Жастар ісі жөніндегі комитет туралы ереже

Ж А Л П Ы  Ш А Р Т Т А Р

                                             

  1. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті колледждің оқу-тәрбиелік жұмысының міндеті және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы өзін – өзі басқару, заңдылықтар және ашықтық негізінде құрылған және қызмет жасайтын ерікті қоғамдық бірлестік.
  2. Жастар ісі жөніндегі комитет туралы Ереже, Ақтөбе гуманитарлық колледжі педагогикалық кеңестің шешімі, Конституция және басқада нормативті-құқықтық актілер негізінде жұмыс жасайды.
  3. «Ақтөбе гуманитарлық колледжі Жастар ісі жөніндегі комитет туралы Ережеге» енгізілетін өзгертулер, толықтырулар Жастар ісі жөніндегі комитет Кеңесінде қарастырылады, колледж директорымен келісіледі, Педагогикалық кеңес және Жастар ісі жөніндегі комитет Кеңесімен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ МАҚСАТЫ

 

  1. Жастардың рухани, мәдениетті, білімді және физикалық дамуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған ұйымдастыру жағдайларын жасау.
  2. Жастардың әлеуметтік-маңызды бастамаларын жүзегеасыру.
  3. Жастарды қоғамның әлеуметті белсенді азаматы ретінде тәрбиелеу.
  4. Басқа жастар ұйымдарымен әріптестікті орнату.

 

  1. ЖІК ұйымдастыру құрылымында қарастырылған:
  • ЖІК Кеңесі,

Атқарушы органдар:

  • Бұқаралық-мәдениет жұмыс секторы;
  • Жеке тұлғаның интеллектуалды даму секторы;
  • Сауықтыру-спорт жұмыстары секторы;
  • «Мейірім» еріктілер орталығы;
  • Патриоттық және қоғамдық-саяси жұмыстар секторы;
  • Ақпараттық-техникалық сектор;
  • Құқықтық жұмыстарсекторы;

Қажет жағдайда ЖІК басқа органдар, құрылымдарды құруға құқылы.

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

 

Төраға – жастар саясатын жүзеге асырудағы гарант ретінде директордыңтәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бағынады, колледждің ЖІК қызметіне басшылық етумен қадағалауды жүзеге асырады және ЖІК Кеңесінде төрағалық етеді.

 

 

 

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

  1. ЖІК басқарады және жалпы басқаруды қамтамасызетеді.
  2. Кеңес отырысында төрағалық етеді, егер төраға Кеңес отырысына қатыспаған жағдайда оның міндеттерін уақытша ЖІК Кеңесінің бір мүшесіатқарады.
  3. ЖІК Кеңесінің шешіміне, ұсынысына және басқа құжаттарға қол қояды. ЖІК Кеңесінің отырысында келіп түскен материалдарды қарастырады, ЖІК Кеңесінің мүшелерінің ұсыныстары бойынша қарастырылатын мәселелерді анықтайды және қалыптастырады және қажетті жағдайда материалдарды тексерудіұйымдастырады.
  4. ЖІК Кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған шараларды, ЖІК Кеңесінің шешімінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
  5. ЖІК Кеңесінің отырысына шақырылатын тұлғалардың тізімінанықтайды

КЕҢЕС ҚҰРАМЫН ҚҰРУ ТӘРТІБІ

 

  1. ЖІККеңесінің құрамы: ЖІК төрағасы, ЖІК төрағасының орынбасары, еріктілер жұмысына жауапты тұлға, ЖІК секцияларының жұмысына жауапты тұлға, жауапты хатшы және ЖІК төрағасы тағайындайтын басқа тұлғалардан құрылады.
  2. ЖІК Кеңесі кезекті ЖІК төрағасын сайлау кезінде жаңаданқұрылады.
  3. ЖІК Кеңесінің бос тұрған мүшесінің лауазымдық міндеттерін уақытша атқару бір ай мерзімдеқарастырылады.

 

ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

 

ЖІК Кеңесінде қарастырылған мәселе бойынша шешім ашық дауыс беру тәсілімен, көп дауыс жинау бойынша қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші рөл атқарады.

Егер ЖІК Кеңесінің бір мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өзінің жеке пікірін айтуға құқылы.

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

 

  1. ЖІК секторларына жетекшілік етеді және жалпы басшылықты қамтамасызетеді.
  2. ЖІК мақсаттарын жүзеге асыру үшін жұмысшы топтықұрайды.
  3. ЖІК, секция жұмысы бойынша келіп түскен материалдарды зерделейді, ЖІК Кеңесінің шешімін орындаудыұйымдастырады.
  4. ЖІК секциясының қызметі туралы құжаттарын есепке алудыжүргізеді.
  5. ЖІК секцияларының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар және іс-шараларды қабылдайды және басқа ұйымдастыру-өкімді қызметтердіорындайды
  6. Жауапты хатшы жұмысты орындауды жақсартуға қажетті барлық материалды және ақпараттық құралдарды пайдалануғақұқылы.
  7. Жеке жауапкершілікжүктеледі:
  • ЖІК Кеңесі, ЖІК төрағасы алдында сектор шегінде ЖІК жүктеген міндетті және қызметтерді орындауүшін;
  • өзінің лауазымдық міндеттерін сапасыз және уақытылы орындамағанүшін;
  • қарамағындағы қызметкерлердің жұмысыүшін;
  • ЖІК мақсаттарын жүзеге асыруға арналған бөлінген қаржы және материалды- техникалық ресурстарды тиімсіз пайдалану және бүлдірген жағдайда.

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

 

  1. ЖІК жауапты хатшысы төрағаның шешімі бойынша қабылданады жәнебосатылады.
  2. Жауапты хатшы ЖІК Кеңесінің барлық шешімдерін орындауғаміндетті.
  3. ЖІК секциясының қызметі туралы құжаттарын есепке алудыжүргізеді.
  4. ЖІК ұйымдастыратын және өткізетін іс-шаралар туралы факультеттер кафедра және студенттеріне хабарлауға және ақпараттытаратуға.
  5. ЖІК жұмысын жетілдіруге арналған ұсыныстардықабылдауға.
  6. Жауапты хатшы ЖІК жұмысын және өзінің міндеттерін орындауды жақсарту мақсатында барлық мүмкіндікті материалды және ақпараттық құралдарды пайдалануға және ұсынуғақұқылы.

 

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ СЕКТОРЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ

БҰҚАРАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТ ЖҰМЫС СЕКТОРЫ

Студенттің жеке тұлға ретінде жан-жақты шығармашылықты мүмкіндіктерінің дамуына, жас ұрпақты рухани-адамгершілікті және маман ретінде қалыптастыруға бағытталған идеяларды басшылыққа алумен оның бойында мәдениетті құндылықтарды қалыптастырумен көркем шығармашылық әрекетке тартуға арналған.

Сектор міндеттері:

  1. Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи мұрасын, дәстүрлерін құрметтеу, азаматтық патриоттық, интернационалдық сезімдерді қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүзегеасырады.
  2. АГК студенттері арасында талантты және шығармашылықты жастарды анықтаумен, өзара қатынастар мәдениетіне арналған тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады, қоғамдық және шығармашылық қызметке белсенді студент жастарды тартады.
  3. Қызығушылықтар бойынша үйірмелер және клубтар жұмыстарын ұйымдастырады, олардың көркемөнер үйірмелеріне, фестивалдер, конкурстар және т.б. қатысуғадайындайды.
  4. Студенттердің интеллектуалды, рухани, адамгершілікті дамуына байланысты бағытталған дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесу және әңгімелесу және т.б. іс- шаралардыұйымдастырады.
  5. Мәдениетті-бос уақыт үрдісін жетілдіру және дамыту, сонымен бірге мәдени- демалыс іс-шаралар әдістемесін және мазмұнынының тиімділігін арттыру жәнеталдау.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУ СЕКТОРЫ

Белсенді студенттік жастармен құрылады және студенттердің ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер отырысы, ҚР мемлекеттік жастар саясаты саласындағы және қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік-саяси,экономикалық,мәдениетті өзекті мәселелері бойынша пікір-талас сайыстарына, жастар ұйымдары және бірлестіктер арасындағы өзара байланыстарды ұйымдастыру және осы іс-шараларға қатысу арқылы жүзегеасырылады.

Студенттік жастардың құқықтарын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, ҚР Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараны ұйымдастыру.

Діни экстремизмнің алдын-алу, студенттер арасында құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

Өзінің қызметін қалалық, облыстық Жастар бастамасы орталығының жұмысымен үйлестіреді.

Сектор міндеттері:

  1. Өзінің қызметін жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу, пікір-талас, дискуссиялы клубтарының жұмыстарын жүзеге асыру арқылы жүзегеасырады.
  2. Қызмет түрлерін жетілдіру және дамыту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында басқа оқу орындарымен жан-жақты байланыстыдамыту.
  3. Есепті құжаттарды тұрақты жүргізу, ақпараттық сектормен бірге өткізілетін іс- шаралар жайлы жедел ақпараттыұсыну.

 

САУЫҚТЫРУ-СПОРТ СЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір сүру салтының мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастырады.

Сектор міндеттері:

  1. Денешынықтыру, спорт және салауатты өмір сүру салтын насихаттауды ұйымдастыру.
  2. Денешынықтыру бірлестігімен бірге бұқаралық-спортты іс-шараларды жүзеге асырады.
  3. Зиянды әдеттер, девиантты тәртіп, қауіпті инфекциялардың алдын-алуға бағытталған насихатату іс-шараларынұйымдастырады.
  4. Ақпараттық сектормен бірге өткізілген іс-шаралар жайлы ортақ ақпаратты ұсынады.

 

«МЕЙІРІМ» ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Колледждің еріктілік орталығы Қазақстандық еріктілер қозғалысына студент жастарды тартуға арналған жағдайды жасайды, АГК еріктілер қозғалысын дамытады жәнебелсендіреді.

Еріктілік орталық қызметі:

  1. жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтар денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру және спортты дамыту, сонымен бірге қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа мақсаттарды жүзегеасырады.
  2. азаматтық ұстанымды, қоғамдық жауапкершілікті сезіну, қоғамда өзара көмектесу және мейірімділіктіқалыптастыру

Еріктілік орталық міндеттері:

  1. еріктілік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтар бастамасын қолдау және дамыту.
  2. халықтың әртүрлі санаты және әртүрлі мақсатты топтармен өзара байланысты еріктілер қызмет рөлін арттыруға арналған іс-шараларды әзірлеу және жүзегеасыру.
  3. студенттік ортада еріктілер идеясынтарату.
  4. еріктілер қозғалысын ұйымдастыру және кеңес беру, ақпараттандыру және әдістемелік қолдау.
  5. жоба іс-шараларын орындаушы – еріктілер тобын құру.

Еріктілік орталық қызметінің негізгі бағыттары:

  • студент жастар арасында салауатты өмір салтыннасихаттау;
  • әлеуметті маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әлеуметтік орталықтар және қызметтермен ынтымақтастықтыорнату;
  • колледждің еріктілер орталығы бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы студенттік ортада өздерінің қызметіннасихаттайды;
  • еріктілер қызметті жүзеге асыруға қызығушылық танытқан мемлекеттік және қоғамдық, коммерциялық ұйымдармен өзара әрекеттерді жүзегеасырады.

 

ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСАТ ЖҰМЫСТАР СЕКТОРЫ

Жастармен заманауи технологиялар негізінде тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз етеді, сонымен бірге студенттік жастардың жеке қасиеттерін дамыту және жүзеге асыру, қазақстандық қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады.

Сектордың негізгі міндеттері:

  • қоғамдық-патриоттық, саяси, адамгершілікті, этномәдениетті тәрбиелеуге арналған іс-шаралардыұйымдастыру.
  • толеранттылықты және т.б. қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік тілдегі іс- шараларды тілдер кафедрасымен біргеұйымдастыру.
  • қазақ ұлтының тілі және мәдениетіне, салт-дәстүріне мемлекетке, тарихқа қатысты құрмет негізінде студенттік жастар бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету.
  • жастар және қоғамдық бірлестіктер, жастардың қоғамды-саяси қызметін, қоғамды маңызды бастамаларынқолдау.
  • қоғам өміріне және т.б. жас азаматтардың қатысуынбелсендіру.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС СЕКТОРЫ

Құқықтық жұмыс секторы студенттік жастарға құқықты тәрбие беру үшін құрылған, сонымен бірге тәрбие жұмысының бағыттарының бірі келесі іс-шараларды өткізуді қарастырады:

  • студенттерді (кураторлық сағаттар шеңберінде) ҚР «Білім туралы» Заңы, Колледж Жарғысы,студенттердіңміндетіжәнеқұқықтары,студентжәнеоқытушының«Адамгершілік Кодексі», Ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
  • құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық жұмыстарды (кураторлық сағаттар шеңберінде), оның ішінде тақырыптық әңгімелесу және дәрістер, «дөңгелек үстелдер»,пікір-таластар сайыстарын және т.б.ұйымдастыру.
  • «Қазақстан-2050» Стратегиясын және Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған тақырыптық іс-шаралар.
  • ай сайын ақпараттық құқықтық бюллетендіәзірлеу.

 

АҚПАРАТТЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ СЕКТОР

Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерін ЖІК қызметінің барлық бағыттары бойынша уақытында ақпараттандыру, әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде ақпаратты-техникалық көмекті жүзеге асыру үшін құрылған.

Сектор міндеттері:

  1. Басқа жастар ұйымдарымен, жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен байланыстардыорнату.
  2. ЖІК Кеңесін байланыстар жағдайы, мүмкіндікті әріптестік, достық байланыстар, АГК ЖІК жастардың өзекті мәселелерін практикалық шешуге арналған жүзеге асырылатын фестивальдер, ғылыми, спорттық және т.б. іс-шаралар жайлы ақпараттарды хабарлайды.
  3. Ақпараттық (хабарландыру, газет және т.б.) басылымдарды басуды жүзеге асырады.
  4. АГК студенттері арасында талантты және шығармашылықты жастарды анықтаумен, өзара қатынастар мәдениетіне арналған тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырады, қоғамдық және шығармашылық қызметке белсенді студент жастарды тартады.
  5. Қызығушылықтар бойынша үйірмелер және клубтар жұмыстарын ұйымдастырады, олардың көркемөнер үйірмелеріне, фестивалдер, конкурстар және т.б. қатысуғадайындайды.
  6. Студенттердің интеллектуалды, рухани, адамгершілікті дамуына байланысты бағытталған дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесу және әңгімелесу және т.б. іс- шараларды ұйымдастырады.
  • Буреш Елена
    Бк-201

  • Ерланова Жулдызай
    Шт-305

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

  • Утегенова Сымбат
    Од-105

  • Әбдіжәлел Гүлден
    Мк-305

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс