Жұма, 26 Қараша 2021 09:00

"Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері" тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

     2021 жылдың 24 қарашасы күні Ақтөбе гумантарлық колледжі "Қазақ тілі және әдебиеті " оқу-әдістемелік бірлестігі және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Қазақ филологиясы"кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері" тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Қазақ филологиясы" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарағұлова Балгенже , "Қазақ филологиясы" кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Әлия Ұлықпанова, сонымен қатар колледж оқытушылары мен жоғары курс студенттері қатысты.
Семинар мақсаты - оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, тәжірибе алмасу, әріптестік серіктестікті, ынтымақтастықты нығайту.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы Мұхтарова Ағипа "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы" тақырыбында ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажеттігі, оқу үдерсінде АКТ құралдарын қолданудың тиімділігі туралы баяндады.
"Қазақ филологиясы" кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ұлықпанова Әлия "Оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері" тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Бейне сабақ түсіру, тест құрастыру, түрлі компьютерлік бағдарламаларды қолданудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында оқытушылар оқу үдерісінде ақпараттық технологяларды қолдану - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал екендігін, осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқаратындығын, семинардан үйренгендері көп екендіктерін айтып, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.
Колледж оқытушылары Мұхтарова Ағипа мен Аманова Нұргүл ұйымдастырған әдістемелік семинардың әріптестеріне бергені мол болды.

  

 
Оқылды 330 рет
  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Аймұрза Зейнеп
    Мк-105

  • Қалисина Аружан
    Ктх-305

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Асылбекқызы Тұмар
    Бк-305

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс