«Жаңартылған білім мазмұны –заман талабы» мамандық онкүндігі аясында
2021 жылдың 04 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік бірлестік оқытушысы Мухтарова Агипа Сағидуллина Балалар әдебиеті пәнінен «І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдері «Миға шабуыл», «Сандар сөйлейді» ,«Серпілген сауал», «Теңгерім дөңгелегі», «Жалғасын тап», «Таза тақта» әдістерін тиімді қолдана отырып, суреткердің балалар әдебиетіне тән шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәніне нақты тоқталды. Өлеңдерін негізгі тақырыптарға топтастырып, мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі танымдық мәнін ашты.
Студенттермен кері байланыс жасалып, чек- парағы критерийлеріне сәйкес бағаланды. Білім алушылар сабақтың өн бойында жоғары белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісті.
Қатысушы әріптестер тарапынан сабақтың ұйымдастырылуы жоғары өткендігі аталып, өз ризашылықтарын білдірді.