас ақын» үйірмесі, «Literature club», «Drama club», «Merry Grammar» «Градиент» клубтары, «Әбіштану» атты ғылыми шығармашылық орталық жұмыс жасайды.
Бөлім студенттері жыл сайын әр түрлі деңгейдегі конференция, сайыстар,олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленеді. Атап айтсақ, А.Малаева, Г. Айниязқызы, А.Уксикбаева, А.Есенгарин, М. Сәлімгереев, Ж.Мусагалиева, А. Теміргалиева, З. Нұрланқызы, З.Тыныбек.
Бөлім оқытушылары колледждің оқу –әдістемелік кеңесінің жоспарларына сәйкес ғылыми – тәжірибелік орталықпен, Облыстық тілдерді дамыту орталығымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шебер –класс, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер өткізіп, іс –тәжірибе алмасады.
Бөлім оқытушыларының сапалық құрамы төмендегідей:
Cабақ үрдісінің кестесі
«Тілдарын» республикалық олимпиадасы Қалалық М.Мақатаев оқуларының жеңімпазы
Халықаралық олимпиада жүлдегерлері
"Градиент" дебаттық клубы мүшелерінің жетістіктері
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге және оларды мектепке даярлау үшін білімді маман – тәрбиешілердің қажеттігі туындауынан 1972 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі бөлімі» ашылды. Ал 1980 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінде бірінші қазақ тобы ашылды. Оның бірінші меңгерушісі Т.Д.Сокова – Ящук болды.. 1996 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мамаңдығы қосымша мамаңдық негізінде оқытылды .2005 – 2006 оқу жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы болып қайтадан ашылды. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша( Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі») 2016-2017 оқу жылында барлығы – 269 студент оқиды, оның ішінде негізгі орта білім базасында – 156 студент, жалпы орта білім базасында – 113 студент, мемлекеттік тапсырыс негізінде – 160 студент, ақылы негізінде – 109 студент.
Оқыту негізі: 9 сынып негізінде -3 жыл 10 ай
11-сынып негізінде - 2 жыл 10 ай
Оқу жылдары бойынша студенттер құрамы
№ |
Оқу жылдары |
Студенттер саны |
І курс |
ІІ курс |
ІІІ курс |
ІV курс |
1 |
2014-2015 |
202 |
43 |
48 |
59 |
52 |
2 |
2015-2016 |
232 |
49 |
70 |
60 |
53 |
3 |
2016-2017 |
267 |
49 |
93 |
68 |
59 |
Біліктілігі |
Мамаңдығы |
I курс |
II курс |
III курс |
IV курс |
||||
мемлекеттік тапсырыс негізде |
ақылы негізде |
мемлекеттік тапсырыс негізде |
ақылы негізде |
мемлекеттік тапсырыс негізде |
ақылы негізде |
мемлекеттік тапсырыс негізде |
ақылы негізде
|
||
0101013 |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
Мд-105 |
МД-110 |
Мд-205 Мд-215 |
Мд-210 Мд-220 |
Мд-301 Мд-315 |
Мд-320 |
Мд-401 Мд-415 |
Мд-410 |
Студенттерге кәсіби білім беру сапасын жетілдіру мақсатында бөлім оқытушылары « Кәсіби білім және жан – жақты тәрбие беруде оқытудың жаңа технологиялары мен ақпаратты материалдарды пайдалана отырып, білім мазмұнын жақсарту» мәселесін басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді,оқу – тәрбие процесінде баланың мектепке дайындығын кең көлемді бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Биылғы 2016 – 2017 оқу жылынан бастап бір топ дуалдық оқыту жүйесімен білім алуда. Студенттердің колледжде алған теориялық білімдерін Ақтөбе қаласындағы көптеген мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибесімен ұштастыру үшін толық жағдай жасалуда.
Тәуелсіздіктің 25-жылдық қарсаңында өткізілген спорттық шара
«Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кештен көрініс
С.Ж.Мураталиева тобымен жаңа жыл кешіне дайындалу сәті
Тәжірибе кезіндегі бір күнім (Г.Нұраш-Мд-415)
Тәжірбие кезіндегі бір күнім (К.Кубайдулина Мд-415)
«Тәуелсіздік тұтқасы-бізге аманат» мерекелік шара
1-мамыр бейбітшілік күніне орай ұйымдастырылған шарадан көрініс
«Ұстаз. Жастар. Болашақ – 2016» форумы
Облыстық спорттық жарыста марапаттау сәті
Облыстық қол күрес спорттық шарадан бір сәт (С.Ж.Мураталиева – 1 орын )
«Патон» турбазасындағы қысқы шаңғы жарысынан көрініс
«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» флэшмоб
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» флэшмоб
Студенттер арасынада өткізілген «Мәңгілік елдің мәңгілік құндылықтары» мерекелік шарадағы марапаттау рәсімі
Сабақ кестесі
Error
Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Оқыту негізі: 9-сынып негізінде 3 жыл 10 ай
11-сынып негізінде 2 жыл 10 ай
«Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы 1922 жылы қысқаша педагогикалық курс негізінде құрылды.
1946-1949 жылдары мұғалімдерді даярлау ісі жылдан-жылға жақсарып, еселене түсті: 1946ж.-89, 1947ж.-143, 1949ж.-266 маман даярланып шықты.
1997-2008 жылдары Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан мектептерінің болашақта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне орай «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығының өзі «Бастауыш мектеп мұғалімі», «Бастауыш мектепте информатика пәні мұғалімі», «Бастауыш мектепте шетел тілі пәні мұғалімі» біліктіліктері бойынша мамандар дайындалды.
Кәсібін терең білетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау колледж оқытушыларының шығармашылық ізденіс пен жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім беруін талап етеді. Сондықтан да оқытушылар «мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес болуы міндетті» қағидасын ұстана отырып, әр сабағын оқушылар үшін мазмұнды да мәнді, болашақ мамандығына қажет жаңалыққа толы болатындай етіп өткізеді.
Қазіргі таңда 0105000 «Бастауыш білім беру» (Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі») мамандығы бойынша 16 топ (қазақ тобы-12, орыс тобы-4) бар. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 11 топ, келісім шарт негізінде – 5 топ. Бөлімде барлығы 367 студент білім алуда.
№ |
Мамандығы |
І курс |
ІІ курс |
ІІІ курс |
ІV курс |
||||
бюджет |
ақылы |
бюджет |
ақылы |
бюджет |
ақылы |
бюджет |
Ақылы |
||
1 |
Бастауыш білім беру |
Бк-105 Бк-101 Бк-115 |
Бк-201 Бк-205 Бк-215 |
Бк-210 |
Бк-305 Бк-301 |
Бк-310 |
Бк-401 Бк-405 Бк-415 |
Бк-410 Бк-411 Бк-420 |
Оқу жылдары бойынша студенттер құрамы:
№ |
Оқу жылдары |
Студенттер саны |
І курс |
ІІ курс |
ІІІ курс |
ІV курс |
1 |
2015-2016 оқу жылы |
363 |
90 |
108 |
93 |
72 |
2 |
2016-2017 оқу жылы |
412 |
80 |
137 |
103 |
92 |
3 |
2017-2018 оқу жылы |
398 |
100 |
72 |
127 |
100 |
4 |
2018-2019 оқу жылы |
367 |
75 |
96 |
72 |
124 |
Біліктілік бойынша кәсіби қызметінің түрлері: «Бастауыш білім берудің мұғалімі» мемлекеттік білім стандартына сәйкес бастауыш мектепте сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі көтеріп отырады. Оқу ақпаратын модельдеу, ақпараттық-оқыту ортасын құрастыру, қашықтан интерактивті қарым-қатынасты жобалау, оқу сапасының мониторингін жүргізу, білім алушылар мен оқытушының жетістіктерінің портфолиосына қажетті мәліметтер жинау әдістерін біледі.
Мамандық бойынша білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде білім алушылар біліктіліктің тиісті деңгейлері бойынша базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс.
Базалық құзыреттер:
Кәсіптік құзыреттер:
2018-2019 оқу жылындағы бөлім студенттерінің жетістіктері:
Халықаралық деңгейде:
Республикалық деңгейде:
Облыстық деңгейде:
Қалалық деңгейде:
Колледжішілік деңгейде:
Оқу үрдісінің кестесі
Оқу кестесі
Error
№ |
Мамандығы |
Біліктілігі |
Практика базалары |
1 |
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» |
0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» |
Ақтөбе қ № 38 «Әлем» МДҰ Ақтөбе қ № 7 «Арман» МДГ Ақтөбе қ «№ 9«Бәйшешек» МДҰ Ақтөбе қ «№22 «Балдырған» МДҰ Ақтөбе қ «№ 1 «Гүлдер» МДҰ Ақтөбе қ «№ 10 «Алма» МДҰ Ақтөбе қ «№ 25 «Ерке» МДҰ Ақтөбе қ «№ 33 «Нұрсәт» МДҰ Ақтөбе қ «№ 49 «Думан» МДҰ Ақтөбе қ «№ 16 «Аққайың» МДҰ Ақтөбе қ «№ 12 «Інжугүл» МДҰ Ақтөбе қ «Балақай» БОО ЖШС (дуалды оқыту тобы бойынша) |
2 |
0105000 «Бастауыш білім беру» |
0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 11 МГ» ММ Ақтөбе қ «№ 25 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 40 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 38 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 35 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 4 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 64 ОМ» ММ |
3 |
0105000 «Бастауыш білім беру» |
0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ |
4 |
0108000 «Музыкалық білім беру» |
0108013 « Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәні мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 37 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 39 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 Аққайың» МДҰ Ақтөбе қ «№ 9 «Бәйшешек» МДҰ Ақтөбе қ «№22 «Балдырған» МДҰ |
5 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 11 МГ» ММ Ақтөбе қ «№ 19 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 25 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 16 ОМ» ММ |
6 |
0111000 «Негізгі орта білім беру» |
0111063 «Математика мұғалімі» |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 64 ОМ» ММ |
7 |
0111000 Негізгі орта білім беру |
0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |
Ақтөбе қ «№ 34 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 47 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 30 ОМ» ММ |
8 |
0107000 Технология |
010701 3 - Учитель технологии основного среднего образования |
Ақтөбе қ «№ 56 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 36 ОМ» ММ Ақтөбе қ «№ 6 ОМ» ММ |
9 |
0401000 «Кітапхана ісі» |
0401013 «Кітапханашы» |
«Ақтөбе облыстық С.Бәйішев атындағы облыстық – ғылыми әмбебап кітапхана»ММ «Ақтөбе облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы»ММ «Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы»ММ «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кітапханасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе МӨУ ғылыми кітапханасы |
10 |
0403000 «Әлеуметтік- мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» |
0403013 Ұйымдастырушы- педагог |
«Ақтөбе қалалық Мәдениет Үйі» ММ, «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК |
Дуалдық оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл жүйе бойынша оқушылар өндірісте (белгілі мекемеде) еңбек ете жүріп, қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін ғана теориялық оқуға арнайды.
2016-2017 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттерін оқытуда дуальдік жүйені енгізді. Бұл мамандық бойынша «Балақай» ЖШС таңдап алынды, бұл серіктестіктің құрамына «Еркемай», «Ертөстік», «Айлин» балабақшалары кіреді. Колледж Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемемен келісімшартқа отырған болатын.
2021-2022 оқу жылында «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттері дуалдық оқыту жүйесі бойынша №64, №56, №30, №4, №35, №13 мектептерінен өндірістік және кәсіптік тәжірибеден келісімшарттар арқылы өтуде.
Ал, биылғы 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған 01120100 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01140100 –«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 032320100 – «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша қабылданған 223 студент дуалдық жүйе бойынша білім алуда. Бұл мамандық бойынша № 33 «Нұрсәт», № 21 «Кәусар бұлақ», № 45 «Алтын бала», № 52 «Құлагер» балабақшалары және алдыңғы қатарлы «Білім» мектеп-гимназиясы, «Ақбөбек» халықаралық мектебі, «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылымы кітапханасы, Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі таңдап алынды. Колледж директоры Жанара Куандыковна өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімін жасасты. Қазан айында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жоғарыда аталған мекемелермен келісімшартқа отыру жұмысы толығымен аяқталды.
1.1. Ақтөбе гуманитарлық колледжінде студенттерді кәсіптік тәжірибеден өткізу оқу процесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты 1) білім алушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау арқылы тереңдету, бекіту және мамандықтарына байланысты іскерлік дағдыларды қалыптастыру, 2) кәсіби бағдар беру жұмысын қамтамасыз ету; 3) еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес теориялық оқыту мен өндірістік оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету; 4) қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын сұраныстарына бейімделуіне ықпал ету; 5) еңбек ұжымы қызметіне тарту болып табылады. Білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибесі 27.07.2007 ж. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.09.2013 жылғы №369 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.01.2016 жылғы № 107 бұйрығымен бекітілген «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын» басшылыққа ала отырып, «Ақтөбе гуманитарлық колледжінде оқу, өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы» Ережесіне және Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және оқу жоспарларына сәйкес ұйымдастырылады.
Тәжірибенің мынадай түрлері бар:
1.2. Тәжірибенің барлық түрінің мақсат-міндеттерін ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген кәсіптік тәжірбие үлгілік оқу типтік бағдарламалар анықтайды. Типтік бағдарлама негізінде тәжірибенің әр түріне сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары жасалады. Оқу жұмыс бағдарламасы колледждің оқу-әдістемелік ұйымдастыру комиссиясы отырысында қаралып, директордың оқу -өндірістік ісі жөніндегі орынбасары бекітеді.
1.3. оқу жұмыс бағдарламасында тәжірибенің түріне байланысты түсінік беріледі, мақсат- міндеттері, өту мерзімі мен берілген сағат саны көрсетіледі, мүмкіндігінше тәжірибенің тақырыбы мен мазмұны жазылады (кейде мектеп бағдарламасының мазмұны салынады). Оқушылардың игеруге тиісті білім, білік, іскерлік дағдылары, білім алушылар мен әдіскерлердің міндеттері, тапсыратын құжат түрлері, әдебиеттер беріледі. Типтік бағдарлама болмаған жағдайда адаптивтік жұмыс бағдарламасы жасалады.
1.4. тәжірибе бойынша оқу жоспарына, тәжірибе мерзіміне, өткізу орнына байланысты өзгерістер енгізуге болады, енгізілетін өзгерістердің барлығына колледж директорының бұйрығы беріледі.
1.5. оқу, өндірістік тәжірибелерді өткізу үшін оқу жылының басында база орны айқындалып, шарт жасалады. Шартта екі жақтың міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Тәжірибе базасына материалдық-техникалық базасы, педагогтарының сапалық құрамы жоғары, колледж білім алушыларына әдістемелік көмек көрсетуге дайын мекеме алынады.
1.6. тәжірибе орнына білім алушыларды бөлу туралы колледж директорының бұйрығы тәжірибе басталатын күннен кемінде бір күн бұрын шығарылып, тәжірибе орнына бұйрық көшірмесі беріледі.
1.7. өндірістік тәжірибелерді өту барысында қажеттілікке байланысты я білім алушының өтінішіне сәйкес білім алушы базалық тәжірибе орны болып табылмайтын мекемеден тәжірибе өтуге ниет білдірсе, мекемеден сұраныс хат әкелу немесе жеке оқушыны тәжірибеден өткізу туралы шарт жасасу арқылы көрсетілген мекемеге жіберілуі мүмкін.
1.8. тәжірибе қорытындысы бойынша сынақ баға қойылып, сынақ ведомосі толтырылады. Қойылған баға теория түрінде өтілетін пәндерге қойылатын қорытынды бағамен тең қарастырылып, білім алушының жалпы үлгеріміне әсер етеді.
1.9. тәжірибе қорытындысы бойынша қойылған сынақ бағасы білім алушының сынақ кітапшасындағы «Оқу, өндірістік тағы да басқа тәжірибе түрлері» деген бөлімге түсіріледі.
1.10. тәжірибеге дәлелді себеппен (денсаулығына байланысты т.б.) қатыспаған білім алушы қатыспау себебі туралы анықтама қағазын әкелген соң тәжірибені сабақтан тыс уақытта өтейді. Ал делелсіз жіберген білім алушы үлгермеуші ретінде оқудан шығарылады.
1.11. тәжірибеге шықпас бұрын білім алушыларға тәжірибе түрі, мақсат-міндеттері, құжаттарды дұрыс толтыру, қорытындысы бойынша тапсыратын құжаттар тізімі айтылып, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және жол ережесі туралы инструктаж өткізіліп, арнайы журналға қол қойдырады.
1.12. тәжірибені қорытындылау үшін конференция өткізіліп, білім алушылардың жұмысы қорытындыланып, бағасы бекітіледі.
1.13. сырттай оқу білім алушылары үшін тек диплом алдындағы өндірістік тәжірибе қарастырылған (күндізгі оқу бөлімінде оқу жоспарында көрсетілген сағаттың 30% құрайды).
1.14. Мамандығы бойынша жұмыс жасайтын сырттай оқу білім алушысы жұмыс жасайтын орнынан анықтама әкеледі және жасаған жұмыстарының көшірмелерін тапсырады. Мамандығы бойынша не мүлде жұмыс жасамайтын білім алушылар өндірістік тәжірибе орнын өзі табады, тәжірибеден өтіп болған соң баға қойылған мінездеме, есеп, сабақ жоспары, т.б. құжаттар тапсырады.
1.15. диплом қосымшасына практика түрлеріне байланысты бағалар қорытындыланып қойылады.
1.16. оқу орнында тәжірибе бойынша төмендегідей құжаттар жүргізіледі:
- оқу жылында тәжірибе уақыты көрсетілген оқу процесі кестесі (оқу орнының директоры бекітеді).
- еңбекті қорғау, техника және жол қауіпсіздігі ережесімен таныстыру туралы журнал.
- әр топқа арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналы
- әр топтың тәжірибе қорытындысы бойынша сынақ ведомостері.
- қорытынды конференция материалдары.
- білім алушылардың тәжірибе құжаттары.
1.17. білім алушылардың тәжірибе құжаттары (мінездеме, есеп, күнделік, т.б) тексеріліп, бағаланған соң колледж мұрағатына сақтау үшін тапсырылады. Сақтау мерзімі іс номенклатурасына сәйкес.
1.18. базалық мекемелерге тәжірибе өткізгені үшін ақы төлеу бекітілген сметаға сәйкес жартыжылда бір рет жүргізіледі.
1.19. тәжірибеге бекітілген колледж әдіскеріне ақы тарификация бойынша төленеді. Бекітілген әдіскерді басқа әдіскер ауыстырған жағдайда оқу бөлімі қосымша табель толтырып, заңда қарастырылған мөлшерде төленеді.
1.20. Фольклорлық практика ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында практикалық жұмыс түрінде өткізілуі де, әдебиет тарихы, халық ауыз әдебиеті пәндерін тереңірек зерттеу мақсатында теориялық тапсырмалар орындау арқылы да өтілуі мүмкін. Фольклорлық практикаға ауыз әдебиеті үлгілерін жинау үшін ауылдық жерлерге (тұратын мекен –жайлары бойынша) жолдауға, өлкетану, этнографиялық, өнер мұражайларына саяхат ұйымдастыруға болады.
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ
Практика оқу жоспарына және оқу процесі кестесіне сәйкес колледж базасында немесе базалық тәжірибе орнында өткізіледі. Мазмұны тәжірибенің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және өндірістік практиканың Ережесіне сәйкес жүргізіледі. Колледжде өтетін оқу тәжірибесі теориялық оқу түрінде өткізіледі, алдын ала кестесі жасалып, колледж директоры бекітеді. Өндіріс базасында өтілетін оқу тәжірибесі бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылады, білім алушылар мұғалімнің, сыныптың қызметін бақылайды, талдайды, күнделік толтырады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты:
А) оқушыларды бастауыш және негізгі мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.
Б) педагогика, психология және пән әдістемелерінен аған теориялық білімдерін жетілдіру, бекіту.
В) оқушылармен және жасөспірімдермен жұмыс істей білуге үйрету.
Г) мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқу тәжірибелері:
ӨНДІРІСТІК –ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Педагогикалық 0105000 «Бастауыш білім беру» (0105013 «Бастауыш білім берудің мұғалімі», 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктері бойынша), 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0111000 «Негізгі орта білім» (0111063 «Математика мұғалімі», 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», 0111033 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»), 0107000 «Технология», 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандықтар үшін практиканың басты мақсаты:
0401000 «Кітапхана ісі», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтары үшін:
- Мамандықтары бойынша жұмысты өз беттерімен ұйымдастыру.
- мамандығы бойынша жұмыс жүргізудің әдет-дағдыларын, іскерліктерін игеру;
ТӘЖІРИБЕНІ БАСҚАРУ
Колледж әкімшілігінің міндеті:
Директордың оқу -өндірістік ісі жөніндегі орынбасары:
Практика жетекшісінің (әдіскердің) міндеті:
Бөлім меңгерушісі мен топ жетекшілерінің міндеті:
Тәжірибе орны басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері:
Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушылары- машықкерлердің міндеттері:
Үздіксіз практика аяқталған соң студент-машықкер төмендегі құжаттарды тапсыру керек
Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
Ғ. Мүсірепов
Ескарина Райла Жақсыбайқызы - кітапхана меңгерушісі, білімі жоғары, жалпы жұмыс өтілі 14 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 4 жыл.
Қобландина Найла Сенбайқызы – кітапханашы, білімі жоғары, жалпы жұмысы өтілі 16 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 3 жыл.
Колледж кітапханасының қызметі туралы ақпарат
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.
Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі – Ақтөбе аймағындағы беделді, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 12 мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды.
Кітапхана сипаттамасы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасы 1922 жылы оқу орны құрылған уақыттан бастап жұмыс жасайды. Кітапхананың жалпы ауданы 160,4 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны - 40.
Мақсаттары мен мінеттері:
Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын.
Кітапхана – өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын қатпары терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.
Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;
Колледж кітапханасы интернет желісіне қосылған, сондай-ақ, видео және фотожабдықтар колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады.
Колледжде aktobeagk.edu.kz, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы қызмет етеді. Сайтта кітапхананың арнайы AГК – парағы ашылған. АГК– парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға мүмкіндік бар. Кітапханамызда 11 компьютер, 1 принтер және сканер орналасқан. Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді. Кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу аясында жарнама материалдары жасалады, ақпараттар сайтқа енгізіледі. Ақпараттың сақталуы, өзектілігі және тұтастығы сайтта жаңартылып отырылады. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, телефон, интернет, факс байланыс құралдары қолданылады.
Кітапхана құрылымы
Колледж кітапханасының негізгі ұстанымы
Кітапхана келбеті
Колледж кітапханасы - пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық ақпарат орталығы.
Біздің ресурстар:
Кітап қоры – 71 361дана
Оның ішінде:
Кітапхананың ақпаратты іздестіру жүйесі
Іскерлік байланыстар
Кітап қорын толықтыру көздері
Кітапхана кеңесі: 5 адамнан құралған.
Кеңес төрайымы:
Мүшелері:
Кітапхана белсенділері 25 студенттен құралған.
Ақпаратты игерген ұтады
Колледж кітапханасы уақытпен қауымдасып дәстүрлі бағыттан инновациялық бағытқа көшуде. Оқу залында 10 компьютер жұмыс жасайды, барлығы интернет желісіне қосылған. Колледж оқытушылары мен студенттері өз білімін жетілдіруге түрлі ақпарат көздерін пайдалануға мүмкіндігі мол. Ақпаратты игерген кітапханалар ғана көшбасшы бола алады.
