2022 жылдың 2 ақпаны күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі "Әдебиет және тілдер" бөлімінің Кт-205, Кт-305 тобы студенттері, "Букклавер" үйірмесі оқырмандары және колледж кітапханшыларының бастамасымен «Оқыдың ба, басқаға бер» тақырыбында колледж кітапханасынан буккроссинг бұрышының ашылуы өткізілді. Буккроссинг бұрышын ашудағы мақсат- әр оқырман өзі ұнатып оқыған кітабын өзгелермен бөлісіп, кітабымен алмасу, жастардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру. Қатысушыларға «буккроссинг» сөзінің мағынасы және шығу тарихы туралы Кт-205 тобының студенті Нұрпейс Шаттық пен Кт-305 тобы студенті Кашкинбаева Аружан ақпартаттар берді. Колледж кітапханасы меңгерушісі Искарина Райла кітаптар қойылатын бұрышты көрсетті, қатысушылар қойылған кітаптармен танысты.
"Буккроссинг" бұрышын ашу бастамасын колледж әдістемелік бөлімінің әдіскері Даулеткалиева Гулмирам Косымовна, "Әдебиет және тілдер" бөлімінің меңгерушісі Уәлива Венера Отарбаева, "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндері оқытушысы, Кт-305 тобының кураторы Балгазиева Ляззат Танатаровна қолдап, өз ұсыныстарын айтты. Студенттер де қызығушылық танытып отырғандықтарын айтты. Алғашқылардың бірі болып, Кт-305 тобы Есенгелдинова Мейрамгүл өзі оқыған бірнеше кітабын «Буккроссинг» бұрышына әкеліп тапсырды. "Букклавер" оқырмандар үйірмесінің жетекшісі, Кт-205 тобы кураторы Аманова Нургуль Бакытжановна ұйымдастырған "Буккроссинг" бұрышының ашылуын көпшілік қолдады.