Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2020 жылдың 7 ақпан күні «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының негізгі бағдарламалық құжаттарының бірі болып табылатын 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның өз мәресіне жетуі және 2025 жылға дейінгі «Жастар Отанға» жаңа бағдарламаны орындау барысында студент жастармен кездесу кеші өтті.
Кеш қонағы «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы Асылжан Бүркіталин студенттермен ашық пікірлесіп, ұсыныстары мен тілектерін тыңдауға және оның орындалуы бойынша бірігіп күш салуға әзір екенін жеткізді. Сонымен қатар, «Үмітің үзілмесін» қайырымдылық клубының төрағасы Жолдыбаев Мейрамбек волонтерлық қызмет туралы ақпаратпен бөлісті.