Шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жарыкова Сания Тулеуовна, «Оксана» украиндердің этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Долженко Роза Рафиковна және басқа да қонақтар қатысты. Дөңгелек үстел барысында колледж директоры Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы мемлекет жанынан құрылған бұл ұйымның қызметі мемлекет және азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, этностардың мүддесін қорғау, Қазақстан халқын ортақ мақсаттарға біріктіру екенін айтты. Және Ассамблеяның этно-мәдени бірлестік өкілдері өздерінің бағыттары мен мақсат-міндеттерін түсіндіріп, бірге жұмыс жасауға шақырды. Бірнеше ұлт өкілдері білім алатын колледжіміздің студенттері Марченко Лариса, Скворцова Вика «Татулығын жырға қосам ұлттардың» тақырыбында көркем сөз, «Қазақстан сан ұлттың шаңырағы» тақырыбында баяндама оқыды. Ұлттар арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуын атап өту эстафетасы Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжіне тапсырылды.