Сенбі, 05 Маусым 2021 10:46

Мемлекеттік рәміздер күні

     2021 жылдың 3-4 маусым күндері Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқу топтарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты- студенттерді Отансүйгіштікке тәрбиелеу, рәміздердің пайда болу тарихын, маңызын ұғындыру және тәуелсіздіктің символына айналған рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу.
#4маусымрәміздеркүні

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 22 Мамыр 2021 10:14

«Worldskills Kazakhstan Aktobe -2021»

     Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18-20 мамыр аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттіліктері бойынша өңірлік «Worldskills Kazakhstan Aktobe -2021» чемпионаты өтті.
Чемпионат мақсаты – жас мамандардың кәсіби білімі мен біліктерін іс-тәжірибеде көрсету, техникалық және кәсіптік білім алу жүйесін қолдау және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.
Жастарға қолдау жасау және кәсіби білігін көрсету барысындағы реттілікті анықтау мақсатында аталған шараның ашылуы ұйымдастырылды. Чемпионатты «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Нургалиев Ералы Губаевич құттықтау сөзімен ашты.
     Екі құзіреттілік бойынша 10 білім алушы қатысты: Ақтөбе гуманитарлық колледжінен Кононенко Юлия Виктровна, Турманова Каламкас Дөненқызы Рустина Ришатовна Идиятулина, Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенті Коблабай Аида Қасқырбайқызы, Ақтөбе көпсалалы Болашақ колледжінен Мейрамбекова Айгерим Мейрамбековна, «М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» Ақтөбе колледжінен Куасова Айгерим Жанибекқызы, Есенгельді Нурай Ержанқызы, Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжінен Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы, Жумартбаева Акжибек Шыбықбайқызы, Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна.
Студенттерге аталған құзыреттіліктер бойынша кәсіби бағыт-бағдар беретін колледждердің білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары жетекшілік етті. Сарапшы-компатриоттар чемпионат талабы бойынша білім алушылардың іскерліктерін бағалап, негізгі сарапшылар қорытындысын шығарып отырды.
     Чемпионатқа әлеуметтік серіктестік өкілдері «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Балақай» мектепке дейінгі орталық директоры Каюдина Наталья Григорьевна, «Ботақан» мектепке дейінгі ұйымы ЖШС әдіскері Аяпова Бауыржан Жаксыбаевна және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша №13 орта мектеп директоры Куштаев Аскар Тулебаевич, №30 орта мектеп директоры Терекова Жанар Утегуловналар сарапшылық етті.

Чемпионат қорытындысы төмендегідей:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша 
- Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушысы Кононенко Юлия Виктровна  (жетекшісі Умарова Ирина Петровна) - І орын;
-«М.Тынышбаев  атындағы  транспорт және коммуникация  Қазақ академиясы»   Ақтөбе колледжінің студенті Есенгельді Нурай Ержанқызы(жетекшісі Тулкебаева Айкумис Алиевна)-ІІ орын;
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Турманова Каламкас Дөненқызы (жетекшісі Жакебаева Айнур Танатаровна) – ІІІ орын;
        - Ақтөбе  өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжі студенті Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы(жетекшісі  Серғали Жангүл  Бектуғанқызы)-ІІІ орын.
« Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша :
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің  студенті Рустина Ришатовна Идиятулина (жетекшісі Максимча Виктория Сергеевна) –І орын;
- Ақтөбе қаласының ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна(жетекшісі Медыева Акмайра Тлектесовна)  - ІІ орын;
- «М.Тынышбаев  атындағы  транспорт және коммуникация  Қазақ академиясы»   Ақтөбе колледжінің студенті Куасова Айгерим Жанибекқызы(жетекшісі Кунаева Бахтыгуль Акжурековна) –ІІІ орындарды иеленді. 
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтап, Республикалық чемпионатта кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетулеріне сәттілік тілейміз!!!

    

Бөлім:  Жаңалықтар

     2021 жылғы 20 мамыр күні Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының офицері Дина Жаңбырбаевнаның қатысуымен "Суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу, судағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру, сақтық ережелерін түсіндіру мақсатында өткізілген шара барысында маман студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін ұсынды.
#Қауіпсізшомылу2021
#Ақтөбежазғыдемалыс2021

   

Бөлім:  Жаңалықтар

     19 мая 2021г. в колледже врачи центра ЗОЖ провели беседу со студентами о вреде курения, употребления алкоголя и наркотиков, и о мерах борьбы с распространением COVID-19.
Основная цель профилактических бесед – профилактика наркомании, курения и употребления спиртных напитков, предупреждение различного рода правонарушений, пропаганда здорового безопасного образа жизни, формирование осознанного и ответственного отношения к соблюдению профилактических мероприятий по предупреждению заражения и распространения вируса.

Бөлім:  Жаңалықтар

  Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
#Қауіпсізшомылу2021#Ақтөбежазғыдемалыс2021

Бөлім:  Жаңалықтар

     Құрметті студенттер!
     Сіздердің назарларыңызға "PLATONUS" автоматтандырылған жүйесі арқылы емтихан тапсыруға арналған 4 қадамды ұсынамыз!

Құрметті АГК студенттері!
♦️ Емтихан сессиясы жойылмайды!
Емтихандар академиялық күнтізбеге (оқу процесінің кестесі) сәйкес "Platonus" платформасында өткізіледі. Емтихан кезінде сізде интернетке қосылған ноутбук немесе смартфон болуы керек және қажетсіз гаджеттер болмауы керек. Емтихан өткізу кезінде студенттің бөлмесінде емтихан тапсырушыдан басқа ешкім болмауы керек.
♦️ Студент емтихан тәртібін бұзған жағдайда, емтихан алушы емтиханды тоқтата алады, бұл студентті емтиханнан қанағаттанарлықсыз бағамен алып тастауға тең.
   Техникалық мәселелер туындаған жағдайда "колледждің CALL CENTER"(WhatsApp) 8707 456 02 30-ға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.

♦️ Емтихан:
 Тест тапсырмаларындағы сұрақтар саны: 30
 Бір студенттің емтихан тапсыру уақыты: 45 минут.

♦️ Бағалау:
3 - "қанағаттанарлық" - 15-22 сұрақ (50 баллдан бастап)
4 - "жақсы" - 23-26 сұрақ (70 баллдан бастап)
5 - "өте жақсы" - 27-30 сұрақ (90 баллдан бастап)
______________________________________________________________________________________________________________________________
     Уважаемые студенты!
     Предлагаем вашему вниманию 4 шага для сдачи экзамена через автоматизированную систему "PLATONUS"!

Уважаемые студенты АГК!
♦️ Экзаменационная сессия не отменяется!
Экзамены проводятся на платформе "Platonus" в соответствии с академическим календарем (графиком учебного процесса). Во время экзамена у вас должен быть ноутбук или смартфон, подключенный к интернету, и у вас не должно быть ненужных гаджетов. Во время проведения экзамена в комнате студента не должно быть никого, кроме экзаменатора.
♦️ В случае нарушения студентом дисциплины экзамена экзаменатор может отменить экзамен, что равносильно исключению студента из экзамена с неудовлетворительной оценкой.
   В случае возникновения технических проблем "Call CENTER колледжа" (WhatsApp) 8707 456 02 30-пишите или звоните в КА.

♦️ Экзамен:
 Количество вопросов в тестовых заданиях: 30
 Время сдачи экзамена одним студентом: 45 минут.

♦️ Оценка:
3 - "удовлетворительно" - 15-22 вопроса (от 50 баллов)
4 - "хорошо" - 23-26 вопросов (от 70 баллов)
5 - "отлично" - 27-30 вопросов (от 90 баллов)

 

  

 

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Топ жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - шәкірттерін қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Топтағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Қашықтықтан білім беру барысында студенттер тәрбиесінде зор үлес қосып, үздіксіз байланыста жүрген колледж топ жетекшілеріне алғыс білдіреміз, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз.

  

 
Бөлім:  Жаңалықтар

     2021 жылғы 12 мамыр күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып, «Қоғам құндылығы» жобасы аясында «Діни сауаттылық - қоғамдағы тұрақтылық факторы» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ жетекшілеріне арналған облыстық шара өткізді. Студенттердің діни сауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі М.К.Жубандыкованың алғы сөзін айтып, әрі қарай «Діни сауаттылық заманның басты талабы» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова, Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының теологы Б.К.Ильясов, «Қазіргі жастардың санасы мен дүниетанымына діннің әсері» тақырыбында колледж педагог-психологы А.Е.Сатаева, «Студент тұлғасын қалыптастырудағы діни тәрбие рөлі, маңызы» тақырыбында топ жетекшісі Ж.Төрежанқызы, «Дін және жастар» тақырыбында жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Қ.І.Құдабай және әлеуметтік педагог А.Ю.Ыбрайым жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында әріптестер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, колледж ұжымына тілектерін білдірді.

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 7 of 47
  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Амангос Мадина
    Мд-315

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Әшір Ұлжан
    Мк-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс