Ақтөбе гуманитарлық колледжінде, студенттік парламент ұйымының ұйымдастыруы мен, Дүниежүзілік сайлау күніне орай "Дамушы елдер арасында азық-түлік таратып жеңіске жетуі әділетті ме" тақырыбынна сай дебаттық ойыны өткізілді.Студенттер арасында сайлаудың өткізілуімен ережелерге сай түсіндіру мақсаттында пікір алмасып ой бөлісті.

  

     07.02.2022 ж. күні «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік аясында колледжде «Жақсылық сәулесі» атты көрме өтті.
Көрме жастардың бойында қамқорлық пен сүйіспеншілікті, жауапкершілікті қалыптастырып,  жеке  шығармашылығын дамыту әрі кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында, «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесіне кітапхана ұжымы мен КТ-305, БК -215 топ студенттері белсене қатысты. Кітап көрмесі «АНА» инсталляциясы, кітаптар мен журнал мақалалары қойылып, библиографиялық шолу өткізілді.
     Кітап көрмесі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, студенттерді мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

  

     «Өзін-өзі тану - махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында «Әдебиет және тілдер» бөлімі және «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Ә.А.Тулеуованың ұйымдастыруымен «Өнеге отбасынан» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауға 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы бойынша КТ-115, КТ-205, КТ-305 топтарының студенттері қатыстырылды. 
     Мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру, ата тегіне , ата-анаға деген қамқорлықтарын арттыру, өзара татулыққа, құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

  

    Колледжде "Құқықтық сауаттылық-заман талабы" тақырыбында "Мәдениет және саз" бөлімінің студенттерінің қатысуы мен колледж инспекторы Конусова Айжан Кеңесқызы мен кездесу өтті. Кездесуге "Мәдениет және саз" бөлімі тәрбие бірлестік жетекшісі Дюсова Шаттық Досқайрқызы және колледж психолі Сатаева Айгүл Ермекқызы қатысты. Кездесудің мақсаты-Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

     2022 жылдың 2 ақпаны күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі "Әдебиет және тілдер" бөлімінің Кт-205, Кт-305 тобы студенттері, "Букклавер" үйірмесі оқырмандары және колледж кітапханшыларының бастамасымен «Оқыдың ба, басқаға бер» тақырыбында колледж кітапханасынан буккроссинг бұрышының ашылуы өткізілді. Буккроссинг бұрышын ашудағы мақсат- әр оқырман өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітабымен алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру. Қатысушыларға «буккроссинг» сөзінің мағынасы және шығу тарихы туралы Кт-205 тобының студенті Нұрпейс Шаттық пен Кт-305 тобы студенті Кашкинбаева Аружан ақпартаттар берді. Колледж кітапханасы меңгерушісі Искарина Райла кітаптар қойылатын бұрышты көрсетті, қатысушылар қойылған кітаптармен танысты.
     "Буккроссинг" бұрышын ашу бастамасын колледж әдістемелік бөлімінің әдіскері Даулеткалиева Гулмирам Косымовна, "Әдебиет және тілдер" бөлімінің меңгерушісі Уәлива Венера Отарбаева, "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндері оқытушысы, Кт-305 тобының кураторы Балгазиева Ляззат Танатаровна қолдап, өз ұсыныстарын айтты. Студенттер де қызығушылық танытып отырғандықтарын айтты. Алғашқылардың бірі болып, Кт-305 тобы Есенгелдинова Мейрамгүл өзі оқыған бірнеше кітабын «Буккроссинг» бұрышына әкеліп тапсырды. "Букклавер" оқырмандар үйірмесінің жетекшісі, Кт-205 тобы кураторы Аманова Нургуль Бакытжановна ұйымдастырған "Буккроссинг" бұрышының ашылуын көпшілік қолдады.

 

     «Өзін-өзі тану – махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында «Мәдениет және саз бөлімінің» бөлім меңгерушісі Ш.Шумакованың және өзін –өзі тану пәнінің оқытушысы Ә. Тулеуованың, ОД 305 тобының жетекшісі Г.Каринаның ұйымдастыруымен «Өзіңді тану – өмірді тану» атты концерттік шара өткізілді. Сонымен қатар барлық бөлімдерде ұлттық сана сезімі қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында бірыңғай топ сағаттары өткізілді.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін- өзі тану – Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік шараның аясында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Ә.А.Тулеуова өткізген «Махаббатқа толы жүрек» тақырыбында Өзін – өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметіне арналған ашық шара өткізді. Студенттер Сара Назарбаеваға ашық хаттар жасап, шығармашылық бұрышқа ілді. Ашық шараға студенттер белсене қатысты.

  

     Ақтөбе гуманитарлық колледж кітапханасының оқу залында, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Күміс көмей әнші - Роза Бағланова» тақырыбында әдеби-музыкалық сағат өтті. Шараның мақсаты: Әнші Роза Бағланова туралы, оның өнердегі қоғамда алған орны туралы оқырмандарға мағлұмат беру;
     Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы арқылы үлгі етіп, өнеге ету болып табылады. Қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету. Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды. Қазақ мәдениеті мен өнерінің жарық жұлдызы Роза Бағланова өнерімен талай ұрпаққа үлгі болды. Көпшілікке танымал «Әдемі», «Ах, Самара –городок» әндерін оқырмандар әншінің видео естілігімен бірге шырқап, еске алды. Роза Бағланованың әні барда ол ешқашан өлмейді. Адалдық пен парасаттылық, әсемдіктің тұмарындай боп жарқырай бермек. Олай дейтініміз, халықтың сүйікті әншісі миллиондаған қазақстандықтың жүрегінде мәңгіге сақтаулы. Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Халықтың аяулы әншісі еді...» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге әнші жайлы айтылған қанатты сөздері, кітаптар мен суреттер, естеліктер қойылды. Әрдайым жақсылықтың жаршысы іспетті игі істердің бастамасын қолға алып жүретін кітапхана ұжымы оқырмандарына арнап осындай танымдық, тәрбиелік бағыттағы кештерді жиі ұйымдастырып тұрады.

  

Жұма, 21 Қаңтар 2022 10:10

«Біз біргеміз» акциясы

           Ұлағатты ұстаздар ордасы - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 100 жыл мерейтойына орай және «Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен жарияланған «Біз біргеміз» акциясы аясында колледждің ерікті жастары №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (Қарттар үйі) ауласын қардан тазалап, мекеме қызметкерлерінің алғысына бөленді. Адамдарға көмек қолын созу, нағыз адамгершілік пен парасаттылықтың белгісі.
#Бізбіргеміз

  

Page 1 of 3
  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Әлібекова Сымбат
    Мд-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс