2025 жылғы 13 қаңтарда ғылыми-әдістемелік жұмыстар бағыты бойынша «Оқытушыны қайта жүктеу: жаңа идеялар энергиясы» семинарлар сериясы аясында, «DOODLING, жобалық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумды ұйымдастырған: шығармашылық топ мүшелері, арнайы пән оқытушылары А. Ильясова, Ж.Төрежанқызы және үздік педагог, арнайы пән оқытушысы Ж.Адилова. Мақсаты: оқытушыларды интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім беру процесін жаңғыртуға, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Шара соңында оқытушылар өз қоржындарын жаңа әдістермен толықтырып, қажетті ақпарат алғандықтарын айтты.