Біздің басымдықтар:
Интернет - әлемдік кеңістіктен ақпаратты іздестірудің басты ақпарат ортасы.
Біздің мақсат – сапалы қызмет
Кітапхана Сіздің ақпараттық қажетіңізді толық қанағаттандыруға, Сіздің оқу және кәсіби біліміңізді арттыруға, уақытыңызды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Пайдаланушылардың мүмкіндіктері:
2018-2019 оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік іс-шаралар
Колледж кітапханасында жоспарлы түрде көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
«Бір ел - бір кітап» акциясына байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шәкәрімнің – асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихаттау. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу.
Қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерей тойына арналған «Ақиқаттан айнымаған қалам» тақырыбындағы поэзия кеші өтті.
Мақсаты: Өтежан Нұрғалиевтің өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашып, шығу тарихы туралы мәлімет беру. Ақынның туындыларын көрермендерге кеңінен таныстыру. Студенттерді кітап оқуға баулу.
«Кітап. Жастар. Ақпараттық технология» атты жоба ұйымдастырылды.
Мақсаты: Колледж студенттеріне ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихиттау, оқуды ілгерілету, рухани мұратымызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Жоба студенттердің отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
23 сәуір- Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық қорғау күніне орай ұйымдастырылған кітап инсталляциясынан көрініс
Колледждің оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлем таныған кемел тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу өткізілді.
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Студенттердің ой –өрісін дамытып, біліктілігін, ізденімпаз шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кітапхана қызметкерлерінің қосар үлесі мол.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді. Осыған байланысты болашақта электронды кітапхана алу жоспарлануда.
2016 жылдың 19 қараша күні облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев колледжімізге келіп, материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие үрдісіндегі қол жеткізген жетістіктерімізбен танысты. Әкімнің біздің оқу орнымызға келуі, жастар, болашақ иелері үшін үлкен мәртебе екенін атап өткен жөн.
Колледж хор ұжымының қол жеткізген жетістіктерімен облыс әкімін Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа жетекшісі М.Куспановтың таныстыруы
Студенттердің түрлі байқауларға ұсынып, жүлделі орындарды иеленген жұмыстарымен таныстыру сәтінен
Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен оқытушыларды марапаттау кезі
Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен студенттерді марапаттауы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» колледжішілік дебат- танымдық зияткрлік турнирі болып өтті. Талқыға салынған өзекті мәселе:«Қазіргі Қазақстан жастары патриот, патриот емес» Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын ауқымды түрде насихаттау, оқытушылар арасындағы саяси сауаттылығының артуына ықпал ету.
Дебатқа колледждің «Бастауыш білім беру», «Мәдениет және саз», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімдерінің оқытушылары қатынасты. Бөлім бойынша 3 оқытушыдан құралған команда өзара сайысқа түсіп, алынған тақырып бойынша өздеріне берілген мәселені талқылауда асқан шеберліктерін көрсете білді. «Әділқазылар алқасы кеңесе отырып, «Мәдениет және саз» бөлімінің оқытушысы Куспанов Мербол Оразбекұлын «Үздік спикер» деп танып, жүлделі ІІІ орынды «Мәдениет және саз» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары, жүлделі ІІорынды «Бастауыш білім беру» мамандығы, жүлделі І орынды «Математика және ақпараттық жүйелер» мамандығы иеленіп, марапатталды.
«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атты ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайсында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін Жанар Төрежанқызы марапатталды.
«ZIAT» Ғылыми –әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атта ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында ІІ орынға ие болған Қалышева Аңсаған (жетекшісі Жанар Төрежанқызы) марапатталды.
Диплом и степени награждается Майлыбай Фариза Лауреат Республиканского творческого конкурса «Воды Казахстана: качество воды для жизни и отдыха» руководитель Құдайберген С.П.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылыдғына орай оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік -тұғырым» атты көркемсурет байқауында І орын С.Несипбаева, М.Сағынбай берілді.
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Қақастан Республикасының Президенті күніне арналған «Әлеуетті Қазақстанда Президентпен бірге» атты облыстық ғылыми конференцияда А.А.Сәлімкереева (жетекшілері Б.М. Жамекова, Ж.М.Адилова) марапатталды.
Ағылшын тілі пәні педагогтардың арасында ұйымдастырылған облыстық олимпиадада терең білімі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде танытқаны үшін колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушылары І дәрежелі дипломмен Г.К.Дильмухамедова, А.Ж.Мулкаманова, Ж.С.Жаманкулова, К.А.Еспанова. марапатталды.
Қожа Ахмет Яссауидің өмірден озғанына 850 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен еңбектерінің түркі халықтарының тарихында алатын орны мен ролі» атты студенттер арасында баяндама оқуларында жеңіске жеткені үшін І дәрежелі дипломмен Көлбаева Ақмарал (жетекшісі: Тұрғамбай Ардақ) марапатталды.
«Педагог – психолог портфолиосы» тақырыбындағы облыстық сырттай байқауында кәсіби шеберлігін танытқаны үшін колледж психологі Б.Б.Нурмукашева І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Информатика пәнінің оқытушысы Ақтолқын Бөрібай мен Айгуль Курманбекованың ұйымдастыруымен «АКТ-ны кіріктірілген сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында коучинг сабағы өтті. Коучинг сабағының мақсаты: оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану жолдарын көрсету және білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, үздік ғылыми жетістіктерді пайдалану. Қатысушыларға Kahoot ойын платформасы көмегімен тест тапсырмасын құрастыру және оны орындау тәсілдерін көрсете отырып, жүргізді.
«Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Жаңартылғанбілімберумазмұны – оқытушыныңкәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігі аясында шетел тілі пәні оқытушысы Амантаева Заура “Complex object. Object with prepositions to, for” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаңартылған білім беру мазмұны оқытушының кәсіптік іс – әрекетінің негізгі» тақырыбындағы «Шетел тілі » «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында 25.10.18. шетел тілі пәні оқытушысы Жумашева Динара «The famous actors in Kazakhstan. Pronounsmuch, many, little, few. » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтікэкономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Бастауыш білім беру» бөлімі студенттері әлеуметтік серіктес мектептердің бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңартылған білім мазмұнындағы жаратылыстану, дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелге Ақтөбе қаласының орта мектептерден директордың бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жаратылыстану, дүниетану пәндеріндегі тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуі, топсаяхат, заттық сабақтар және тірі табиғат бұрыштарында, географиялық алаңда жүргізілетін жұмыстар және жаратылыстану, дүниетану пәндеріне бөлінген жүктеме сағаттар, қалыптастырушы, жиынтық бағалау туралы өз тәжірибелерімен бөліссе, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлімінің IV курс студенттері байқау тәжірибесінен өту кезіндегі кездескен қиындықтары мен оларды шешу жолдары туралы айтты.
«Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік – экономикалық» оқу–әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар–практикум өтті. Химия пәні оқытушысы Нұрбол Токсанбаев, тарих пәні оқытушысы Ғайса Нурманов, биология пәні оқытушысы Мереке Сейтен «Колледжге бейімделген қысқы мерзімді жоспар дайындаудың әдіс–тәсілдері» тақырыбында семинар – практикум өткізді. Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар өздеріне берілген материалдарды қолдана отырып колледжге бейімделген қысқа – мерзімді жоспарлардың үлгілерін жасады және талдады.
2018-2019 оқу жылынан бастап колледжде гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестіктер өзара біріктіріліп, жұмыстар қолға алына бастады. Солардың бірі «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Математика және физика» оқу-әдістемелік бірлестіктерімен бірлескен «Жаңашылдық - жаңа талап» тақырыбында мамандық онкүндігі жоспарына сәйкес «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің оқытушылары Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаева, Замзагуль Жолмағамбетова “STEAM технология” тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырды. Оқытушылар STEAM технологиясы туралы ақпарат бере отырып, студенттердің сыни ойлауын және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе гуманитарлық колледжінде бірлескен жоспар негізінде Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Студенттердің ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» тақырыбында студенттердің ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. Студенттердің жұмысы алты секция бойынша өткізілді. Конференцияға 200-ден аса студент қатысты, соның ішінде Қарағанды мемлекеттік Е.А.Букетов атындағы университеті, Х.Досмухамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі, Астана жоғары медициналық колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ақтау гуманитарлық колледжі студенттерімен қатар, Қарағанды жоғары медициналық колледжі, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Маңғыстау туризм колледжі, Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі, Ақтөбе қаласы мен облысының 14 колледж студенттері қатынасты.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлескен жоспар негізінде 2018 жылғы 15 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа табысты қадам» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Конференцияға Ақтөбе облысының колледждерінен 50-ден астам студенттер қатысты. Шараға қатысқан студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыстарын қорғады.Студенттердің ғылыми-практикалық бағыттағы ізденушілік қабілеттерін, оларды дамыту мен көтермелеу бағытындағы жұмыстарын сараптау үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университетінен филология ғылымдарының кандидаттары және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасына қарасты Тілдерді оқыту орталығының мамандары, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мамандары комиссия мүшесі ретінде шақырылды. Конференцияға қатысушылардың жұмыстары үш бағытта сарапқа салынды.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш сыныптарда критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға бастауыш сынып мамандарын даярлайтын колледж оқытушылары және әдіскерлер қатынасты. Колледждің тәжірибелі оқытушылары жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сыныпта критериалды бағалауды жүргізудің әдістемесі туралы құнды ақпараттар беру арқылы проблемаларды шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсетті.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлескен «Мәдениет және саз бөлімі» оқытушыларының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім-болашақтың кепілі» атты облыстық семинар өткізілді.Семинарға облыс мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдардың музыка пәні мұғалімдері қатысты.
Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығымен бірлескен «Шеберліктің маржан тамшылыры» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел болып өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты -жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болашақ педагог мамандарды даярлаудың жетістік және кемшілік тұстарын анықтау, жетілдіру бағытында жұмыстарды жоспарлау. Дөңгелек үстел қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің талқылануы бағытында өрбіді. Аталған шараға «Өрлеу» ҰБАО Ақтөбе филиалының кафедра меңгерушісі А.М.Токсанбаев, аға оқытушы Ж.Г.Займолдина, облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығынан М.К.Жубандыкова және А.А.Искендировалар, сонымен қатар қала және аудан мектептерінің жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдері қатысты. Талдауда төмендегідей арнайы мәселелер ұсынылды: бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны және мақсаттары туралы, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолданылатын тәсілдер және оларды қолдану ерекшелігі, белсенді оқудағы мұғалімнің ролі, дайындығы, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесінің қолданылуы, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс. Семинар соңы дөңгелек үстел барысындағы талқыланған мәселелер төңірегінде айтылған пікірлерді қорытындылап, ұсыныстар айтумен аяқталды.
2017-2018 оқу жылынан бастап колледжде «Кәсіби шеберлік» мектебі эксперименттік алаңы жұмыс жасайды. «Кәсіби шеберлік» мектебінің мақсаты - шеберлік білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие,идеялық-адамгершілікті, мәдени және этикалық қағидаларды ұстанатын, әлеуметтік жауапкершілікті қызметке және тез өзгергіш әлемдегі үздіксіз білім алуға дайын болуды қамтамасыз ететін, жан-жақты, білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына көмектесетін шыңдалған оқытушыларды дамыту, сонымен қатар оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуы, өздігінен білім көтеруі, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау. «Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні оқытушысы Ляззат Балгазиева мен Акпатша Алдонгарова «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қатысушылар диалогтік оқытуды сабақ беру барысында енгізудегі қолданылатын әдіс-тәсілдері туралы мол мағлұмат алды.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес педагогика пәнінің оқытушылары Назира Бурибаева мен Райгуль Булебаеваның ұйымдастыруымен «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында семинары өтті . Семинар барысында қатысушылар тәжірибеге сүйене отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың педагогикалық әдіс тәсілдерді қолдануды меңгерді. Семинар мазмұны арқылы қатысушылар жаңартылған білім беру жүйесіне орай біршама мағлұмат алды.
«Кәсіби шеберлік мектебі» жоспарына сәйкес орыс тілі пәні оқытушысы Гульзира Абдуллина және ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Айгуль Курманбекова және Индира Амантаева «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушылар топпен жұмыс жасауда бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын дамыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін зерттеп, талқылады.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Б.К.Жаркаева мен Г.К.Изтлеуованың ұйымдастыруымен «Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында оқытушылар белсенділік танытып, ақпараттық материалдардың пайдаланудың оңтайлы тәсілдерін үйренді.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес математика пәні оқытушылары Гайни Жунусова, Алмагуль Канибекова, Мейрамгуль Уразтаеваның ұйымдастыруымен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнына сай критериалды бағалаудың маңыздылығы көрсетілді. Барлық жұмыс түрлері тиімді әдіс –тәсілдерді қолдана отырып жүргізілді. Семинарға қатысушылар жүргізілген іс-шара мен оның маңыздылығына оң бағаларын берді.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сай педагогика пәнінің оқытушысы Ирина Умарова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Эллина Карасаева деңгейлік бағдарлама бойынша «Жаңа білім мазмұны: топтық жұмыс» тақырыбындағы колледжішілік оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушылар шағын топтарда бірлесіп жұмыс жасауды: формальды түрде жұмыс істейтіндер мен белсенді жұмыс істейтіндер арасындағы айырмашылықты ескере отырып шағын топтарда жұмыс жасауды ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Мейрамкүл Жусупова, Рабиға Шаңғалаева, Шолпан Шумакованың ұйымдастыруымен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты талантты және дарынды қабілетті ынталандыру арқылы, топтағы белсенділікті арттыру. Ұйымдастырушылар тірек сөздерге ұйқас өлең жолдарын құрастыру, түрлі түсті қағаздан тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін арттыратын ойын әдістерін қолданып, қатысушыларды қызықтыра білді.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес Кабира Ниетбаева «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бірнеше әдіс - тәсілдері ұсынылды.
«Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес оқытушылар Анаргүл Нұрасқанова мен Гүлнар Бультенованың ұйымдастыруымен «Басқару және көшбасшылық» тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқыту семинарында қатысушылар топтаса жұмыс атқара отырып, көшбасшылықтың ерекшеліктерін айқындаумен қатар, топтағы студенттердің қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алатын тиімді жолдары көрсетілді.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru