Қатысушылар: КТХ-205, ҚТ-105 топтары.
Ұйымдастырушылар: колледж кітапханасы, «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» , «Қазақ тілі және әдебиеті» пән бірлестіктері.
Іс-шара мақсаты: жастарға жергілікті ақындардың поэзиясын насихаттау. Ақын Қалдина Гүлжайнардың шығармашылығы мен өмір жолын таныстыра отырып,болашақ мамандардың кәсібін жетілдіру және олардың шығармашылық қабілеттірін дамыту. Өмірі жырға толы қаламгермен сұхбаттасып, өмірінен, шығармашылығынан қызықты әңгімелер естіп, жастарға үлгі боларлық сұхбат өткізу.
Кеш барысында ҚТ-105 тобының студенті ақынға Әбдіғали Жанерке «Арнау» өлеңін тарту етті. Сонымен қатар, ҚТ-105,КТХ-205 тобының студенттері Сағиғалиева Гүлбану, Шалабаев Жанмейірім, Қалисина Аружан, Сапабекова Гүлназ, Спан Айкөркем, Қайрошова Әсем ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш қонақтары ақынның шығармашылығы туралы ойларымен бөлісті.
Шара соңында ақынның лирикалық өлеңдеріне бейнероликтер түсіріліп, көрсетілді.