Мақсаты: Полифониялық және гомофонды-гармониялық құрылымда жазылған шығарма түрлерінің орындау ерекшеліктеріне сай студенттерге мәнерлі-нақышты тәсілдердің жолын тауып, мәнерлі орындаушылық шеберліктерін меңгерту. Шебер-класта ұйымдастырушылар студенттердің аспапта орындаушылық қабілеттілігін дамыту,бірнеше әр түрлі әуендерді бір жүйеге бағындыру,әр әуеннің жекелеген сөйлем құрылымын орындау барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Әуеннің түрлерін,ерекшеліктерін ажырату мақсатында жекелеген студенттер түрлі шығармалар орындады.
Шара соңында әріптестер іс-шарадан алған әсерлері туралы ой толғап, жылы лебіздерін білдірді.