ПОПС формуласы – аргументация және сыни ойлауды дамытатын, сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болатын әмбебап құрал. Бұл формуланы сабақта үнемі қолдану білім алушыларға өз ойларын құрылымдап, ұстанымдарын нақты білдіруге және оны сенімді дәлелдермен нығайтуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы 24 желтоқсанда Кт-405 тобында «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ әдебиеті әдістемесін қолдану» модулі бойынша «Кейіпкерге мінездеме беру» тақырыбында арнаулы пән оқытушысы Мухтарова Агипа Сагидуллаевнаның ашық сабағы өтті.
Сабақ «Төңкерілген сабақ» технологиясымен ұйымдастырылды. Сабақ барысында «ПОПС» формуласы, «Миға шабуыл», «Болжау» «Ментальды карта», «Семантикалық карта» секілді интерактивті әдістер қолданылды. Студенттер мектеп бағдарламасы бойынша «Күй аңызы», «Жусан иісі», «Жау тылындағы бала», «Менің атым- Қожа» шығармаларын мақсаттарына сәйкес талдап, кейіпкерлерге әртүрлі бағытта мінездеме берді, топтық, жұптық және жеке жұмыстар барысында белсенділік көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Сабақтың кезеңдерінде педагогика,психология және өмірмен байланысты ойлар өрбіп отырды. Білім алушылар ПОПС формуласы арқылы креативті формада өздеріне мінездеме беріп, ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ «Мен таныған кейіпкер» әдісімен қызықты қорытындыланды.
Сабаққа қатысқан директордың орынбасарлары: Ескалиева С.Б., Акимова Г.М., Жамекова Б., бөлім меңгерушісі Құрманбекова А.Б., әдіскер Жаркаева Б.К. және оқытушылар сабақтың жоғары деңгейде өткенін және үлгілік сабақ болғанын атап өтті.
Директордың ҒӘЖЖ орынбасары