Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.
2023-2024 оқу жылының екінші жартысы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, денсаулығына байланысты мүгедектігі бар студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.
Құжаттар тізбесі:
1. Белгіленген нысандағы өтініш;
2.Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3.Туу туралы куәлік – көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі туылған жағдайда) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4.Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
5. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін немесе психологиядық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
6. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын ақпарат;
7. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Әлеуметтік педагог: Айсұлтанқызы Мәдина
Байланыс телефоны: 8776-206-78-33