Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерінің ар-намыс кодексі

  1. Жалпы ережелер

       Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерінің Ар-намыс кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарына сәйкес олардың мінез-құлқының негізгі принциптері мен жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын анықтайды.

  1. Студенттік кодекстің негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
  2. Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері Қазақстан Республикасының лайықты азаматы және өз Отанының патриоты болуға тырысуы қажет. Студенттер өздерін адал және лайықты ұстайды, өзара және үлкендер арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен өнеге талаптарын сақтайды, өзінде шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады;
  3. Студенттер өздерінің құрдастары мен үлкендерге құрметпен қарауы тиіс, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді, мүмкіндігінше оларды қорғайды;
  4. Студенттер адалдықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің үлгісі болып табылады, азғындықтың көрінуіне төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді;
  5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген білім, білік және дағдыны толық көлемде меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға міндетті;
  6. Дәлелді себеппен сабақ жіберген жағдайда өзі немесе ата-анасы арқылы оқу орнын хабардар етуі тиіс;
  7. Амбулаториялық немесе стационарлық емделгенде оқу орнына хабар беруге, соңынан жазбаша түрде растайтын құжатын көрсетуге міндетті;
  8. Колледж Жарғысын және Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және орындауға міндетті;
  9. Классикалық стильде киінуге (денесін жартылай ашып жүруге, хиджаб киюге, көзге анық түсетін сәндік бұйымдар мен косметикалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады) міндетті;
  10. Студенттер салауатты өмір салтын қолдайды және зиянды әдеттерден толығымен бас тартады;
  11. Колледж студенттері білім беру мекемесінің тәртібін құрметтеуі, оның мүлкін ұқыпты ұстап, тазалық пен тәртіпті қадағалауы, оқу орнында және жатақханада тұруға қалыпты жағдай жасауға қатысуға міндетті;
  12. Әскери есеп ережесін сақтауы тиіс;
  13. Оқу процесі кезінде студенттер тек оқу әрекетімен айналысуға және сабақтың өтілуіне кедергі жасамай, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне құрмет көрсетуге және студенттермен сыпайы қарым-қатынас жасауға міндетті;
  14. Студенттерге білім беру мекемесінің аумағына кез келген мақсатта қару, жарылғыш немесе өртенгіш заттар, газды шынылар, спирттік сусындар, темекілер, есірткілер, тағы да басқа есеңгірететін немесе улы құралдар, оқу қызметіне қатысы жоқ және айналасындағы адамдардың денсаулығына зақым келтіретін заттар алып келуге тыйым салынады;
  15. Білім беру мекемесінің аумағында темекі шегуге тыйым салынады;
  16. Әдепсіз сөздер мен қылықтар қолдануға тыйым салынады. Студенттер ара қатынасты анықтау үшін ешқашан физикалық (дене) күш көрсетпейді және дөрекі сөздер қолданбайды. Дене күшін көрсету адамның абыройын қорлайды және аталған әрекетке  үзілді-кесілді тыйым салынады;
  17. Студенттер шығармашыл белсенділікті дамытуға (ғылыми-білімді, спорттық, көркемдік және т.б.), бірлескен мәдениет пен білім беру ұйымының беделін көтеруге бағытталған әртүрлі әрекеттің қажеттілігі мен пайдалы екендігін мойындауы қажет;
  18. Білім беру мекемесінен тыс жерде студенттер сол білім беру мекемесінің өкілі болып табылатындығын әрқашан есте сақтауы тиіс және оның абыройы мен беделін түсіріп алмау үшін барлық  күшін салып әрекет етуі қажет;
  19. Студенттер білімді бақылау шаралары (мәнжазбалар, курстық, бақылау, дипломдық және басқа жұмыстар) барысында өз еңбегінің нәтижесінің сапасын көшіру немесе басқа тұлғалардан, Интернет-ресурстарды қоса алғанда көмек сұрау; жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды қолдану; қыдыру, кешігу және дәлелсіз себептермен сабақ жіберу сынды академиялық жат қылықтардың барлық түрлерімен күресуі қажет;
  20. Аталған Кодекс білім беру мекемесінің барлық студенттерімен міндетті түрде сақталуы тиіс;

Осы Кодексті бұзған студенттер жауап береді

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Әбуталиева Айзат
    Бк-315

  • Смагулова Гулсая
    Шт105

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Келдикова Аружан
    Шт-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс