2021 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қолдауымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онлайн-форматта Республикалық педагогикалық оқулар өтті.
Педагогикалық оқу ТжКБ білім беру кеңістігіне "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасының принциптері мен әдістерін тиімді енгізу түсінігін тереңдету бағытында ұйымдастырылды.
Аталған шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінен директордың оқу-әдістемелік ісі жөнінің орынбасары Б.М.Жамекова және «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары И.П.Умарова, Б.К.Жаркаева, Н.Т.Токсанбаев, С.Ж.Мураталиева және А.А.Тулеуовалар қатысты.
Педагогикалық оқулар төмендегідей негізгі тақырыптарды қамтыды.
I. Болашақ маманның рухани-адамгершілік дамуының гуманистік негіздері (өзін-өзі тануды арнайы пәндер мазмұнына интеграциялау).
II. Заманауи жағдайда "Өзін-өзі тану" рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбие мен білім беру жүйесін жетілдіру (өзін-өзі тануды жалпы білім беру пәндерінің мазмұнына интеграциялау).
III. Өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік дамуының негізі ретінде (өзін-өзі тануды тәрбие процесінің мазмұнына интеграциялау).
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған оқуда «Өзін-өзі тану және арнайы пәндер» оқытушысы Ирина Петровна Умарова спикер ретінде Өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік дамуының негізі ретінде (өзін-өзі тануды тәрбие процесінің мазмұнына интеграциялау) 3-секциясында «Общечеловеческие ценности- основа формирования будущего педагога» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, құнды да мазмұнды жасалған баяндамаға ұйымдастырушылар тарапынан оқу орны әкімшілігіне және оқытушыға өз ризашылықтарын білдірді.