Сенбі, 22 Мамыр 2021 10:14

«Worldskills Kazakhstan Aktobe -2021»

     Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18-20 мамыр аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжі базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттіліктері бойынша өңірлік «Worldskills Kazakhstan Aktobe -2021» чемпионаты өтті.
Чемпионат мақсаты – жас мамандардың кәсіби білімі мен біліктерін іс-тәжірибеде көрсету, техникалық және кәсіптік білім алу жүйесін қолдау және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.
Жастарға қолдау жасау және кәсіби білігін көрсету барысындағы реттілікті анықтау мақсатында аталған шараның ашылуы ұйымдастырылды. Чемпионатты «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Нургалиев Ералы Губаевич құттықтау сөзімен ашты.
     Екі құзіреттілік бойынша 10 білім алушы қатысты: Ақтөбе гуманитарлық колледжінен Кононенко Юлия Виктровна, Турманова Каламкас Дөненқызы Рустина Ришатовна Идиятулина, Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжінің студенті Коблабай Аида Қасқырбайқызы, Ақтөбе көпсалалы Болашақ колледжінен Мейрамбекова Айгерим Мейрамбековна, «М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация Қазақ академиясы» Ақтөбе колледжінен Куасова Айгерим Жанибекқызы, Есенгельді Нурай Ержанқызы, Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжінен Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы, Жумартбаева Акжибек Шыбықбайқызы, Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна.
Студенттерге аталған құзыреттіліктер бойынша кәсіби бағыт-бағдар беретін колледждердің білікті мамандары, арнайы пәндер оқытушылары жетекшілік етті. Сарапшы-компатриоттар чемпионат талабы бойынша білім алушылардың іскерліктерін бағалап, негізгі сарапшылар қорытындысын шығарып отырды.
     Чемпионатқа әлеуметтік серіктестік өкілдері «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Балақай» мектепке дейінгі орталық директоры Каюдина Наталья Григорьевна, «Ботақан» мектепке дейінгі ұйымы ЖШС әдіскері Аяпова Бауыржан Жаксыбаевна және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша №13 орта мектеп директоры Куштаев Аскар Тулебаевич, №30 орта мектеп директоры Терекова Жанар Утегуловналар сарапшылық етті.

Чемпионат қорытындысы төмендегідей:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша 
- Ақтөбе гуманитарлық колледжі білім алушысы Кононенко Юлия Виктровна  (жетекшісі Умарова Ирина Петровна) - І орын;
-«М.Тынышбаев  атындағы  транспорт және коммуникация  Қазақ академиясы»   Ақтөбе колледжінің студенті Есенгельді Нурай Ержанқызы(жетекшісі Тулкебаева Айкумис Алиевна)-ІІ орын;
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті Турманова Каламкас Дөненқызы (жетекшісі Жакебаева Айнур Танатаровна) – ІІІ орын;
        - Ақтөбе  өңірлік университеті жанындағы жоғары колледжі студенті Қорқытбаева Сұлушаш Темірғалиқызы(жетекшісі  Серғали Жангүл  Бектуғанқызы)-ІІІ орын.
« Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыреттілігі бойынша :
- Ақтөбе гуманитарлық колледжінің  студенті Рустина Ришатовна Идиятулина (жетекшісі Максимча Виктория Сергеевна) –І орын;
- Ақтөбе қаласының ҚазГЗУ колледжі студенті Егорцева Анастасия Александровна(жетекшісі Медыева Акмайра Тлектесовна)  - ІІ орын;
- «М.Тынышбаев  атындағы  транспорт және коммуникация  Қазақ академиясы»   Ақтөбе колледжінің студенті Куасова Айгерим Жанибекқызы(жетекшісі Кунаева Бахтыгуль Акжурековна) –ІІІ орындарды иеленді. 
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтап, Республикалық чемпионатта кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетулеріне сәттілік тілейміз!!!

    

Оқылды 808 рет
  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Алдекова Маншук
    Мк-105

  • Пастух Виктория
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс