Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
     2021 жылғы 2 қарашада колледж  кітапханасының оқу залында, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, қазақтың әйгілі ағартушы ұстазы, Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай өзін-өзі басқару ұйымының «Мейірім» еріктілер тобы «Ұлы ұстаз есімі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.
Қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға және кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген сайыс барысында студенттер ағартушы өмірінен сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып жарысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломмен марапатталды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықпен бірлескен жоспар негізінде 2021 жылғы 4 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі жатақханасында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында орталық маманы, теолог Бекжан Қуанатұлы студенттерге теріс діни ағымдардан аулақ болуға кеңес берді және тыйым салынған діни сайттар мен оқулықтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
@din_aktobe

Бөлім:  Жаңалықтар

   Ақтөбе гуманитарлық колледжі 2014 жылдан бастап  «Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық жобада болып, 2019 жылдан бастап негізгі білім беру ұйымы болып табылады. 

Жамекова Бибигуль Мустафиевнаның «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде еңбегі орасан зор.

Өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын білім беру саласына интеграциялау жөніндегі бағдарламалар мен нұсқаулықтарды әзірлеп іске асырудағы еңбектерінің нәтижесінде  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің   «МЕЙІРІМ  ӘЛЕМГЕ  МАХАББАТПЕН»  медалімен марапатталды. Бибигуль Мустафиевнаны  колледж  әкімшілігі   және  ұжымы атынан  құттықтай  отырып,  зор денсаулық, шығармашылық  табыс  тілейміз.
@aqtobe_akimat @bilim_basqarmasy_aqtobe

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2021 жылдың 28 қазан күні «Мұрагер» волонтерлар тобының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай колледжішілік студенттер арасында спорттық іс шара өткізілді. Сайыс үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахмат бағыттары бойынша болды. Сайыста орын алған студенттер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
@agk_murager

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің волонтер студенттері "N1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында" ауланы сыпыру, тазарту жұмыстарын жүргізіп, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлерінің ризашылығына бөленді. Қайырымдылық жасауға әрқашан дайын тұратын колледж студенттеріне және әлеуметтік педагог А.Ыбраймоваға алғыс айтамыз!

  

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 23 қазан күні "Мұрагер" волонтерлер тобы қаламыздағы жарияланған екіайлық сенбілік аясында оқу орнымыздың жанында сенбілік өткізді. Топ мүшелері сенбілікке белсене қатысып, колледж айналасын, "Жастар" скверін жапырақтардан, түрлі қоқыстардан тазартты. Сенбілік мақсаты табиғатымызды аялау, бағалау, қамқор болу, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру болатын.
@agk_murager

  

Бөлім:  Жаңалықтар

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің "Мұрагер" еріктілер тобы таңертеңгі ауысымға шағын жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеге қыздарымыз өз қолдарынан түрлі тәтті бәліштер мен тағамдар дайындап әкелді. Бұл жәрмеңкеде түскен қаражат алдағы уақыттағы жаңа жобаларымызға жұмсалатын болады.
@agk_murager

  

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 25 Қазан 2021 09:30

Толеранттылық - әлемге қымбат

     18 қазан -Рухани  келісім күні.
     Ел бірлігі- барша табыстармыздың кілті. Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі  тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын , тыныштығын сақтауға зор үлес қосқаны мәлім. Қазір жаңа ғасырда өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді,  көршілерге мейірімді ел екенін дәлелдеп келеді.
     Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалынып,  бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр. Осыған орай Ақтөбе гуманитарлық колледжі ‘’ Мектепке дейінгі тәрбие ‘’ бөлімінің МД -405, Мд-205, Мд-115 топтарымен бірлескен ‘’Толеранттылық - әлемге қымбат’’ тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.
     Студенттер толеранттылық туралы мағынаны  тереңірек танып,  өз ойларымен бөлісті . Толеранттылық мағынасына тезис  құрастырып,  бірлік, татулык, имандылық, бейбітшілік тақырыбында ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Мақал-мәтелдерді талдады . Толеранттылықтың қоғамдағы  орнымен қажеттілігін сезінді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 18-қазан-Рухани келісім күніне орай 18-22 қазан аралығында жарияланған "Рухани келісім күні-тұрақтылықтың іргетасы" тақырыбындағы онкүндік аясында "Толеранттылық-әлемге жол" тақырыбында бірыңғай сағаттар өткізілді. Кт-305 топ студенттері биыл қабылданған Кт-105, Шт-105 топтарына толеранттылық - адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық, татулық, қамқорлық құндылықтары нәтижесінде бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп жатқанымыз екенін түсіндірді. Іс-шара мақсаты-әлемде орын алып жатқан қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қойып, адамзат баласын татулыққа бастау, түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштық орнату болып табылады. Топ жетекшісі Л.Т.Балғазиева.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өтіп жатқан онкүндік жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі оқытушылары мен студенттері қатысқан «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты – тәртіп, әдептілік туралы, инабаттылық жайында студенттердің ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, студенттерді адамгершілікке, ізгілік пен мәдениеттілікке және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту болып табылады. Тәрбиелік мәнісі зор шараның ой-тұжырым бөлімінде студенттерге «Қоғамдық көліктегі әдептілік», «Дастархан басындағы мәдениет», «Мәдени-көпшілік орындардағы әдептілік ережелері» туралы роликтер көрсетіліп, құпия хаттар бөлімінде жағдаяттарға байланысты өздері ой-пікірлерімен бөлісті.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 5 of 47
  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс