Колледждің және Нұр Отан партиясы қалалық филиалы “Құрмет'' БПҰ жоспарына сәйкес өткізілген шара қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүректеріне жылулық ұялатты. “Құрмет'' бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұргүл Молдабайқызы қарияларды алда келе жатқан 1-наурыз алғыс айту күнімен құттықтап, зор денсаулық тіледі және ұжым қызметкерлеріне алғысын білдірді. Би билеп, ән шырқап, риза болған қарттар үйінің тұрғындары өнерлі жастарға шексіз алғысын білдіріп, батасын берді. Өмірде жақсылық жасауға әрдайым жағдай табылады. Мына әлем біз бен сіздің мейірімділігімізге зәру. Мейірімділік пен жақсылық жасаудан жалықпау керек. Мейірімділік — өмірдің мәні.