Жыл сайын Мұғалімдер күні қарсаңында республика бойынша үздік педагогтердің есімдері анықталып, ұстаздарға құрмет көрсетіледі. Ағымдағы жылы да үздік ұстаздарды марапаттау мақсатында мерекелік салтанатты шара өткізілді.
Республикалық оқу-әдістемелік құралдардың сарапшысы, оқу-әдістемелік құралдар авторы, республика, облыс, қала дәрежесінде студенттердің шығармашылық, ғылыми жобаларының жетекшісі, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Адилова Жайнагул Мустафина «Үздік педагог-2020» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, “Үздік педагог” белгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.