Жұма, 02 Сәуір 2021 10:22

Шангалаева Рабига

     «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» -деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай мамандардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап, сабырлы мінезімен, аналық жүрегімен, шәкірттерін игілікке, имандылыққа, үлкен білім жолына тәрбиелеп, өз ісінің адал маманы Шангалаева Рабига 1965 жылдың 3 қаңтарында Атырау облысы, Қызыл қоға ауданы, Сағыз стансиясында өмірге келген.
     1972 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ш.Берсиев кеңшарында мектеп табалдырығын аттап, 1982 жылы орта мектепті бітірген. 1983 жылы өзі бітірген мектепте аға пионерь вожатый болып еңбек жолын бастап, 1987 жылы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1991 жылы бітіріп «Мектепке дейінгі педагогика , психология пәні мұғалімі» мамандығын алып шықты.
     1991 жылы жолдамамен Ақтөбе педагогикалық училищесіне жұмысқа орналасып еңбек жолын бастады. 2000-2005 жылы кафедра меңгерушісі, 2005-2008 жылы аралығында директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарады.
Шангалаева Рабига - ұдайы өз білімін жетілдіріп отыра, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын тиімді пайдалана білетін білікті де білімді маман. Әр студентке білім мен ілім беріп қана қоймай , өмірілік ұстанымдары мен болашаққа сенімді қалыптастырып келе жатқан , көптеген тұлғалардың кәсіби мансабына жол ашқан қасиетті қара шаңырақтың ұстазы. Педагог өз білімі мен тәжірибесін көпке ортақ етуде де алдыңғы лекте жүретінін дәлелдей білді. Республикалық және облысымыздағы мектепке дейінгі ұйымдардың маман даярлайтын оқу орнындағы әріптестері мен ұйым тәрбиешілеріне үнемі әдістемелік көмек көрсету бағытында талмай еңбек етіп келеді. Еңбегі еленіп , облыстық білім басқармасы «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы», Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
#қажырлыеңбек
#выдающийсяуспех

Оқылды 923 рет
  • Насрединова Айжан
    Бк-401

  • Нәбиева Назкен
    Сб-305

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Нургалиева Гүлбақыт
    Мк-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс