Жұма, 02 Сәуір 2021 11:02

«Заманауи ұстаз бейнесі және білім берудегі модернизация»

     2021 жылдың 2 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Педагогика және психология» оқу – әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикалық деңгейде «Заманауи ұстаз бейнесі және білім берудегі модернизация» тақырыбында онлайн форматта семинар өтті.
Республикалық семинарды Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна колледжінің әдістемелік бағыттағы жұмыстары мен алдағы жоспарларына шолу жасай келе, әріптестеріне сәттілік тілей отырып ашты.
     Педагогикалық ғылымдар саласында оқу үдерісін модернизациялаудың өзекті мәселелерін, Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беруді жаңартудың өзектілігін, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын педагогикалық тәсілдер және мұғалім құзыреттілігі, болашақ заманауи мамандарды даярлауда мән берілетін тұстарын анықтау, зерделеу мақсатындағы семинарға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық        Жоғары колледжінің оқытушылары және Ақтөбе облысы колледждерінің әдіскерлері қатысты. Педагогикалық ғылымдар саласында оқу үдерісін модернизациялау және білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беруді жаңарту, оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын педагогикалық тәсілдер бойынша Амандыкова Назира Дүйсенбайқызы, Султанова Марина Орынбасаровна, Қожабергенова Айтжан Кайдаровна, Болатбекова Қарлығаш Садықовна, Зікір Гүлжазира Гаусылағзамқызы, Оразымбетова Жадыра Ормановна, мұғалім құзыреттілігі, болашақ заманауи мамандарды даярлауда мән берілетін тұстарын анықтау, зерделеу мәселелері бойынша Алдамжарова Жайрангул Сатыбалдиевна, Бермаганбетов Сандибек Кенесович, Сахиева Молдир Ерназарқызы өз іс -тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар өте мазмұнды өтті, соңында сұрақ-жауап пен пікір алмасып, қорытынды жасалды. Семинарда талқыланған мәселелерден педагог даярлап отырған оқу орны оқытушыларына берері мол болды.

  

 

Оқылды 968 рет
  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Болатова Мадина
    Шт-105

  • Мұханбетқалиева Гүлзат
    Р-215

  • Маширикова София
    Бк-401

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс