Бейсенбі, 14 Қаңтар 2021 15:00

«Парасаты биік жемқорлықсыз қоғам»

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 14 қаңтар күні «Парасаты биік жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Каумешов Бекзат Болатұлымен онлайн кездесу өтті. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, адал, парасатты қоғам орнатудың қағидаттары айтылды. Кеш барысында колледж студенттері пікір алмасып, өз шығармашылықтарымен бөлісті. Кеш қонағына өз алғысымызды білдіреміз, саналы ұрпақ біздің болашағымыз!

   

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 15:04

АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ

АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ
(Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойына орай)

     Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.
     Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 25 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасы және №6 Қарғалы селолық «модельді» кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы Абай Құнанбаевтың–175 жылдығына орай, «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында онлайын кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге халық данышпанының өмірін, шығармашылығын насихаттайтын құнды дүниелер қойылды.
Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет бере отырып, ақынның даналығын, асыл мұрасын насихаттау, құрмет ету, өнегелі өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, 175 жылдық мерейтойын тойлауға ат салысу, студенттенерімізді адамгершілікке, өнерге, әдебиетке баулу.
     Осындай өмірге қайта келмес данышпаны бар халықтың қашан да білім көкжиегі кең болары хақ. Ең бастысы өзіміздің ғұлама, данагөй тұлғаларымызды біліп жүргеніміз жөн.
     Абайдың философиясы мен даналығы – қазақ халқының философиясы. Ақынның рухани мұрасы жыл сайын бүгінгі күннің өзекті мәселелерінде жаңа қырымен ашылып келеді. Абайдың армандары мен оның еңбектері темірқазық секілді қазақстандықтардың барлық болашақ ұрпақтарын даму мен жасампаздыққа жетелейді.

  

  

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 07:03

Ерікті болу - ерлік

     «Мұрагер» еріктілер тобының мүшелері, өз қорлары атынан әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жанұяға ұялы телефон тарту етті. Волонтерлардың біріге жасаған жақсылығы бір отбасы мүшелерін шаттыққа бөледі, әсіресе қашықтықтан оқитын мектеп жасындағы балаларға үлкен жеңілдік болғандығы сөзсіз. Біз біргеміз!

Бөлім:  Жаңалықтар

     "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" жобасына қатысып, облыстық деңгейге өткен Шт-405 топ студенттері Нұрланқызы Зарина, Нышан Ақмарал, Мк-315 топ студенті Әшір Ұлжан, Мк-205 топ студенті Қайдасов Жасұланды Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Л.Уразбаева алғыс хатпен марапаттады. Жетекшілерді, студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз биік болсын! 

Бөлім:  Жаңалықтар
Жұма, 15 Қаңтар 2021 06:28

"Таза әлем" жобасы

     Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Таза әлем" жобасы аясында колледжішілік "Мейірім" волонтерлар тобының атынан қатысқан Бк-110 топ студенттері Аманбаева Марина, Қуанова Мәдина, Хасен Айшолпан жүлделі ІІ орынға ие болды. «Таза әлем» жобасының мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету болып табылады.

  

Бөлім:  Жаңалықтар

     Халықаралық студенттер күніне арналған онлайн концерт барысында колледж ұстаздары тілек-лебіздерін білдіріп, өнерлі студенттер ән-шашуларын арнады. 
     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жалынды жастарын және биылғы оқу жылында колледж табалдырығын алғаш аттаған І курс студенттерін мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-ана үмітін ақтап, ұстаздардың ақыл-кеңестерін жадыңызда ұстап, ілім-білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңа тілек білдіреміз!

      

Бөлім:  Жаңалықтар

     «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVІ еңбек маусымының жабылу салтанатында "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығының ІІІ курс студенті Әкімова Арайлымның еңбек жасағында белсенділік танытып, туған жерді көркейту мен абаттандыруда қосқан үлесі үшін Нұр-Сұлтан қаласына жолдама табыс етілді. Студентімізге сәт сапар тілейміз! Барша жастарды келесі Жасыл ел маусымына белсене қатысуға шақырамыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Бейсенбі, 22 Қазан 2020 05:33

«Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясы

     Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының волонтерлері арасында «Мен-тәлімгермін!» онлайн-акциясына қатысқаны үшін Р-315 топ студенті Мұханбетқалиева Гүлзат ҚР Білім және ғылым вице-министрлігі Алғыс хатымен марапатталды.

Құттықтаймыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 05 Қазан 2020 05:13

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ

     Ұстаздар мерекесі қарсаңында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Е.Нұрғалиев республикалық «Үздік педагог-2020» байқауы жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Адилова Жайнагул Мұстафақызын, облыстық деңгей жеңімпаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Наменова Гулсим Жуматаевнаны, дене тәрбиесі пәні оқытушысы Сарин Утеген Жетибаевичті құттықтады.
     Сонымен қатар колледж ұжымы колледж басшысы Ералы Ғұбайұлын «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» құрметті атағымен құттықтап, өз лебіздерін білдірді. Құрметті ұстаздар! Білім саласындағы елеулі еңбектеріңіз бен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 03 Қазан 2020 14:05

Үздік педагог-2020

     Жыл сайын Мұғалімдер күні қарсаңында республика бойынша үздік педагогтердің есімдері анықталып, ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Ағымдағы жылы да үздік ұстаздарды марапаттау мақсатында мерекелік салтанатты шара өткізілді.
     Республикалық оқу-әдістемелік құралдардың сарапшысы, оқу-әдістемелік құралдар авторы, республика, облыс, қала дәрежесінде студенттердің шығармашылық, ғылыми жобаларының жетекшісі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Адилова Жайнагул Мустафина «Үздік педагог-2020» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, “Үздік педагог” белгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Бөлім:  Жаңалықтар
Page 18 of 21
  • Төлеуқара Гүлжаз
    Сб-115

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Сәндібекова Гүлжайна
    Мд-215

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс