Қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күні. 2020 жылғы ұстаздар күні – қала, облыс, республика көлемінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі үшін абыройы асқақ, беделі зор болған қуанышты күн.
     Білім беру саласына қосқан үлесі үшін, оқу-тәрбие үрдісінде оқытушылар мен шәкірттердің әр салада жетістікке жетіп, алдыңғы қатардан көрінуіне, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен көркеюіне және колледждің материалдық-техникалық базасының дамуына қосқан үлесі үшін колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы "АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ" құрметті атағымен марапатталды. Құттықтаймыз! Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұжымы атынан еңбегіңіз еленіп, абырой-беделге ие бола беріңіз деп тілек білдіреміз.

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 02 Қазан 2020 12:15

«Ұстаз.Жастар.Болашақ-2020»

        Бүгін Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында дәстүрге айналған «Ұстаз.Жастар.Болашақ-2020» форумы сегізінші жыл және ерекше форматта өткізілді. Осы сегіз жыл ішінде колледж ұжымы 29 оқытушы мен 10 қызметкерді мамандар даярлаудағы табысты еңбектері мен қызметтерін бағалай отырып, құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды. Биыл да колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы білім беру саласында абыройлы еңбек етіп, оқу орнымыздың дамуына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаздарымыз - музыка пәні оқытушысы Каликов Малик Хусаинович пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Алдоңғарова Ақпатша Дәрібайқызына үлкен алғыс білдіре отырып, колледж директоры және кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хатпен, ақшалай сыйлықпен марапаттады.
      Сонымен қатар колледж басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылығымен және шәкірттерінің жетістіктерімен ерекше көзге түскен оқытушыларымызды кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хат және сыйақымен марапаттап, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тіледі.

  

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 02 Қазан 2020 09:56

Ұстаздар күні

      Құрметті ардагер ұстаздар! Қадірлі әріптестер!
     Сіздерді ұлы мереке Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз– ұлағатты есім. Шәкірттерін кәсіби біліммен сусындатып, үлкен өмірге бағыт-бағдар беруде және болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі өлшеусіз екені анық. Ұстаз ел ертеңі жастарды, болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сондықтан да ұстаз мәртебесі қашанда биік те қадірлі.
     Құрметті ұстаздар, қоғам мен адамзат алдындағы ұстазға жүктелген маңызды міндетті ескере отырып, Сіздерге білім саласындағы елеулі еңбектеріңіз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін! Болашақ мамандар даярлаудағы ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын!

Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры,
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020 11:37

Ардагерлерді ардақтайық!

     Құрметті Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ардагер ұстаздары!

     Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар мен ұрпақтар ынтымақтастығы күні мерекесімен құттықтаймын.
     Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Сіздер салған сара жолда бүгінгі ұстаздар талмай еңбектеніп, шәкірттерін қия шыңға өрлетуде.
     Еліміздің дамуы мен өркендеуіне және жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру саласына зор үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарыңызға амандық тілеймін.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2020 11:33

Шәкірттен Алғыс" атты онлайн концерт

     Құрметті колледж ардагерлері, ұстаздар және студенттер! Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 1 қазан күні сағат 14:00-де өтетін "Шәкірттен Алғыс" атты онлайн концертіміздің көрермені болыңыздар!!! Онлайн концертті колледждің инстаграм парақшасы және YouTube каналынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар!!!

 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 25 Қыркүйек 2020 11:21

"Ер есімі-ел есінде"

     Қ.Жазықовтың 100 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе гуманитарлық колледжінде "Ер есімі ел есінде" тақырыбында ZOOM платформасында тәрбие сағаты өтті. Студенттеріміз ардагердің құрметіне арнау өлеңдерін, жыр-шумақтарын және Қазанғаптың "Құс қайтару" күйін орындады. Кеш қонағы батыр бабамыздың қызы Мақпал Жазықова тәрбиелік мәні зор шара өткізіп, батырдың мерейтойын тойлауды алғаш бастап отырған колледж ұжымына, студенттеріне ризашылығын білдірді.

         

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2020 10:10

Колледж инспекторымен онлайн кездесу

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің инстаграм парақшасында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспекторы О.А.Андрейчукпен тікелей эфирде колледж студенттерімен онлайн кездесу өткізді.  Сұхбаттасу барысында қатысушыларды колледждің ішкі талап, ережесімен, білім алушылардың міндеттемесімен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қашықтықтан оқыту барысында онлайн кездесулер жиі өтетіндігі айтылып, студенттерді белсенділік танытуға шақырды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020 10:36

Жастардың міндеті - оқу,білім, тәрбие

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Қазақстан Респбуликасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейді! Береке-бірлігіміз мәңгілік болсын!

     

Бөлім:  Жаңалықтар

      Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Қазақстан Респбуликасының Конституциясы күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейді! Береке-бірлігіміз мәңгілік болсын!

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 26 Маусым 2020 10:20

Жас маман - 2020

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 19 of 21
  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Жұмағазина Санзият
    Мд-315

  • Джанбауова Аружан
    Бк-205

  • Шалабаева Динара
    Бк-315

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс