Жастар ісі жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып, студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысатын колледждің құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттік жастардың қызығушылықтарын жан-жақты қолдауды ұйымдастыру, сонымен қоса, жастар саясаты саласында уәкілеттілікті жүзеге асыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған.

Негізгі мақсаттары:

  • Жастардың рухани, мәдениетті, білімді және физикалық дамуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған ұйымдастыру жағдайларын жасау.
  • Жастардың әлеуметтік-маңызды бастамаларын жүзегеасыру.
  • Жастарды қоғамның әлеуметті белсенді азаматы ретінде тәрбиелеу.
  • Басқа жастар ұйымдарымен әріптестікті орнату.

 

 

Қазымбет Нұрпейіс  Айдаулетұлы - Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

 Мұхамбетжан Лейла Талғатқызы - Студенттік парламент ұйымының президенті

 

 

Тулеуова Асылжан Асылханкызы -Құқық фракциясының жетекшісі

Бекжанов Томирис Қаласқызы - Дебат фракциясының жетекшісі
Жұбатова Ақтоты - Мәдениет және өнер фракциясы
Өтепберген Аяулым - Қамқорлық фракциясының жетекшісі
Әділбек Айжан Нұрсұлтанқызы - Ақпарат фракциясының жетекшісі

 

 

 Құдайбергенов Дінмұхаммед – жеке тұлғаның интеллектуалды даму секторының жетекшісі

 

 

 Нуршекенова Еркеназ – сауықтыру – спорт жұмыстары секторы жетекшісі

 

 

 Жанажанова Ақбота – патриоттық және саяси жұмыстар секторының жетекшісі

 

 

 Самен Перизат – ақпараттық- техникалық секторының жетекшісі

 

 

 Қуандық Ердаулет – КТК ойындар секторының жетекшісі

 

 

 Оңайбергенова Әмина – «Мейірім» еріктілер секторының жетекшісі

 

 

 Ербұланұлы Мерлан - «Ақберен» әуесқой театр секторының жетекшісі
   Бұхарбаева Назерке - бұқаралық- мәдениет секторының жетекшісі
Жұма, 03 Ақпан 2023 00:41

Ата-ана және колледж

Ағымдағы жылдың 11-қарашасында «Математика және тілдер» бөлімінің ұйымдастырумен «Бала тәрбиесі - отбасы мен колледждің ажырамас бөлшегі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты ашқан бөлім меңгерушісі Д.Е.Нысанкуатова білім беру барысында алға қойған мақсаттарға жету үшін колледж бен ата-ана арасында тығыз байланыстың болуы білім алушылардың оқу процесі кезіндегі сабақ үлгерімі мен тәрбиесіне оң ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар колледждің ұлағатты ұстазы Жамекова Бибігүл Мұстафиевна сөз сөйлеп, колледж психологы Жармұханбет Н.Е. қызықты тренинг өткізіп, жатақхана меңгерушісі Махамбетова С.Ж. және әлеуметтік педагог Төреғали М. С. колледж студенттерінің тәрбиесі мен психологиялық жай-күйіне қатысты сөз сөйледі. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар колледж ұжымына алғыстарын айтып, алдағы уақытты да колледжіміздің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене атсалысатынын жеткізді.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

  1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға;
  2. «Білім туралы», «Неке және отбасы», «Бала құқығы туралы» Заңдар, колледж Жарғысы және басқа да  нормативті – құқықтық актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға; 
  3. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, колледж әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс жүргізуге;
  4. Білім алушының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  5. Сабақтан тыс іс-шараларға, үйірме және спорттық секцияларға, олимпиада, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Колледж Жарғысына сәйкес киім үлгісін сақтауын қадағалауға;
  7. Егер студент колледж мүлкін бүлдірсе көрсетілген шығынды қалпына келтіруге;
  8. Студентті сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп, тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Студенттің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Кәмелетке толмаған студенттерге заңды өкілінсіз кешкі сағат 23.00-ден кейін көшеде жүруіне тыйым салуға;
  11. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  12. Баланың  салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  13. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ағымдардан қорғауға және сақтандыруға;
  14. Әр ата-ана және студент колледждің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

2021-2022 оқу жылына арналған

ата-аналар жиналысының кестесі

р/с

Бөлімдер атауы

Күні, уақыты

Жауапты

1.

Математика және ақпараттық жүйелер

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

2.  

 Мектепке дейінгі тәрбие

03.09.2021

17.05.2022

Бөлім меңгерушісі

3. 

Мәдениет және саз

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

4. 

Бастауыш білім беру

03.09.2021

17.05.2022

Бөлім меңгерушісі

5.  

Әдебиет және тілдер 

03.09.2021

16.05.2022

Бөлім меңгерушісі

Жұма, 03 Ақпан 2017 00:40

Студенттер үйі

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасы 350 студентке арналып жасақталған.

Колледж жатақханасы компьютер орнатылған оқу бөлмесі, демалыс бөлмелері, акт залы, медициналық бекет, асхана, тұрмыстық қажетті бөлмелермен жабдықталған Жатақханада тұратын студенттерге барлық жағдай жасалған.

Студенттер үйінің негізгі мақсаты студенттердің тұруына әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және жақсарту. 

Міндеттері 

  • Студенттерге қолайлы жағдай жасау;
  • Мәдени және тәрбиелік шаралар ұйымдастыру;
  • Студенттердің өзіндік басқару жүйесін дамыту;
  • Тұрғындардың Студенттер үйінің Ережесін орындауын қадағалау;
  • Студенттер үйінде санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін тиісті талапқа сай ұстануын қадағалау;
  • Студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстауға және жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, белсенді тұлға болуға баулу.

Құрылымы

  • жатақхана меңгерушісі
  • тәрбиешілер
  • комендант
  • кастелянша
  • кезекшілер

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 15/ІІ корпус/

Байланыс телефоны: 8/7132/ 56-34-13, 41-62-19

 

 

 

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  1. Жалпы ережелер

Ақтөбе гуманитарлық колледжі” МКҚК (Колледж)  студенттік жатақханасы туралы бұл ережелер Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, Колледж Жарғысы және өзге де құқықтық-нормативті құжаттарға сай жасалған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бұл ереже Колледж және студенттер, талапкерлер, сонымен қатар жатақханадан орын алатын, жатақханадан шығарылатын өзге де тұлғалардың ара-қатынасын реттейді. Сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың жатақханада тұрған кезеңіндегі қарым-қатынастарын қарастырады.

 

  1. Жатақханаға орналастыру тәртібі:
    • Әр жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға рұқсат алатын студенттердің тізімі (жоғарғы курстар үшін) жатақханаға орналастыру комиссиясымен анықталады. Ал І курс студенттері бұйрық бойынша колледжге қабылданғаннан кейін ғана жатақханадан орын алуға құқылы.
    • Студенттерді жатақханаға орналастыру алдында арнайы құрылған комиссия жатақхананың (бөлмелердің, қоғамдық орындардың) студенттерді орналастыруға дайын екендігін тексереді. 
    • Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі.
    • Жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттағы 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

 

  1. Жатақханадағы әкімшілік тәртіптің реттелуі:
    • Жатақханаға орналасу кезінде студент рұқсатнама қағазын алады, төсек қажеттіліктерімен қамтамасыз етіледі де, пайдалану барысында бөлмедегі әр студент материалдық жағынан жауапты болады. 
    • Жатақханаға төленетін тұру ақысы оқу орны бойынша шығарылған тиісті бұйрыққа (өкімге) сәйкес белгіленеді. 
    • Жатақхана сағат таңғы 07.00-де ашылады және жазғы уақытта сағат 21.00-де, қысқы уақытта 20.00-де жабылады. 
    • Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
    • Колледж директоры бекіткен кесте бойынша әкімшілік мүшелерінің кезекшілік кестесі құрылады.
    • Әкімшілік кезекшілік уақыты 19.00-21.00 және 21.00-23.00 аралығында және түнгі кезекшілік 23.00-06.00 аралығында жүргізіп отырады.
    • Студенттердің бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.   
    • Студент колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса жатақханадан шығарылады және төлемақысы қайтарылмайды. Ал өз еркімен жатақханадан шықса, тұрмайтын уақыты есепке алынып, жатақханада тұру ақысы қайтарылады.  

 

  1. Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары:
    • Жатақханада тұратын әрбір студент “Жатақханада тұру ережесімен” танысып, қол қоюға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттер тұру ақысын белгіленген мөлшерде және уақытылы төлеуге міндетті.  
    • Тазалық, тәртіп сақтауға және жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге міндетті.
    • Жатақханаға кірер алдында ескертпей-ақ рұқсатнаманы көрсетуге міндетті.
    • Жатақханада тұрып жатқан студенттер электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті. 
    • Кестеге сәйкес әр студент қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әр студент белгіленген сенбіліктерді өтеуге қатысуға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер және қызмет көрсету персоналы өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті. 
    • Студент Өрт қауіпсіздігі Ережелерін қатаң сақтауға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді (кір жуатын машиналар, компьтерлік сыныптағы заттар, тоңазытқышты), өз бетімен сабаққа дайындалу, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелердің пайдалану ережесін сақтауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әрбір тұлға Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі Студенттік кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын студенттер сенбі, жексенбі күндері жатақханада болмаған жағдайда жазбаша түрде рұқсат алуға және тіркелу журналына жазылып кетуге міндетті (баратын мекен-жайы, қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек және бөлім меңгерушісінің рұқсаты болу керек).
    • Жатақханадан уақытша шыққан кезде өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана кезекшісіне тапсыруға міндетті;
    • Оқу жылы аяқталысымен студент бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге және оны қабылдау-тапсыру кесімі бойынша комиссияға тапсыруға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттердің жатақханадағы Студенттік кеңестің құрамын сайлауға және оның құрамына сайлануға құқығы бар.
    • Студенттік кеңес арқылы жатақханада тұратын студенттер тұрғын орнын, тұрмыстық  жағдайын жетілдіруге және тәрбие жұмыстары мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатыса алады. 
    • Колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақхана ережесін бұзбаған студенттің келесі оқу жылында жатақханаға орналасуға айрықша құқығы бар. 
    • Студент бөлмені кесім бойынша тапсырмай, өз бетінше кетіп қалса немесе бөлме, жиһаз, керек-жарақтар бойынша комиссия ескертуі бар болған жағдайда студенттің жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға мүмкіндігі жоқ. 
    • Студенттің бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік  сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі. 
    • Жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілері анықталған жағдайда колледж әкімшілігі шара қолдануға мүмкіндігі бар. 
    • Сағат 23.00-ден кейін жатақханада тыныштық бұзуға жол берілмейді.
    • Артық жарықтандыру құралдары және ас бөлмедегі электр пештері сөндірілуге тиіс. 
    • Егер студент бойынан басқа студенттердің денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы ауру анықталса, ауырған студент емделу үшін жатақхананы босатуы тиіс.
    • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері немесе электр құралдарын пайдалану нұсқаулықтары бұзылған жағдайда жатақханадан шығарылуға дейінгі қатаң шара қабылданады. 
    • Жатақханадағы Студенттік кеңес өзін-өзі басқару құқығына ие.
    • Егер студент Ішкі тәртіпті өрескел бұзған жағдайда (арақ-шарап ішіп ұсталса, жатақханада шылым шексе, насыбай қолданса, кешкі уақыттарда жаз мезгілінде 21:00-ден кейін, ал қыс мезгілінде 20:00-ден кейін жатақхана жабылған соң, өз бетінше рұқсатсыз шығып кеткен жағдайда, балағаттау сөздер айтса, жатақханада төбелес ұйымдастырса, заңсыз діни ағымдарды уағыздаса, әкімдік рұқсат етпеген митингілер мен шеруге қатысса, басқа адамның өміріне қауіп төндіретін әрекет жасаса, құқық қорғау ұйымдарынан заң бұзушылыққа қатысы бар дәлелденген ресми құжаттар келсе) студенттің ата-анасына хабарласып, колледж әкімшілігі бірден жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда студент бөлмесін босатуы керек.
    • Колледждің, жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда немесе жатақханадан шығарылған студентке жаңа оқу жылында жатақханадан орын берілмейді.  
    • Студент жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.
    • Жатақхананың әр тұрғын жайында (бөлмеде, қабатта) староста сайланады. Қабат старостасы бір қабат тұрғындарының жалпы жиналысында сайланады. Тұрғын жай старосталары қызметтерін атқарғанда Колледждің заңдық құжаттарын, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қолдағы ережелерді, сонымен қатар жатақхана кеңесі мен Колледж әкімшілігінің шешімдерімен жетекшілік етеді.
  2. Жатақхана Кеңесі:
    • Қабаттар мен бөлмелердегі старосталардың қызметтерін реттейді;
    • Жатақханадағы өз-өзіне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
    • Тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырылады;
    • Жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі;
    • Тұрғындардың мүддесін қорғайды;
    • Мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
    • Бөлменің (қабат) таза жиналып тұрғанын қадағалайды.

 

  1. Студенттерге мүлдем тыйым салынады:
    • Жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдік ішуге және сақтауға;
    • Жатақханада, оқу ғимараттарында және колледж аумағында темекі шегуге, насыбай қолдануға; 
    • Тұрғындардың нормативке сай емес лексиканы (дөрекі сөздерді) қолдануына;
    • Бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға; 
    • Тұрып жатқандарға тұрғын бөлме қабырғасында және ортақ пайдалану орындарында, егер ол жатақхана мүлкіне залал келтіретін болса, сабақ кестесін, көшірме суреттерді, хабарландырулар және т.б. ілуге;  
    • Рұқсатсыз электр сымын қайта өңдеуге немесе жөндеуге, бөлме қабырғасына рұқсатсыз шеге қағуға (кейде электр тоғы өтетін сымдарға әсер етуі қаупі болғандықтан); 
    • Сағат 23:00-ден кейін студенттердің басқа бөлмелерде болуына;
    • Жатақханада тұратындарға өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға, тұрғын жайда электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға; 
    • Жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге;
    • Бөлменің кілтін бөтен адамға беруге;
    • Бөлмеде жануарлар ұстауға;
    • Дауыс көтеруге, шу шығаруға және музыканы қатты қойып тыңдауға.

 

  1. Алғыс білдіру
    • Жатақхананың тұрмыс-тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға:
  • Алғыс жарияланады;
  • Мақтау қағазымен марапатталады;
  • Сыйлықпен марапатталады және т.б.

 

  1. Жауапкершілік:
    • Жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек-жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға міндетті.
    • Студенттің бөлмедегі жеке заттары мен мүлігінің сақталуына жатақхана әкімшілігі жауап бермейді.
    • Қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты. 
    • Жатақханадағы рұқсат арқылы кіру жүйесінің бұзылмауына жатақхана күзетшісі (вахтер) және жатақхана меңгерушісі жауапты. 
    • Осы Ережені, Жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін жатақхана тұрғындары студенттерге шара қолданылады.
Жұма, 03 Ақпан 2023 00:36

Психологиялық қызмет

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің психологиялық қызметінің

2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық есебі

 

Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша 2022-2023 оқу жылы психологиялық қызметтің жылдық жоспары құрылды. Психологиялық қызметтің мақсаты-білім беру ұйымында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

-           Білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау;

-           Білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету;

-           Білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік - кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.

Қыркүйек айында студенттермен аталған бағыттар бойынша жұмыс жасауға ата-аналарынан қолхат алынды.

Психодиагностикалық бағыт бойынша  барлық І курс білім алушыларының психологиялық – әлеуметтік даму карталары толтырылды. Мақсаты - 1 курс білім алушыларының психологиялық хал-ахуалын білу, кәсіби бағдарын анықтап, топтағы қарым-қатынаспен бейімделу деңгейін анықтау.

Түзету-дамыту жұмысы аясында 1 курс студенттеріне «Біз біргеміз» психологиялық тренингі өткізілді. Мақсаты-топ ішінде жағымды ахуал қалыптастыру, сыйластық ортасын құру. Сонымен қатар, жатақхана студенттерімен кездесу барысында бірлесу ойын жаттығулары жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.

                                               

 

Қазан айында студент бойындағы агрессия, мазасыздану, өз-өзіне қастандық жасау деңгейінің көрсеткішін анықтауға арналған Басса-Дарки сауалнамасы 1-2 курс студенттерінен (жалпылама 662 студенттен) онлайн  https://psy.aonpc.kz/ сайтында алынды.

1 курс бойынша сауалнама- 468 студент

2 курс бойынша сауалнама-194 студенттен алынды.

Сауалнама нәтижесі бойынша агрессия деңгейі орташа, жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар жартылай сұхбатқа шақырылды.

Нәтижесінде төмен, орташа, жоғары агрессия деңгейін көрсеткен студент топтарында Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасына сәйкес ««Ой, сезім, мінез-құлық»», «Өмірді бағала», «Күйзелістен қалай арылуға болады» тақырыптарында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Профилактика және психологиялық ағарту бағытында жатақхана студенттерімен кездесуде психологиялық тренинг, ойын-жаттығу ұйымдастырылды. Мақсаты-  қыз балалар тәрбиесі, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтардан өзін сақтандыру мақсатында «Қыз баланың тәрбиесі» атты Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат мамандарымен семинар өткізілді.

Сонымен қатар, қыркүйек-қазан айларында бөлімішілік, топішілік ата-аналар жиналысында «Отбасылық тәрбие беру стратегиялары», «Бала ата-ананың ізімен» психологиялық трениг, «Отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастық-жасөспірімнің үйлесімді дамуының басты көрсеткіші» тақырыбында баяндама оқылды. Мақсаты: жасөспірімдік кезең ерекшеліктерін баяндау, эмоциялар мен өзара қарым-қатынастарды орнату жолдарымен таныстыру. Ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,өзін-өзі тануына бағыт беру,тәрбие жайлы пікір бөлісу.

Қараша айында құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет’ атты құқықтық онкүндік аясында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды анықтауға бағытталған» сауалнама жүргізілді.

Білім алушылардың психоэмоционалды сауаттылығын жақсарту және тұлғалық дамуына мүмкіндік беретін өмірлік құндылықтарды бағалауға «Бақытты бала» психологиялық акциясы аясында топтарда «Өзіңнің көңіл-күйіне әсер ет және оны жақсарт» тақырыбында түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірім бойындағы қорқыныш, стресс, депрессия деңгейін анықтау мақсатында 1-2 курс студенттерінен «ДАСС» сауалнамасы алынды. ДАСС сауалнамасы нәтижесі негізінде депрессия, мазасыздық деңгейі жоғары көрсеткен студенттерден жеке, депрессиялық күйдің деңгейін анықтау мақсатында жартылай сұхбатқа шақырылды. Хаттамалар, сұхбат нәтижелері электрондық журналға тіркелді.

Желтоқсан айында “Білім алушыларға желтоқсан айында  «Социометрия»      әдістемесі жүргізілді. Социометрия әдісі – топ ұжымы ішіндегі әлеуметтік баспалдақты, сондай-ақ лидерлікке бейімділік қабілеттерін, топтағы қарым – қатынасты анықтау. Әдістеме қорытындысы бойынша «Топ лидерлері», «Топ қалаулылары», «Қалаусыздар»,«Оқшауланған» студенттер анықталады.  Қалаусыздар,оқшауланған студент жеке кеңес беруге шақыртылып, топта ауызбіршілікті нығайту бағытында тренингтер өткізіліп, қосымша бақылауға алыну үшін топ жетекшісіне ескертілді.

«І курс студентінің оқу процесіне және жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында педагогикалық кеңесте мәселелер қаралып, ұсыныс білдірілді.

 

Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері:

  • Білім беру мекемесінде психологиялық ахуалды қалыптастыра отырып, студенттердің психологиялық даму үдерісін басқару;
  • Студенттердің дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету;
  • Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Білім беру ортасында студенттердің оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және психологиялық қолдау көрсету;
  • Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас стилін реттеу;
  • Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.

Психологиялық қызметтің бағыттары:

І. Психологиялық алдын алу – педагогтарды, ата-аналарды, студенттерді психологиялық біліктілікке баулу.

ІІ. Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу.

III. Психологиялық түзету – студенттердің жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Жоспар бойынша студенттермен  психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізіледі:

  1. «Социометрия» әдісі – топ ішіндегі жеке қатынастарды зерттеу, жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтау.
  1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу » бағдарламасы - 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізу.
  2. «Бек» когнитивтік терапиясы – студенттердің  депрессия деңгейін зерттеу.
  1. «Спилберг» әдістемесі – мазасыздық деңгейін зерттеу.

Проективті әдістер:

  • Р. Бернстің “Автопортрет” әдістемесі – тұлғаның қасиетін анықтау.
  • “Әлемде жоқ жануар” әдістемесі – зерттелушінің мазасыздануын анықтау.
  • “Үй. Ағаш. Адам” әдістемесі – өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау.
  • «Кактус» әдістемесі – студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау.

  

Сенбі, 04 Ақпан 2023 17:34

Тәрбиелік іс-шаралар

 

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні «Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет» атты құқықтық онкүндігі аясында студенттермен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" атты құқықтың онкүндігі аясында "Бастауыш білім беру" мамандығының Бк-316тобында "Құқық бұзушылықтың түрлері" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Студенттер жастар арасында құқық бұзушылықтың болу себептері, алдын алу шаралары, тәртіптілікті сақтау туралы ой бөлісті.

Ақтөбе облысының білім басқармасы жариялаған "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" тақырыбындағы онкүндік аясында гуманитарлық колледжде ер балалармен дөңгелек үстел өткізілді. Жиында адам құқығы, қоғамдық және ішкі тәртіп тақырыбында сөз қозғалып, студенттер арасындағы ынтымақ пен бірлік насихатталды

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы жатақхана студенттерімен "Тәртіпке бағынған құл болмайды" тақырыбында жиналыс өткізді.
Бас қосуда құқықбұзушылықтың алдын алу, жатақхана тәртібі,  қарым- қатынастағы әдеп мәселелері сөз етілді.

 

4-25 қараша аралығындағы "Құқық бұзушылықтың алдын алу -- басты міндет" онкүндігн қорытындылау мақсатында "Адамзаттың бәрін сүй..." тақырыбында поэзия кеші өтті. Шарада студенттер түрлі тақырыпта өлеңдер оқып, белсенді студенттер алғыс хатпен марапатталды.

 

Ағымдагы жылдың 1 желтоқсан күні "Халықтық ұжым" "Әлия гүлі" қазақ би ансамблі-бізде қонақта" тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақтың әдемі билерімен бірге ұлттық және заманауи билерді тамашаладык. Колледжіміздің "Халыктық ұжым"Гулдер-Айым"қазақ би ансамблі де өз өнерлерін көрсетіп, көреремендер ризашылығына бөленды. Екі ұжымды қос қанатындай басқарып отырған көркемдік жетекшісі және балетмейстері Шолпан Айнабековаға колледж директоры атынан алғыс айтылып, гүл шоқтары табыс етілді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Қазақстандағы лаңкестік қауіп-қатер және оның алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ә. Ұзақбай, психолог маман Т. Тулепбергенов қатысты.

Психолог Т. Тулепбергенов деструктивті діни ағымды ұстанатын адамның болмысы, мінезі мен іс-әрекеттері туралы ақпарат беріп психологиялық тренинг өткізді. Студенттерді ойландырған сұрақтарға жауап берді.

Жұма, 03 Ақпан 2023 00:29

Үйірме, спорттық секциялар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үйірме-спорттық секцияларының жұмыс кестесі

 

Үйірме атауы

Үйірменің мақсаты

Жауаптылар

Өткізілетін

күні

1

«Merry grammer» үйірмесі

Студенттерді тәртіпке, өз білімдерін арттыруға тәрбиелеу;

Тіл байлығын дамытып, ойлау қабілеттерін  арттыру;

Амантаева Заура Талгатқызы

тел:87711685188

Бейсенбі

2

«Бала құқығы» үйірмесі

Студенттердің адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Тұрғамбай Ардақ Бағдатқызы

тел:87711056122

Жұма

 

3

«Жас психолог»

 

Жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық құзіреттелігін көтеру, қоршаған ортада жақсы қарым-қатынаста болуын дамыту.

Жармұханбет Нұржайнар Ерболқызы

Тел:87775062467

 

 

Бейсенбі

 

 

 

 

4

«Дебат» үйірмесі

Әр түрлі тақырыптарда ой қозғап, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар бере алуға;

Мемлекеттік тілді сақтай отырып, тәрбиелік маңызы зор құндылықтарды ұстанып, студенттердің арасындағы қарым-катынасты нығайту арқылы теріс пиғылды әрекеттерге қарсы күресуді үйрету.

Нысанқуатова Дамели 

тел:87775547965

Бейсенбі

Шығармашылық бағыт

5

«Жас ақын» үйірмесі

Студенттердің дүниетанымын кеңейту, әдеби - көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп оқуын дамыту.

Алдоңғарова Ақпатша Дәрібайқызы

тел:87078946324

Сенбі

6

Қолөнер үйірмесі

«Шеберлер ортасы»

Қазақ  ұсталары  мен зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа үйірме арқылы насихаттау, теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, алған білім, білік дағдыларын бақылап, шығармашылығын арттыру, қолөнер бұйымдарын ел назарына ұсыну.

Мураталиева Сауле Жаугаштевна

тел: 87059843030

Бейсенбі

 

7

«Театр» үйірмесі

Студенттерге әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу,жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру, актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

Қайнарұлы Заманай

тел:87477339784

Жұма

8

«Домбыра» үйірмесі

Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, студентті домбырада ойнауға үйрету.

Қарғабаева Айгүл Бақытбековна

тел:87011498720

Жұма

9

«Хор» үйірмесі

Студенттердің музыкалық қабілетін арттыру.

Вокалды – хор техникасын меңгерту, шығарманы өз дәрежесінде көркем орындауға үйрету.

Куспанов Мербол Оразбекович

тел:87013024277

Сәрсенбі

Техникалық бағыт

10

«Жас физик» үйірмесі

Студенттердің есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін арттыру;

Жолмағанбетова Замзагуль Абсетовна

тел: 87021464695

Сейсенбі

11

«Жас техник» үйірмесі

Студенттердің көркемдік шеберлігін, ой өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту;

Құрылысы қарапайым техникалардың үлгілері мен  түрлі қозғалысқа түсетін күрделі модельдерді жасау технологиясымене машықтандыру.

Самат Айдарбек Саматұлы

тел: 87765051493

Сәрсенбі

Спорттық бағыт

 

12

«Тоғызқұмалақ» секциясы

Студенттерге тоғызқұмалақ ойынын үйрету. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы студенттердің   ұлттық

ойындарға   деген қызығушылығын  арттыру  және өз елін сүюге тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ ойыны арқылы студенттердің  ойлау қабілеттерін   дамыту.

Сарин Өтеген Жетібайұлы

тел:87024241240

Сейсенбі

13

 

Волейбол (ұлдар) секциясы

Ойын әдістерін үйрету.
Дене, қол, аяқ қимылдарын икемдеу;

Қимыл қозғалысын арттыру;

Әр түрлі жаттығуларды доппен жетілдіру;

Дене тәрбиесі пәніне қызығушылығын арттыру.

Идирисов Алмат Алкеевич

Тел:87777604907

Жұма

Волейбол (қыздар) секциясы

Кадиркулов Жомарт Бисеналиевич

тел:87029588699

Жұма

14

Баскетбол секциясы

Допты әріптесіне әр түрлі тәсілдермен беруді дамыту.

Допты торға орнынан тастау әдістерін дамыту.

Осы әдістерді қолданып, эстафеталық ойын өткізу.

Кадиркулов Жомарт Бисеналиевич

тел:87029588699

Бейсенбі

15

Шахмат секциясы

Шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Алдоңғаров Сәкен Бозангалиевич

тел:87029782501

Сәрсенбі

16

Жеңіл атлетика

Студенттердің шапшандық, төзімділік дағдыларын қалыптастыру.

Асауов Асқар

тел:87014629436

Сейсенбі

17

Үстел теннисі секциясы

Студенттердің ептілік, шапшаңдық  деңгейін арттыру.

Студенттерге үстел теннисі ойыны туралы мағұламаттар беру, үйрету.

Студенттердің  тез ойлау, есептеу, есте сақтау, шапшаңдық қабілетін дамыту.

Идирисов Алмат Алкеевич

тел:87777604907

Жұма

18

Шаңғы

Студенттердің ептілік, шапшаңдық  деңгейін арттыру.

Студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Идирисов Алмат Алкеевич

тел:87777604907

Бейсенбі

19

Футбол секциясы

Қимыл, қозғалыс кезінде допты қабылдау және беру дағдыларын үйрету;

Табанның ішкі және сыртқы жағымен допты беру әдістерін жетілдіру;

Сарин Өтеген Жетібайұлы

тел:87024241240

Жұма

Қоғамдық бағыт

 

20

Саналы ұрпақ

Студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жармуханбет Нұржайнар Ерболқызы

Тел: 87775062467

Сәрсенбі

21

Қайырымдылық тобы «Мейірім»

Студенттерге қайырымдылық, мейірімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;
Тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;
Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Ыбраймова  Ардақ Юсуповна

Тел: 87022524682

Бейсенбі

22

Полицияның қоғамдық көмекшілері

Білім беру ұйымдарының студенттерін құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту,  кәмелетке толмағандар тарапынан қоғамға қарсы әрекеттерін анықтау.

Тайпаков Болат Курмангалиулы

Тел: 87011341715

Сәрсенбі

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Математика және тілдер" бөлімінің және волейбол үйірмесінің жетекшісі А.Идирисовтің ұйымдастыруымен колледждің студенттері арасында волейболдан жарыс өткізіліп, колледжіміздің 6 командасы өзара бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша үздік шыққан командалар I, II, III дәрежелі дипломдармен және «Ең үздік шабуылдаушы», «Ең үздік байланыстырушы» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен үздіктер грамоталармен марапатталды.

Колледждің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған колледжішілік ер балалар арасында өткізілген волейбол жарысында жүлделі ? орын алған СБ-315 тобы марапатталды.

2022 жылдың 20 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде “Жаратылыстану,дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық» оқу-әдістемелік бірлестігінде «Сыныптан тыс шаралар студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың құралы» тақырыбындағы шаралар аясында «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері арасында дене тәрбиесі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық эстафеталық сайысы өтті.Шараның мақсаты:Студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, уақытты тиімді пайдалану және ата-аналармен байланысты нығайту.
Шараға 7 команда қатысты. Команда құрамы 2 студент, 1 ата-ана және топ жетекшісінен құралды.Эстафеталық спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрды, таныстыру, эстафеталық таяқшамен жүгіру, шәкөш таяқпен теннис добын домалатып, кедергілерден өтіп жүгіру, ақылды кенгру, қосаяқ жарысы, аралас эстафета, арқан тарту.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын БК-104, ІІ орын БК-101, ІІІ орын БК-105 топтары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

2022 жылдың 21 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде “ Жаратылыстану, дене тәрбиесі және алғашқы әскери технологиялық дайындық” оқу-әдістемелік бірлестігінде 1 курс қыздары арасында “ Мерген ару “ тақырыбында сайыс өткізілді.

?Шараның мақсаты: студенттердің Отанға деген сүйіспеншілігін және патриоттық сезімін дамыту. Сайыс “Сап дайындығы”, “ Газ тұмылдырықты уақытқа кию”, “Автоматты бөлшектеу және жинақтау”, “ Мергендік” кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.

 

Жұма, 03 Ақпан 2017 00:16

Қашықтықтан оқыту

Қазақстан өлкелік партия комитетінің 5-і пленумы 1932 жылы бастауыш мектеп мәселесін арнайы қарап, оның даму жолдарын белгілеп, бірнеше училище ашуды ұйғарған еді. Солардың бірі боп Ақтөбе педагогикалық училищесінің сырттай оқу бөлімі енді. Ол 1937 жылы ашылып, 1940 жылы алғашқы 34 түлегін ұшырды. Осылайша, біздің таусылмас бұлақ суындай білім беретін ордамыз тарихқа айналды! Содан бері «Бастауыш сынып мұғалімі» (қосымша информатика, орыс тілі мұғалімі), «Мектепке дейінгі тәрбие», «Көркем еңбек мұғалімі», «Графикалық дизайн», «Оркестр жетекшісі», «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша 8000-нан астам кадрлар даярланып, Қазақстанның әр түкпірінде қызмет етіп келеді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің сырттай оқу бөлімі қазіргі таңда келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін көрсетеді:

Мамандық атауы

Біліктілігі

Оқу мерзімі

1

0105000 «Бастауыш білім беру 

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

2 ж, 10 ай

2

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 

0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

2 ж, 10 ай

3

0401000 «Кітапхана ісі» 

0401013 «Кітапханашы»

1 ж, 10 ай

4

0111000 «Негізгі орта білім беру» 

0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

2 ж, 10 ай

2016-2017 оқу жылы бойынша аталған мамандықтарда оқитын студенттердің жалпы саны-292.
І курс- 129 студент
ІІ курс- 77 студент
ІІІ курс- 86 студент
Сырттай оқу бөлімінің оқу үрдісі бекітілген оқу графигіне сәйкес жүргізіледі.

  • Оқу үрдісі
  • Студенттік өмір


№25 МДҰ «Балдырған тобымен бірге»


«Дені саудың жаны сау» шарасында балаларға ойындар ойнатуда


Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж мұражайында


Сырттай оқу бөлімі студенттері колледж тарихымен танысуда

Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 23:59

Мәдениет және саз бөлімі

 «Мәдениет және саз» бөлімі 95 жылға жуық тарихы бар Ақтөбе гуманитарлық колледжінің үлкен бөлімі. Бөлімде «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет» және «Музыкалық аспаптар» пәндер бірлестігінде 60 оқытушы жұмыс жасайды. 

2018-2019 оқу жылында бөлімде  214 студент төрт мамандық бойынша білім алуда. Олардың 52-і ер бала, 162-і қыз бала. Барлық мамандық мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылады. Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 74% -ды  құрайды.

 

Мамандығы

І курс

ІІ курс

ІІІ курс

ІV курс

1

0108000 «Музыкалық білім беру»

Сб-115

Сб-205

Сб-215

 

Сб-415

2

0403000  «Әлеуметтік – мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» (бейін бойынша)

Од-105

 

 

 

3

0401000  «Кітапхана ісі»

Ктх-105

Ктх-205

Ктх-305

 

4

0107000 «Технология»

 

 

 

Т-415

 

    

   

   

Бөлімнің алдына қойған мақсаты: студенттерге сапалы білім беру арқылы олардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, болашақ маман ретінде жан-жақты дамыған, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, рухани бай, инновациялық үрдістегі жаңа технологияларды терең меңгерген маман даярлау. Бөлімде оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Бөлімнің студенттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп жүлделі орындарды иемденіп жүр. Атап айтқанда, көптеген халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың лауреаты студенттерден құрылған аралас хор ұжымы колледж мақтанышына айналды. Жетекшілері Куспанов М.О, Абишев М.А.

 

2016-2017 оқу жылынан бастап оқытушылардан құрылған аралас хор ұжымы жұмыс жасайды.

2018-2019 оқу жылынан бастап бөлім оқытушылары мен студенттерінен құрылған  халықтық  ұлттық аспаптар оркестрі өз жұмысын бастады. Жетекшісі Қартанова А.Ә.

 

Бөлім түлектері облысымыздың, республиканың барлық өңірінде еңбек етіп, еліміздің білім, өнер саласында өздерінің ауқымды үлестерін қосып келеді.    Бөлім оқытушылары тәуелсіз мемлекетімізге мамандар даярлауда өзіндік үлес қосып, жаңа дәуірдің жаңаша бағытын ұстанып болашаққа нық басып бара жатыр.

 

 

 Сабақ кестесі

 

  • Үздік студенттер
  • 2005-2006 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру» Біліктілігі 0111063 «»Математика мұғалімі»;
  • 2006-2007 оқу жылында 1304000«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Біліктілігі 1304043 «Техник-бағдарламашы»;
  • 2009-2010 оқу жылында 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары ашылды.

Осы кезеңдер аралығында:

  • 0111000 «Негізгі орта білім беру (0111063 математика мұғалімі)» мамандығы - 371 түлек;
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы - 288 түлек;
  • 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша - 92 түлек бітіріп шықты.

Бөлімде «Математика және физика», «Информатика және ақпараттық жүйелер» пәндер бірлестігінде 21 оқытушы жұмыс жасайды. Ғ.З.Жунусова жетекшілік ететін математика және физика пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты математика пәні оқытушылары А.Т. Акжигитова, А.М.Канибекова, З.А.Жолмағамбетова, М.К.Уразтаева, Г.К.Изтлеуова жетекшілік ететін информатика және ақпараттық жүйелер пәндер бірлестігінде жоғары және бірінші санатты  оқытушылар А.М.Майлышева, А.С.Мангибаева. Н.М.Нұрғали, А.Ж.Бөрібай, К.Ж.Идирисов, С.К.Сарсенбаева және магистрлер еңбек етеді.

2018-2019 оқу жылында бөлімде  169 студент оқиды. Математика және ақпараттық жүйелер бөлімі 2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдары қорытындысы бойынша «ҮЗДІК БӨЛІМ» номинациясының иегері.  Бөлімдегі үздік және екпінді студенттер саны 87,5% -ды  құрайды.

 

Бөлім студенттерінің облыс әкімі Б.М.Сапарбаевпен кездесуі

 

      

 

2014-2015 оқу жылында  Математика және ақпараттық жүйелер бөлімінде «Серпін» белсенді студенттер командасы құрылды.

«СЕРПІН» - белсенді жастар командасы. 

Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар.  Бұл – болашақ атаулының бастауы.

«СЕРПІН» белсенділер командасы:

  • «Платон» жас математиктердің шығармашылық орталығы
  • «Ақберен» әуесқой театры;
  • «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы;
  • «Парасат» дебат клубы;
  • «Интеллектуал» тоғызқұмалақ, шахмат клубы;
  • «Самға» әдеби клубы;
  • Ер балалар және қыздар кеңесі жұмыстарын;
  • agk_mk инстаграм парақшасында жетістіктердің насихатталуын;
  • Бөлімдегі өткізілетін мерекелік шараларды ұйымдастырады.

 

«Ақберен» әуесқой театры 

Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасын сахналауда

 

Аналар мерекесінде ұстаздарға құрмет көрсету

 

А.Жақатай қалалық «Жігіт сұлтаны-2017» байқауының Бас жүлде иегері

 

Жас математиктердің «ПЛАТОН» шығармашылық орталығы мүшелері

  •  Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясы өткізген «Математик УМ» дистанционды  олимпиада;
  • «Be Clever» халықаралық дамыту орталығы өткізген халықаралық дистанционды олимпиада;
  • Халықаралық педагогика және инновациялық технологиялар Академиясы өткізген халықаралық олимпиада;
  • «Қазақстан Ұстазы» қоғамы ұйымдастырған математикадан республикалық олимпиада;
  • «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген колледждердің І курс студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиада;
  • «Студенттің ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелер» атты І, ІІ, ІІІ республикалық ғылыми-практикалық  конференцияларға;
  • Халықаралық, республикалық, облыстық дәрежедегі ғылыми-практикалық  конференциялар жеңімпаздары.

 «АҚБЕРЕН»  әуесқой театры ұжымы:

  • 2016 жылы облыстық «Жаңа сахна» театралдық фестивалінде Д.Рамазанның «Абылайханның арманы» тарихы драмасын сахналап «Үздік режиссер», «Үздік ер адам ролі» номинацияларын;
  • 2018 жылы республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында І орынды иеленді.
  • театр мүшелері облыстық, республикалық көркемсөз оқу байқауларының жеңімпаздары.

   

 Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» тарихи драмасында                                                                   Колледж директоры Е.Ғ.Нұрғалиевтың «Ақберен» әуесқой театры  мүшелерін марапаттау сәтінен

                                                            

 

«ЖАЙДАРМАН» көңілді тапқырлар клубы

  • Колледжішілік «Жайдарман» ойындарында
  • 2015-2016 оқу жылында «Көрші апайдың балалары» командасы бас жүлдені;
  • 2016-2017 оқу жылында «АГК» командасы бас жүлдені, колледж директорының кубогын, «Болашақ» командасы ІІІ орынды;
  • 2017-2018 оқу жылында «Болашақ» командасы бас жүлдені, колледж директорының кубогын, команда ойыншысы Бұхарбаева Назерке «Үздік жайдарманшы» коминациясын. «Бренд» командасы ІІ орынды иеленді.

    2016-2017 оқу жылында:

  • Қалалық арнаулы орта оқу орындары арасында өткізілген «Жайдарман» ойынында «Бренд» командасы  І орынды иеленді.
  • Ақтөбе облыстық КВН одағы ұйымдастырған «Маусымашар-2017» ойынында «Бренд» командасы арнайы жоба сайыстарына жолдама алды.

    2017-2018 оқу жылында:

  • облыстық «Жайдарман» ойындарының премьер- лигасында «Оптимистер» командасы 8/1, 4/1  кезеңінде;
  • облыстық «Жайдарман» ойындарының жоғары лигасында «Феномен» командасы  8/1, 4/1, 2/1 және финалдық кезеңінде өнер көрсетті;
  • республикалық «Жайдарманның» жоғары лига ойындарында «Феномен» командасы Астана қаласында өткен тв-лигаға жолдама алды.
  • республикалық «Жайдарманның» премьер- лига ойындарында «Феномен» командасы Алматы қаласында өткен 8/1, 4/1,  2/1  кезеңінде өнер көрсетті.

    2018-2019 оқу жылында:

  • «Феномен» командасы  облыстық «Жайдарман» ойындарының жоғары лигасына:
  • «Феномен» командасы республикалық «Жайдарманның» супер лига ойындарына жолдама алды.

 

  

                  Колледжішілік «Жайдарман» ойындарында                                                                                      «Феномен» командасы Республикалық жоғары лига ойынында. Астана қаласы, 2018 жыл

   

                                                     

 «РОБОТОТЕХНИКА»  үйірмесі мүшелері:

  • облыстық Кегельринг чемпионаты;
  • « KAZROBOTICS-2018» Республикалық сайысының облыстық  кезеңі;
  • облыстық креативті робо-жобалар байқауы;
  • облыстық Робо сумо чемпионаты;
  • облыстық «Басқарылатын роботтар футболы» чемпионаты;
  • облыстық «Гонка по линии» чемпионатының жеңімпаздары.

 

   

 

 «САМҒА»   әдеби клуб мүшелері :

  • «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс жасап Алғыс хатпен марапатталды.

 

«ИНТЕЛЛЕКТУАЛ»  тоғызқұмалақ, шахмат  клубы мүшелері:

2015-2016 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – ІІ орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орын;

2016-2017 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – І орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орын;

2017-2018 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХVІІІ спартакиада:

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша – І орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІV орын;

2018-2019 оқу жылында Ақтөбе облысының колледж білім алушылары арасында өткен ХІХ  спартакиада

  • тоғызқұмалақ жарысы бойынша –ІІІ орын;
  • шахмат жарысы бойынша – ІІ орынды иеленді;

 

Оқу үрдісінің кестесі 

 

+Үлкейту

 

Сабақ кестесі

 

  • Үздік студенттер
Бейсенбі, 02 Ақпан 2017 23:25

Әдебиет және тілдер бөлімі

  • 2005-2006 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы;
  • 2004-2005 оқу жылында, 0105000 «Бастауыш білім беру» біліктілігі 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы;
  • 2014 – 2015 оқу жылында 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерін қабылдады.

Мамандықтар бойынша  осы кезеңдерде:

  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша    408  түлек бітірді
  • 0105000 «Бастауыш білім беру» біліктілігі 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы  бойынша 511 түлек бітірді
  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», біліктілігі 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша 64 түлек бітірді.

2018 – 2019 оқу жылында  «Әдебиет және тілдер» бөлімінде мамандықтар бойынша:

  • 0111000 «Негізгі орта білім», 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде 43 студент.
  • 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0111023 «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде 139 студент.
  • 0105000 «Бастауыш білім беру» 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінде 125 студент білім алуда. Оның 69 % - ы үздік және екпінді студенттер қатарында.

Бөлімде «Жас ақын» үйірмесі, «Literature club», «Drama club», «Merry Grammar» «Градиент» клубтары, «Әбіштану» атты ғылыми шығармашылық орталық жұмыс жасайды.

Бөлім студенттері жыл сайын әр түрлі деңгейдегі конференция, сайыстар,олимпиадаларға қатысып, жүлделі  орындар иеленеді. Атап айтсақ, А.Малаева, Г. Айниязқызы, А.Уксикбаева, А.Есенгарин, М. Сәлімгереев, Ж.Мусагалиева, А. Теміргалиева, З. Нұрланқызы, З.Тыныбек.

Бөлім оқытушылары колледждің оқу –әдістемелік кеңесінің жоспарларына сәйкес  ғылыми – тәжірибелік орталықпен, Облыстық тілдерді дамыту орталығымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамымен, педагогикалық шеберлік орталықтарымен бірлесе отырып, шебер –класс, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер өткізіп, іс –тәжірибе алмасады.

Бөлім оқытушыларының  сапалық құрамы төмендегідей:

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестігінде- 16 оқытушы, соның ішінде 10 жоғары санатты,  6 магистр;
  • «Орыс тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелі бірлестігінде – 8 оқытушы, соның ішінде 1 жоғары санатты, 3 бірінші санатты оқытушы, 1 магистр;
  • «Шетел тілі» оқу-әдістемелік бірлестігінде -14 оқытушы, соның ішінде 3 жоғары санатты, 2 бірінші санатты, 3 магистр

 

Cабақ үрдісінің кестесі

 

   

+Үлкейту                                                                             +Үлкейту

  
Сабақ кестесі
 
 
 
Біздің жетістіктер
 
      

«Тілдарын» республикалық  олимпиадасы                                          Қалалық М.Мақатаев оқуларының жеңімпазы

 

  

Халықаралық олимпиада жүлдегерлері

 

    

"Градиент" дебаттық клубы мүшелерінің жетістіктері

  • Үздік студенттер
Page 43 of 45
  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

  • Тургунова Карина
    Р-405

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс