Сенбі, 29 Ақпан 2020 07:46

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...»

Бүгін, 6 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» тақырыбында танымдық шара өтті. Шараға Ресей Федерациясы Орынбор қазақ диаспорасының өкілдері, Облыстық Тілдер басқармасының мамандары мен колледж оқытушылары, студенттер қатысты.

 

Колледждің «Кт-105»-топ студенттері ақынның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа мәнерлеп оқып, «Шт- 305»- топ студенттері «Ұлы ақындар үндестігі» тақырыбында қойылым қойды.

  

«Мәдениет және саз» бөлімінің қыз балалар хоры ақынның «Желсіз түнде жарық ай» , «Сб-315»- топ студенті Шоқанова Ару «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.

 

Колледждің жас ақындары Абайға арнаған өз өлеңдерін оқыды. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын құндылық. Олай болса, бүгінгі шараға қатысқан студенттеріміз сол құндылықты бойларына сіңірулеріне мүмкіндік берілді.

Оқылды 1897 рет
  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

  • Нәбиева Назкен
    Сб-305

  • Ермекова Мөлдір
    Мк-105

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Оспанқызы Сандуғаш
    Сб-115

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс