Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Картанова Айнұр Әбдіхалыққызы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысты. Бұл конкурс «Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 355 бірлескен бұйрығы негізінде ұйымдастырылды. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсында жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған әріптесіміз Айнұр Әбдіхалыққызын құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.