2019 жылдың сәуір айының 24-26 күндері аралығында Техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ХІХ облыстық Спартакиадасының волейбол жарысы өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қыздар құрамасы жүлделі ІІ орын иеленді. Жаттықтырушысы: Идирисов Алмат Алкеевич. Қыздар құрама командасын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!

Бөлім:  Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan Aktobe 2019» өңірлік чемпионатының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша ашылу салтанаты өтті. «Worldskills Kazakhstan Aktobe 2019» салтанатын колледж директоры Ералы Нұрғалиев ашып, қонақтар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас сарапшы Наталья Каюдина қатысушыларға сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді.

Бөлім:  Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатында «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ІІ курс Р-205 топ студенті Киндсфатор Марианна жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бөлім:  Жаңалықтар

Құтты мекен – Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және Жастар жылы аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжі және Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 26-27 наурыз күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушы қыздары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Бөлім:  Жаңалықтар
Сенбі, 30 Наурыз 2019 04:25

Спорт денсаулық кепілі

2018-2019 оқу жылының қысқы мезгіл уақыт аралығында Мд-101, Бк-101, Р-205,Р-115,Р-305. Бк-201,Бк-301 топ студенттері "Дене тәрбиесі" пәні мұғалімі А.А.Идирисовтың жетекшілігімен салауатты өмір салтын ұстану мақсатында "Патон"базасына барып түрлі қысқа спорт түрлерімен шұғылданды.

Бөлім:  Жаңалықтар

АГК қыздар құрамасы волейболдан І орынды жеңіп алды «Нұр-Шапағат» қайырымдылық тобының ұйымдастыруымен волейболдан қыздар арасында турнир өтті. Турнирге АГК құрамасы, АСХК құрамасы, Маржанбұлақ орта мектеп құрамасы т.б. командалар қатысты. Ақтөбе гуманитарлық колледжі қыздарынан құралған команда турнирде 8 команда ішінен жүлделі І орынды иеленді. Команда жетекшісі А.Идирисов.

Бөлім:  Жаңалықтар
Дүйсенбі, 14 Қаңтар 2019 06:15

Шаңғы спартакиадасы

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж оқытушылары арасында шаңғыдан спартакиада өтті.

Бөлім:  Жаңалықтар

«Салауатты өмір салты­ денсаулық кепілі» тақырыбындағы эстафеталық жарыс «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­ экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 6 желтоқсан күні дене тәрбесі пәні оқытушылары Утеген Сарин мен мен Алмат Идирисов «Салауатты өмір салты­денсаулық кепілі» тақырыбында колледж оқытушылары арасында эстафеталық жарыс өткізді.

Бөлім:  Жаңалықтар
  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Тәңірбергенова Гүлбану
    Мд-320

  • Қайдасов Жасұлан
    Мк-105

  • Идиятулина Рустина
    Бк-301

  • Длимбетова Амина
    Р-405

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс