Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Мектепке дейінгі оқыту және көркем еңбек» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаңашыл ұстаз. Кәсіби маман. Шығармашылық жаңғыру» мамандық онкүндігі аясында «Оқытудың белсенді әдістері арқылы шығармашылықты дамыту» тақырыбында музыка пәнінің оқытушылары Нұржанат Салыкова мен Индира Кенжегалиева коучинг өткізді. Аталған іс-шарада оқытушылардың қатысуымен оқытудың белсенді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиялары көрсетіліп, сабақта пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алу және белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын айқындау жолдары көрсетілді.
2018 жылдың 13 қараша күні «Қазақ тілі және әдебиеті» және « Математика және физика» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Наменова Гүлсім Жұматайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету, әріптестерге әдістемелік көмек ұсыну арқылы кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.
152
ОҚЫТУШЫ
1200
СТУДЕНТ
421
ТҮЛЕК
81
ҮЗДІК ДИПЛОМ
Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru