Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:57

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мектеп оқушыларына арналған алғашқы «Ашық есік» күні өтті.

Шараның мақсаты: оқушыларға кәсіптік бағдар беру, заман талабына сай мамандық таңдау мүмкіндіктерімен таныстыру.Кездесуге қаламыздағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №35 және №36 орта мектебінің оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. «Бастауыш білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада оқытушылар мамандықтарға презентация жасап, болашақ талапкерлерге колледжге түсу тәртібі, талабы, оқу жүйесі және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы мәлімет берсе, білім алушылар студенттік өмірдің жақсы жақтары мен мүмкіндіктері жөнінде, өздерінің колледжді не үшін таңдағандары туралы ойларымен бөлісті. Сондай- ақ мектеп оқушылары колледж туралы бейнебаян тамашалап, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, тренинг ұйымдастырылды.

 

Әр аптаның сенбі күні колледжде «Ашық есік» күні ұйымдастырылатынын айта отырып, мектеп оқушыларын мамандықтар туралы презентациялар тамашалауға, тренингтерге қатысуға шақырамыз.

Оқылды 1606 рет
  • Губайдуллина Нұрия
    Бк-301

  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Асылбекова Рауза
    Бк-305

  • Үмбетбаева Жулдыз
    Мд-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс