2021 жылдың 3-ақпанында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті оқу-әдістемелік бірлестігінің мамандық онкүндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының Бк-105 тобында «Қазақ тілі» пәнінен Гүлсім Наменова Жұматайқызының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқытушы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді «Миға шабуыл», «Денотатты граф», «Ашық, жабық, интерпретациялық сұрақтар», «Серпілген сауал» әдістерін қолданды. Сабақта мәтінге түсінік бере отырып, тезистің ерекшелігіне талдау жасалды. Студенттер кері байланыс жасалып, чек-парағы критерийлеріне сәйкес бағаланды.
Сабақ мақсаты бағалау критерийлеріне орай алынып, сабақ мазмұнында көрініс тапты. Студенттердің белсенділігі жоғары болды. Әріптестерінің сабақта үйренері мол болды.