Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 10:00

«Критериалды бағалау – білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі»

       2021 жылдың 04 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледіжінің «Педагогика және психология» оқу-әдістемелік бірлестігі оқытушылары, магистрлері Булебаева Райгүл Тынышбаевна мен Султанова Марина Орынбасаровна Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі «Педагогика, психология, өзін-өзі тану және жеке пәндер әдістемесі» оқу-әдістемелік бірлестігі ұйымдастырған «Критериалды бағалау – білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі» атты аймақтық семинарда ТжКБ ұйымдарында балдық-рейтингтік бағалауды жүзеге асырудың тиімділігі мен ерекшеліктері туралы өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
       Аймақтық семинарға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің пән бірлестік жетекшілері, оқытушылар, студенттер және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары қатысты.
Семинар барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының оқу–әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Жамекова Бибигуль Мустафиевна студенттердің оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік жүйесін колледжде қолдану бойынша тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарға тоқталып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
       Булебаева Райгүл Тынышбаевна «БЛУМ таксономиясына сәйкес педагогика пәнінен бағалау критерийлері мен тапсырмалары» тақырыбында ойлау мен танымның деңгейлеріне негізделген критерийлер және соған сайкес тапсырмалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен жолдары туралы өз іс –тәжірибесін көрсетті.
      Султанова Марина Орынбасаровна «Психология пәнінен жаңаша бағалау критерийлерін қолдану» тақырыбында қазіргі таңдағы жаңаша бағалауда критерийлердің маңызын көрсете отырып, іс- тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушы оқытушылар мен студенттер бағалау тұрғысындағы өз пікірлерімен бөлісе отырып, көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында қатысушы спикерлерге ынтымақтаса жұмыс жасауда белсенділігі мен тәжірибе алмасудағы озық идеялары үшін арнайы Сертификат табысталды.

 

Оқылды 875 рет
  • Жұбанова Ұлжан
    Р-215

  • Әлуова Гүланар
    Шт-305

  • Иманов Аманбек
    Од-205

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Амиядин Гүлдана
    Мд-410

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс