2021 жылғы 12 мамыр күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып, «Қоғам құндылығы» жобасы аясында «Діни сауаттылық - қоғамдағы тұрақтылық факторы» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ жетекшілеріне арналған облыстық шара өткізді. Студенттердің діни сауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі М.К.Жубандыкованың алғы сөзін айтып, әрі қарай «Діни сауаттылық заманның басты талабы» тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова, Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының теологы Б.К.Ильясов, «Қазіргі жастардың санасы мен дүниетанымына діннің әсері» тақырыбында колледж педагог-психологы А.Е.Сатаева, «Студент тұлғасын қалыптастырудағы діни тәрбие рөлі, маңызы» тақырыбында топ жетекшісі Ж.Төрежанқызы, «Дін және жастар» тақырыбында жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Қ.І.Құдабай және әлеуметтік педагог А.Ю.Ыбрайым жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара соңында әріптестер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, колледж ұжымына тілектерін білдірді.