Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2020 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе облыстының полиция департаментінің кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ж.Ж.Нысаналин, Ақтөбе қаласы Астана ауданының полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция капитаны А.К.Аккалжанов, №1 қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Т.Х.Рахметов және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Қ.Ү.Баяновпен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу кеші өтті.
Заң өкілдері облысымыздың көлемінде орын алған жағдайлармен таныстыра өтіп, әрбір азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау екендігін айтты. Студенттер назарына заңды білмеу құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі, оны бұзу жауапкершіліктен босатпайтындығын түсіндірді.
Error
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу