Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кәсіптік практика бөлімі Шетел тілі пән бірлестігімен бірлесе отырып, 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша тәжірибе базасы болып табылатын Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында семинар коучинг өткізді. Семинардың алғы сөзі колледж директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары А.Калиеваға беріліп, №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Д.Муханбедиярова «Алғысым шексіз» тренингімен өрбітті.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құжаттармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері. «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес Ақтөбе гуманитарлық колледжінде жаңартылған білім беру мазмұнын игеру бойынша химия және өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы Нұрбол Тоқсанбаев «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша құжаттармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
“COMPLEX OBJECT. OBJECT WITH PREPOSITIONS TO, FOR” «Шетел тілі», «Информатика және ақпараттық жүйелер» оқу-әдістемелік бірлестіктерінің «Жаңартылған білім беру мазмұны – оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің негізі» тақырыбындағы онкүндігі аясында шетел тілі пәні оқытушысы Амантаева Заура “Complex object. Object with prepositions to, for” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мамандық онкүндігі аясында 2018 жылдың 19 қазанында оқытушылар Г.К.Изтлеуова, Ы.О.Сарбасова және Г.А.Садықтың ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім берудегі оқытушының рөлі» тақырыбында коучинг өтті.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru